Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

  • Дата публикации: 14/06/2018 - 11:49
    Мазмұны:
    2018 жылғы 12 маусым күні облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемовтің төрағалығымен облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті. 
    Комиссия отырысында Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан келіп түскен 27 көше мен 17 нысанға атау беру мен қайта атау туралы ұсыныстар қаралды. 
    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ономастика саласында идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанған атауларды  тарихи жер-су атаулары мен ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгертуге рұқсат етіліп, объектілерді, әкімшілік-аумақтық бірліктерді және олардың құрамдас бөліктерін кісі есімімен атауға немесе қайта атауға шектеу қойылған.
    Бүгінгі күні ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан аталған тапсырмаларды сақтау қатаң ескертілген. Сондай-ақ, нысандарға атау беру туралы ұсыныстар бірінші кезекте  ҚР Президенті Әкімшілігінен келісім алу арқылы жүргізіледі. 
    ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерінің жобасын әзірлеген. Алдағы уақытта объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде аталған атаулар тізбесі басшылыққа алынады. 
    Облыстық ономастика комиссиясына келіп түскен ұсыныстарды қарау барысында жоғарыда аталған тапсырмалар басшылыққа алына отырып, шешім қабылданды. Жұмысшы орган - облыстық ішкі саясат басқармасы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысын Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне жолдап, оң қорытынды берілген нысандар бойынша ұсыныстар облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне енгізілетін болады.  
     
  • Дата публикации: 08/06/2018 - 10:20
    Мазмұны:
    2018 жылғы 6 маусым күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» облыстық байқауы өтті.
    Байқаудың мақсаты - мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, беделін арттыру және мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерін ынталандыру.
    Аталмыш байқауға облыстық басқармалардың, қалалық, аудандық әкімдіктердің қызметкерлерінен құралған 9  команда қатысты.
    Атап айтқанда, Арал ауданы әкімдігінің «Тіл жанашырлары», Қазалы ауданы әкімдігінің «Жанкент», Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы», Қармақшы ауданы әкімдігінің «Руханият», Қызылорда қаласы әкімдігінің «Бірлік»,  Қызылорда облысының білім басқармасының «Жәдігер», Жаңақорған ауданы әкімдігінің «Рухани жаңғыру», Шиелі ауданы әкімдігінің «Тіл – татулық тірегі» және Сырдария ауданы әкімдігінің «Сыр саңлақтары» командалары қатысты.
    Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т. Маханов ашып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
    Байқау барысында қатысушы командалар 3 тапсырма бойынша сынға түсті.
    1. «Сәлемдесу». Командалар өздерін өлең-жырмен, қара сөзбен жан-жақты таныстырды, музыкалық аспаптар қолдануы (ақындық, әншілік, шешендік қабілеттерін көрсете білуі) қошталды; 
    2. «Қазақ сөзі». 
    - командалар мемлекеттік тіл туралы басталған қанатты сөздерді аяқтады;
    - тілдерді дамыту саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер туралы сұрақтарға жауап берді; 
    3. «Үй жұмысы». «Мәңгілік ел – Мәртебелі тіл» тақырыбында командалар музыкалық және театрландырылған қойылымдарды көрсетті.
    Талапкерлердің өнерін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Абасилов Аман Мәделханұлы бастаған әділқазылар алқасы бағалады. 
    Байқаудың сарапшылары үміткерлер өнерін бағалау кезінде сөйлеу мәдениетіне, атаулар мен қанатты  сөздердің дұрыс айтылуына, жауаптың толықтығы мен нормативтік құқықтық актілерді білуіне, сахналық образына баса назар аударды.
    Байқау қорытындысымен Қызылорда қаласы әкімдігінің «Бірлік» командасы 1-орынды жеңіп алса, 2-орынға Жаңақорған ауданы әкімдігінің «Рухани жаңғыру» командасы, 3-орынға Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар орталығы» командасы ие болды.
    Қазалы ауданы әкімі аппаратының «Жанкент», Қызылорда облысының білім басқармасының «Жәдігер» және Сырдария ауданы әкімі аппаратының «Сыр саңлақтары» командалары ынталандыру сыйлығын  иеленді.
    Жеңімпаз командаларға дипломдар мен кубоктар табысталды.
     
  • Дата публикации: 05/06/2018 - 16:20
    Мазмұны:
    ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейі жыл сайын осы ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде анықталып отырады. Мемлекеттік бағдарламада ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 және С1 деңгейлерінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі бойынша арнайы нәтижелі көрсеткіштер қарастырылған. Көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында облысымызда жыл сайын диагностикалық және сертификаттық тестілеулер өткізіліп келеді. 
    Биылғы жылы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы «ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп 200 адамды сертификаттық тестілеуден өткізуді жоспарлады. 
    2018 жылғы 23-24 сәуірде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу ұйымдастырылып, оған мемлекеттік тілді оқыту курсынан және ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша семинар-тренингтерден өткен мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілерінен, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлерінен барлығы 100 адам қатысты. 
    Сертификаттық тестілеудің қорытындысымен сынаққа қатысқан 100 адамның 84-і, атап айтқанда В1 деңгейі бойынша 64 адам, В2 деңгейі бойынша 12 адам, С1 деңгейі бойынша 8 адам жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, ҚАЗТЕСТ сертификатын иеленді. 
    2018 жылғы 4 маусымда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімдігінің баспасөз-клубында ҚАЗТЕСТ сертификаттарын тапсыру рәсімі өткізілді. 
    Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының орынбасары Г. Исмаилова облыс әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың, облыстық тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлеріне ҚАЗТЕСТ сертификатын салтанатты түрде тапсырды. 
    Жыл барысында Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мусаева ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша облысымызда ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар жайлы атап өтіп, сертификат алушыларды құттықтады.  
     
  • Дата публикации: 31/05/2018 - 16:33
    Мазмұны:
    2018 жылғы 29 мамырда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында жастардың қазақ әдебиетіне, мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, өскелең ұрпақтың рухани жан-дүниесін байыту, жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Рухани жаңғырудың тірегі – ұлттық тіл» атты ақын-жазушылармен кездесу кеші өткізілді.  
    Шараға Сыр бойының белгілі ақын-жазушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент-жастары, тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
    Әдеби кешке ақын, сценарист, жастар театрының режиссері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов, ақын-сазгер Өтемұрат Зияев, ақын, республикалық және халықаралық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Ержеңіс Әбдиев қонақ ретінде шақырылды.
     Әдеби кешті «Сыр дидары» газетінің бас редакторы, белгілі ақын, журналист Сәкен Алдашбай жүргізді. 
    Кеш барысында М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжі және «Болашақ» университеті колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып жатқан студент-жастары мен ақындар арасында емін-еркін сыр-сұхбат жүргізілді. Жастар әдебиет пен өнер, ақындық пен сазгерлік жайлы көкейде жүрген сұрақтарын қойып, оларға тұшымды жауаптар алды. Сыр бойы ақын-жазушыларының шығармашылығы, ана тіліміздің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі, сазгерлер мен ақындардың өзара байланысы жайлы да сөз кеңінен қозғалды. Кеш барысында жастар Е. Әбдиевтің «Ана туралы» және О. Нұрмахановтың «Көктем едің» т.б шығармаларын мәнерлеп оқыды. 
    Студент-жастарға арнап ақын-сазгер Ө. Зияев «Жыр сандығын ашайын» термесі мен «Былғары қолғап», «Тоғызқұмалақ» әндерін орындап берсе, ақын, сценарист О. Нұрмаханов «Иттер үреді», «Көктем» өлеңдерін оқып берді. 
    Кеш соңында ұйымдастырушылар тарапынан қонақтарға Ш.Айтматовтың «Тау құлаған» кітабы сыйға тартылды. 
     
  • Дата публикации: 24/05/2018 - 16:37
    Мазмұны:
    2018 жылғы 23 мамырда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үштілділікті насихаттау, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген  мемлекеттік қызметшілерді анықтап, қолдау мақсатында «ТІЛ ШЕБЕРІ -2018» облыстық байқауы өтті.
    Байқауға 21 мен 29 жас аралығындағы жас мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері қатысты. 
    Байқау барысында қатысушылар байқаудың «Мәдениеттаным» деп аталатын бөлігінде қазақ халқының салт дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап берсе, «Ұлттаным» бөлігінде қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап берді.  
    Ал, үшінші «Өнертаным» деп аталатын бөлігінде үш тілде берілген жаңылтпашты 3 рет айтудан сынға түсті және үй тапсырмасын (ән айту, қазақтың белгілі ақын-жазушыларының шығармаларынан үзіндіні жатқа оқу) орындады.
    Талапкерлердің білімін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Абасилов Аман Мәделханұлы басқарған қазылар алқасы бағалады.
    Байқаудың сарапшылары үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың тілдерді меңгеру деңгейіне, жауаптың орамдылығы мен сапасына, мазмұндылығы мен ерекшелігіне, үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне, сахналық мәдениетіне, киіміне баса назар аударды
    Байқаудың қорытындысы бойынша Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының әдіскері Н. Бердібек І орынды жеңіп алса, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы  Г. Тайғараева ІІ орынды, Қызылорда қалалық білім бөлімінің қызметкері Ж. Рахметулла ІІІ орынды иеленді.
    Сондай-ақ, Қызылорда облысының Статистика департаментінің маманы Ж. Буксукбаев, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері Ғ. Бағланқызы және Сырдария аудандық Оқушылар үйінің үйірме жетекшісі Ш. Есмағанбетова ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
    Байқау жеңімпаздары Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.  
     
  • Дата публикации: 24/05/2018 - 16:20
    Мазмұны:
    2018 жылғы 18 мамыр күні Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығының ұйымдастыруымен қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.
    Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған  аудандары мен Қызылорда қаласынан іріктеу турынан өткен жоғары сынып оқушылары және жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 14-22 жас аралығындағы 17 талапкер қатысты. 
    Байқау ережесіне сәйкес талапкерлер белгілі қазақ, орыс ақын-жазушыларының  көркемдігі жоғары прозалық және поэзиялық шығармаларынан жатқа үзінді оқыды.
    Байқауға қатысушыларды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Сәрсенова Дариха Үмбетайқызы бастаған қазылар алқасы бағалады.
    Байқаудың сарапшылары үміткерлердің өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахналық және оқу шеберлігіне, сондай-ақ, сахналық киім мәдениетіне баса назар аударды. 
    Байқау қорытындысы бойынша Сырдария ауданындағы №36 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Амангелдиев Хантемір І орынды жеңіп алса, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласындағы №272 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ғалымжанова Айдана және Қызылорда қаласындағы №257 орта мектептің 8-сынып оқушысы Теңізбай Арайлым ІІ орынды, ал «Абылайхан» атындағы жоғары колледжінің 1-курс студенті Есенгелдиев Елдар, Қызылорда қаласындағы №187 орта мектептің 9-сынып оқушысы Санақұлова Аружан, Жаңақорған ауданындағы №163 орта мектептің 7-сынып оқушысы Икрам Нұрсұлтан ІІІ орынды жеңіп алды. 
    Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.
     
  • Дата публикации: 03/05/2018 - 08:59
    Мазмұны:
    Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 27 сәуірде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру» әлеуметтік жобасы аясында «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізілді.  
    Шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Астана, Алматы қалалары және облыстардағы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, филолог-ғалымдары, тіл жанашырлары, облысымыздың зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, білім және мәдениет саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.          
    Шара барысында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Тілдерді дамыту және қолдану басқармасының басшысы А.Қожабек, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры, ф.ғ.к. Е.Тілешов, Қорқыт Ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Б.Боранбай, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.д.  Ш.Бердібай, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Түркітану» ғылыми-зерттеу орталығының бас маманы, ф.ғ.д., профессор Қ.Молғаждаров, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, ф.ғ.д. Б.Сағындықұлы қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы, осы бағытта республикада, облысымызда жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғады. 
    Дөңгелек үстелді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. А.Абасилов жүргізіп отырды.
    Іс-шара соңында ғалымдар мен қоғам қайраткерлері латын әліпбиіне қатысты пікірталас тудырып, тілші ғалымдарға сұрақтар қойылды. 
     
  • Дата публикации: 03/05/2018 - 08:58

  • Дата публикации: 02/05/2018 - 12:50
    Мазмұны:
     
    Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында 2018 жылғы 23-26 сәуір күндері Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы мен аудандарда ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілерін диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өткізу ұйымдастырылды. Тестілеу жұмыстары жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» арқылы жүргізілді. 
    Тестілеу жұмыстарына Қызылорда қаласы мен облысы әкімдерінің аппараты, облыстық, аумақтық басқармалар, департаменттер, инспекциялар, қалалық және аудандық әкімдіктерге қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметшілері және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдары – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті, Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы департаменті, Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің қызметкерлері, орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары қатысты. 
    Жалпы, Қызылорда облысынан диагностикалық тестілеуге 750, сертификаттық тестілеуге 120 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкері қамтылды. 
     
  • Дата публикации: 02/05/2018 - 12:43
    Мазмұны:
    2018 жылғы 26 сәуір күні  С. Майқанова атындағы Мәдениет үйінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы  мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы»  қауымдастығының ұйымдастыруымен үштілділік саясатын іске асыруда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында насихаттау, үш тілді жоғары деңгейде меңгерген жастарды анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында «Тіл білгірлері - 2018» облыстық сайысы өткізілді.
    Сайысқа М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжі, «Болашақ» университетінің колледжі, «Қазанғап» атындағы Қызылорда  музыкалық колледжі, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжі, «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі, Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі, «Жас өркен» колледждерінің  студенттерінен құралған командалар қатысты.  
    Сайысқа қатысушылар төрт кезең бойынша сынға түсті:
     Бірінші кезең - «Таныстыру». Бұл кезеңде сайысқа қатысушылар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) топ мүшелерін, топтың логотипін, ұрандарын таныстырды; екінші - «Талаптыға нұр жауар» кезеңін топ мүшелері билет арқылы берілген тақырып бойынша үш тілде диалог жүргізді; үшінші - «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл кезеңде берілген мақал-мәтелдерде түсіп қалған сөздерді тауып, үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) аудармасын айтты; төртінші -Үй тапсырмасы. «Жеті жұрттың тілін біл» кезеңінде әр топ үштілділік жайлы дайындап келген көріністерін көрсетті.
    Сайыс қорытындысы бойынша І орынды М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінің «Көптілді ұрпақтар» тобы жеңіп алса, ІІ орынды Болашақ университеті колледжінің «Болашақ жалыны» және Абылайхан атындағы жоғары колледжінің «Көшбасшылар» топтары, ІІІ орынды Қызылорда гуманитарлық-экономикалық  колледжінің «Бейбітшілік» және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің «Қыран» топтары иеленді. 
    Сайыс жеңімпаздарына басқарманың дипломдары мен ескерткіш сыйлықтары тапсырылды.
     
Беттер

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика