Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2018 жылдың 
I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстарының  есебі
 
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Жыл басынан бері картаға 26 мәселе кенгізіліп, жыл көлемі бойынша 5 мәселе шешімін табуына байланысты бақылаудан алынды. 
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады. 
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылды.
Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 9 ақпараттық-насихаттық топ  (7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді.
Ақпараттық топтармен Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын өңірде ілгерілету, халық арасында түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында облыс бойынша 1324 шара ұйымдастырылып, 39720 тұрғын қамтылды.

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 92 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 83 баспа БАҚ (олардың ішінде 25-журнал, 58-газет). 

2018 жылғы I тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын   БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 

Интернет желісінде 16 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).

 Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2018 жылғы 8 қаңтарда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 164 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.

2018 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді.

Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 73 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан  24 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 5 баспасөз-туры ұйымдастырылды.

2018 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 109 212 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 80%-ын құрайды.

Дін саласы бойынша 

Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 181 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 170 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен. 

Нақтылар болсақ, облыстық ішкі саясат басқармасымен аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға  Республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырылды.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары аясында  26-29 наурыз аралығында ақпараттық-түсіндірме  топ мүшелеріне барлық аудан орталықтарында семинар-тренинг өткізілді.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 92 материал жарық көрді. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 20 материал, баспа БАҚ-та  37 мақала жарық көрсе, интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде  35 материал орналаcтырылды. 
 Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен есепті мерзімде 5 шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, есепті мерзімде 500-ден астам әлеуметтік желілердегі топтарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 77 топ ҚР Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 43 топқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолданған.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес  2018 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен   69 млн. теңге қаржы бөлінді.
Бұл бағытта жыл көлемінде іске асырылатын 6 жоба мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, қорытындысымен жеңімпаздар анықталды. 
Тіл саясатын іске асыруда басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Аталмыш мекемеге 2018 жылға қосымша 23 штаттық бірлік бөлініп, бүгінде облыс орталығынан бөлек 7 ауданда мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары жүргізілуде.
2018 жылғы 24-25 қаңтар күндері аудан бөлімшелеріндегі мамандардың қатысуымен «Тілдерді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізіліп, жалпы аудандарға    4389 кітап берілді.
31 қаңтарда «Тіл әлемі» порталына орталық мамандарының әзірлеуімен барлығы 5 сабақ жарияланды. Оның ішінде 2 сабақ мемлекеттік тілді оқытуға, 3 сабақ ағылшын тілін оқытуға арналған. Сонымен қатар,    5 наурыз күні 2 әдістемелік құрал Республикалық комиссияға ұсынылды.
Есепті мерзімде тіл орталығы арқылы облыс бойынша барлығы,  53 мекемемен байланыс жасалып, 21 мекемеде оқыту курстары ұйымдастырылды. Нәтижесімен 123 адам мемлекеттік тілді, 115 адам орыс тілін, 136 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.
Облыс әкімінің 2018 жылғы 5 ақпандағы №62-қх тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 5-20 наурызы аралығында облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінде, жалпы 31 мекемеде тіл туралы заңнамалардың орындалуына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесімен бірқатар басқармалар мен әкімдіктерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының  8-бабы талаптарының бұзылғандығы, сондай-ақ, деректемелер мен көрнекі ақпарттарда тілдік нормалардың және Елтаңба бейнеленген ұйымның құжат бланкілерінде құжат деректемелерін ресімдеу тәртібі сақталмағандығы анықталды. Зерделеу жұмыстарының нәтижесімен ұсыныстар әзірленіп, жолдануда. 
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлықпен латын графикасына негізділген қазақ тілі әліпбиі жаңа редакцияда жазылды.
Осыған сәйкес филолог-ғалымдардың, тіл мамандарының брифингтері, сұхбаттары ұйымдастырылып, 13 түсіндіру, насихаттау шаралары жүргізілді.
Есепті мерзімде басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы ұйымдастырылды.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша І тоқсанның қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98,5% құрады.
Сондай-ақ, облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері қызметшілерінің қазақ тілін меңгеру деңгейіне талдау жұмыстары жүргізілді. 
Жалпы, 1943 мемлекеттік қызметшінің 65,4% «Қазтест» жүйесі арқылы диагностикалық тестілеуге қатысып, қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтаған.  
Оның ішінде 59% Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартындағы мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес меңгергендерді, 41% біліктілік талаптарына сәйкес меңгермегендерді құрады.
Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бойынша
Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес облыстық ішкі істер департаментінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі  Техникалық реттеу және метрология комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп 2018 жылдың 9-25 қаңтар аралығында Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында орналасқан 241 мемлекеттік мекемедегі  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуы мен орналасуына  бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді. 
Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсуіне бақылау жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктердің қалпына келтірілгені жөніндегі ақпарат басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасына жарияланды. 
Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру, жастар, тұрғындар арасында насихаттау бағытындағы жұмыстарды бірлесіп жүргізу мақсатында «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанаты жанынан «Жас патриот» ерікті жастар тобы құрылды.
Қызылорда қаласында орналасқан жарнама агенттіктері мен Мемлекеттік рәміздерді сататын сауда орындарына  Мемлекеттік Елтаңба мен Мемлекеттік Тудың  стандарттары туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп, әдістемелік көмекші құралдары электронды түрде берілді. 
2018 жылғы 7 ақпанда облыстық ономастика комиссиясының отырысы өткізіліп, 51 ұсыныс қаралып, оның 34-і қолдау тапты. 
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 104 топонимикалық атаулар енгізілді.
«Қызылорда облысының білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасы бойынша тиісті заңнамалық жұмыстар жүргізіліп, ҚР Үкіметінің қарауына енгізілді.
Қызылорда облыстық мәслихатының 19-сессиясына Шиелі ауданының Бірлестік ауылын Жаназар батыр ауылы, Ботабай ауылын Тұрсынбай датқа ауылы деп қайта атау туралы ұсыныстар енгізілді.
Қызылорда қаласында орналасқан көрнекі, үгіт-насихат құралдарының жай-күйіне талдау жұмыстары жүргізілді. 
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 852-сі құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2018 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша 220 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (https://infonpo.kz/ru/db/). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
Азаматтық қоғам мен мемлекеттік арақатынастың кері байланыс және жаңа форматты механизмін қалыптастыру бағытында тәжірибелер өмірге еніп отыр.
2017 жылы облыстық, қалалық және аудандық бюджеттер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін 1 млрд. 181 млн. теңге қаралып, 181 жоба жүзеге асырылды.
Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 2017 жылы 21 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 
2018 жылдың есепті мерзімінде облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында үкіметтік емес ұйымдардың  14 жобасын жүзеге асыруға  96 млн. 405 мың теңге қаржы бөлініп отыр.  
Сонымен қатар, «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 3 млн. 200 мың теңге қаржы қаралды.
Әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы ашылды.
Орталықтың негізгі қызметі облыстағы ҮЕҰ-дардың жұмысын ілгерілету,  ұйымдастырушылық және әлеуметтік технологияларға үйрету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту.  
Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4 («Т.Жүргенов атындағы» шығармашылық орталығы), 3 қабат. 
Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беруде. 
Саяси партиялармен жұмыс
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: 47 547 адам- «Нұр Отан» партиясы, 6905 адам – «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2724  адам – «Ауыл» ХДПП, 5070 адам – «ҚКХП», 360 адам – «Бірлік» париясы және 3000 адам «ЖСДП».
 Есепті мерзімде саяси партиялар тарапынан атқарылған маңызды шаралар төмендегідей:
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, партиялық жобалар аясында шаралар ұйымдастырып келеді. «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» және «Мектепке жол» акцияларымен қатар қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда.
Оның ішінде, 18 қаңтарда «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партия жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестік басшылары, Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен белсенді жастар қатысып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылады. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев алдымен тарихи құжаттың негізгі бағыттарына сипаттама берді.
2010 жылда құрылған облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес  саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
2018 жылдың есепті мерзімінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 47 шара (қайырымдылық және жастар акциялары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, рейдтік шаралар, ашық есік күндері және т.б. іс-шаралар) ұйымдастырылды.
Қоғамдық - маңызды шаралар
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 239 ауқымды шарадан тұратын 2018 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Есепті мерзімде күнтізбелік жоспарға сәйкес 20 ірі көлемді шара өтті.
«Барлық өткізілетін мерекелік шаралар осы жылдың басты оқиғалары Елордамыз - Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналмақ.
Астана қаласының 20 жылдығына арнап, Астана қаласында зымыран-ғарыштық техникасы музейінің ашық экспозициясы пайдалануға беріледі. «Тұңғыш Астанадан – Елордамыз Астанаға!» атты өнер керуені өнер көрсетеді. Сонымен қатар, шыны зауытының алғашқы өнімдері де Астана мерейтойына тарту ретінде шығарылады. «Жаңа Астана – ежелгі қазақ жерінің төрі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастырылуы да жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, биыл облыстық филармонияның өнерпаздары Ресей Федерациясы Татарстан Республикасына гастрольдік сапармен барады. Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай «Астаналар фестивалі» атты Қазақ елінің астаналары театрларының (Қызылорда, Алматы, Астана, Түркістан, Орынбор) фестивалі өткізіледі. «Парасатты поэзия» атты халықаралық фестивалін Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде өткізу жоспарлануда. Түркі әлемінің абызы Қорқыт баба мұраларын насихаттау мақсатында қобызшылардың «Қорқыт.Қобыз» атты республикалық конкурсы да ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, «Сыр сұлуы» атты ретро фестивалі, белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік алғашқы Әнұранының авторларының бірі – Жадыра Дәрібаеваның, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Самұрат Имандосовтың және жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуына орай мерейтойлық шаралары, Қызылорда медицина колледжінің 90 жылдығы да тойланады. Әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкенов атындағы «Отан Ана» атты республикалық әншілер конкурсы ұйымдастырылып, облыс орталығынан әншінің бюсті ашылуы жоспарланып отыр.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
2017 жылдың қорытындысы бойынша  атқарылған жұмыстарының  есебі
 
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Жыл басынан бері картаға 55 мәселе кенгізіліп, жыл көлемі бойынша 22 мәселе шешімін табуына байланысты бақылаудан алынды. 
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың   2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру туралы 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө-өкімімен 129 адамнан жасақталған 9 облыстық ақпараттық-насихаттық топ (әрбір аудан, Қызылорда және Байқоңыр қалаларына) құрылды. Осындай топтар барлық аудандармен Қызылорда қаласында құрылып барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді. 
Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді. Топ жетекшілігіне облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бекітілді. 
Облыстық ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы кезең-кезеңімен ұйымдастыру жоспарланып, мүшелерінің елді-мекендерге шығу жоспары тоқсан сайын ұйымдастырылады. 
Жыл көлемінде барлығы 1 693 кездесуге 165 177 мың тұрғын қамтылды. 
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 92 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 83 баспа БАҚ (олардың ішінде 25-журнал, 58-газет). 
2017 жылғы IV тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-тың 50% мемлекеттік тілде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығарылады. 
Интернет желісінде 16 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).
 Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 13 ақпанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 161 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
Соңғы 5 жылда мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаражат   2,6 есеге ұлғайды. 2017 жылы осы мақсатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді.
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 222 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан  96 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 81 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2017 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 109 212 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 80%-ын құрайды.
Дін саласы бойынша 
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 178 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 167 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.
Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылғы 12 айында түрлі форматта 3170 іс-шара ұйымдастырылып, оған 108616 адам қатысты. 
Нақтылар болсақ, облыстық ішкі саясат басқармасымен аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға арқылы Республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырып келеді.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары аясында 3-5 және 28-30 наурыз аралығында Илимбаев Ризабек Батталұлы мен Еркінбек Шоқай, Қызылорда қаласында іс-сапарда болып, адрестік кездесулер өткізсе, 28 сәуірде Кеңшілік Тышхан, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті тұрғындарының қатысуымен "Діни тұрақтылық - мемлекет қауіпсіздігінің тұғыры" тақырыбында өткен конференция жұмысына қатысты.
10 мамырда аймақтағы дін саласындағы АТТ (облыстық, қалалық, аудандық) мүшелеріне, кент және ауылдық округ әкімдеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу профилактикасы» тақырыбында 8 сағаттық семинарға РАНТ мүшесі Иржанов Руслан Самарханұлы шақыртылып, дәріс оқыды.
18 мамырда психолог Койшиева Лимана Құттыбекқызын және Тілегенова Ақбөпе Қанатқызын арнайы шақыртып, «Қазіргі қоғамның рухани-өнегелік жаңғыруындағы қыз баланың орны» тақырыбында мешіттен дәріс алушы қыздар жамағаты, оқу орындарының қыз балалары мен қыздар клубтарының жетекшілері, университет мұғалімдері, оқу орындарының студенттеріне семинар-тренинг өткізілді.
Сондай ақ, үстіміздегі жылғы 20-25 тамыз аралығында аймағымызға 
ҚР ҰҚК Академиясының психологы Шакимова Лола Сергеевна келген болатын. Қызылорда, Байқоңыр қаласы мен Арал, Қазалы аудандарында «Діни экстремизм және терроризм профилактикасын жүргізу, сапасын арттыру» тақырыбында бірнеше семинар өткізді. Кездесулерге терроризмге қарсы комиссия мүшелері, облыстық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, орта және арнаулы орта оқу орындары директорлары қатысты. 
Сонымен қатар, үстіміздегі 23-28 тамыз аралығында РАНТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы Әкімханов Асқар Болатбекұлы шақыртылып, қала мен аудан мешіттерінің келушілерімен, түзету мекемесіндегі экстремизм және терроризм бабы бойынша сотталушы тұлғалармен және деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен адрестік жеке кездесулер өткізсе, 21-29 тамыз аралығында РАНТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, магистрант Рахымгазиев Жайдар Тұрғанбекұлы келіп, Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Үстіміздегі жылғы 30 қыркүйекте Қызылорда облысы, Сырдария ауданында «Рухани жаңғыру және діни сана» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға абайтанушы, дінтанушы, филолог ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері, аудан тұрғындары қатысты.
10-14 қазан аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында 18 қазан «Рухани келісім» күніне орай Қызылорда облыс әкімдігі жанынан құрылған ақпараттық-түсіндірме тобы барлық ауданды (7 аудан) аралап шықты.
23 қазанда РАТТ мүшесі «Шаңырақ» дін мәселелері бойынша кеңес беру және оңалту орталығының директоры М.Мадияров Қызылорда облысында іс-сапарда болып, «Діни экстремизм профилактикасы, деструктивті діни ағым өкілдерімен жұмыс әдістемелері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға облыстық, қалалық ақпараттық-түсіндірмелік топтары, теолог мамандар мен мешіт имамдары, құқық қорғау орган қызметкерлері және қыздар жамағатымен жұмыс жасайтын әйел ұстаздар қатысты.
Ағымдағы жылғы 10 қарашада мемлекеттік идеологияны іске асыру барысында жұмыс жасайтын түрлі сала мамандарының басын біріктірген «Жоғарғы руханиятты қалыптастырудағы зайырлы мемлекеттің рөлі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылып, аталмыш шараға Дін істері комитетінің басқарма басшысы, РАТТ мүшесі Иманбаев Мейрам Өткелбайұлы, ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты» РМҚК бөлім басшысы, дінтанушылар конгресінің төрағасы, филос. ғ.д. РАТТ мүшесі Сатершинов Бақытжан Меңлібекұлы, «Моральдық парыз және оның адам тәрбиесіндегі ролі» тақырыбындағы баяндамасымен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің кафедра меңгерушісі, Ph.D докторы, Анарбаев Нұрлан Анарбайұлы, дінтанушы Ph.D доктаранты, РАТТ мүшесі Мұхан Исахан, облыстық АТТ мүшесі, филос. ғ.д ОАТТ мүшесі Қожамберлиев Баймырза тақырып аясында баяндама жасады.     
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 1029 материал жарық көрді. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы –353 материал, баспа БАҚ-та – 358 мақала жарық көрсе, интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде 318 материал орналаcтырылды. 
ІІ жартыжылдыққа арналған Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен есепті мерзімде 20 шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, есепті мерзімде 1000-нан астам әлеуметтіңк желілердегі топтарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 688 топ ҚР Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 202 топқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. 
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің  2017 жылғы 7 наурыздағы №732 қаулысымен бекітілген 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылы облыс аумағында бірқатар  жүйелі жұмыстар атқарылды. 
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатына 2017 жылы облыстық, қалалық, аудандық бюджеттен, барлығы 40,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 18,3 млн.теңге Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының шығындарына, 10,7 млн. теңге мемлекеттік тапсырыс аясындағы әлеуметтік жобаларға, 8,0 млн. теңге іс-шараларға, 3,3 млн. теңге телебағдарламаларға қаралған. 
Облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру», «Үштілділікті насихаттау», «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» және «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылды. 
Жобалар аясында облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау және қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, үш тілді жетік меңгерген жастарды қолдау және ынталандыру, ономастика және көрнекі ақпарат салаларындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру, тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді көтеру, облыс тұрғындары арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу, шаралар өткізу, т.б. жоспарланды.
Атап айтқанда, «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында 5 облыстық байқау, 1 облыстық олимпиада, 1 облыстық жастар форумы, 1 дөңгелек үстел отырысы және 1 облыстық мүшәйра, барлығы – 9 шара өткізілді. Жоба аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауы, балабақшаларда «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы, облыстағы белсенді жастар, этномәдени бірлестіктері жастарының қатысуымен «Тілі бірдің – тілегі бір» облыстық жастар форумы, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы, қазақ жастарының арасында орыс тілі білгірлерінің облыстық «Ой-сана» байқауы, мемлекеттік тілді меңгерген орыс этносы жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл - парасат» облыстық байқауы,  үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  «Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым» атты жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. 
 «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы, аясында    8 семинар-тренинг, 3 кездесу кеші, 1 облыстық сайыс, 1 облыстық байқау,   2 облыстық семинар, барлығы – 14 шара өткізілді. Оның ішінде үш тілде білім беруді насихаттау, үш тілді меңгерудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында қала, аудан тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері, қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері мен мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен қала, аудан орталықтарында «Тілдерді меңгеру – заман талабы» атты көшпелі облыстық семинарлар, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының командалары арасында «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс, қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық байқауы, жергілікті жерлерде ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын талқылау мақсатында «Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар, «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты жастардың Сыр өңірі ақын-жазушыларымен кездесу әдеби кештері болып өтті. 
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, барлығы 500 шара өткізіліп, оған барлығы 14693 адам қатысты. Барлық шаралар облыс, қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен интернет-ресурстарында жарияланды. 
«Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған, Қызылорда қаласы және облыс әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлеріне 2 күндік 27 семинар-тренингтер ұйымдастырылып, оған 675 адам қатысты. 
«Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында 200 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілері сертификаттық тестілеуден өткізілді.
Облыстық байқаулардың жеңімпазы атанған бірқатар қатысушылар республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, үш тілді жетік меңгерген жастар арасында өткізілген «Тілдарын» республикалық олимпиадасына Қызылорда облысынан қатысқан Әбубәкірова Айдана І орынды, «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауында  Марат Сүгірбай жүлделі ІІ орынды, Ж.Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауында Тұрарбек Бекмұрзаев ІІІ орынды, «Азаттық аңсап өткен Алаш арыстары» республикалық жазба ақындар мүшәйрасында журналист, тележүргізуші, ақын Толқын Қабылша ынталандыру сыйлығын иеленді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру мақсатында «Тіл әлемі» порталы өткізген «Үздік сабақ» байқауына облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Бақытова Әсел қатысып, ІІ орын иегері атанды.  
2017 жылғы қарашада елімізде мемлекеттік тілдің насихатталуына белсенді үлес қосып жүрген Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы, тіл бойынша байқаулардың жеңімпазы Елена Рыбина «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталды. 
Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес апталықтар, онкүндіктер ұйымдастырлып, облыс бойынша акциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, флэш-моб және басқа да түрлі форматта 500-ге жуық шара өткізілді. Қорытындысымен «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы және облыстағы белсенді жастар, этномәдени бірлестік жастарының қатысуымен «Тілі бірдің – тілегі бір» облыстық жастар форумы өткізілді.  
Тіл тақырыбы облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып келеді. 
Жыл көлемінде жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті»  телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тұрақты берілді. 
Мемлекеттік тілді насихаттау бойынша 2 бейнеролик әзірленіп, жергілікті телеарналар арқылы 70-тен аса сюжет облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды. 
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша жалпы білім беретін 14 мектептің білім сапасына және тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдерінен сабақ беретін 3 (үш) бірдей мұғалімнің аталған пәндер бойынша маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазулары мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкілерінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталды. Нәтижесімен, қорытынды ақпарат негізінде тиісті ұсыныстар берілді.  
2017 жылғы 26 қазанда «Тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын» талқылау мақсатында «Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері» атты облыстық семинар өткізіліп, мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бағытында жергілікті әкімдіктерге бірқатар ұсыныстар берілді.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барлық салада кеңейту, насихаттау мақсатында Қызылорда қаласы мен аудандарда «Нұр Отан» партиясы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық, аудандық филиалдарымен, «Жас Отан» жастар қанаты» жастар ұйымдарымен бірлесіп бағытты жұмыстар жүргізілді. Нәтижесімен, 12 семинар, дөңгелек үстел, бірлескен рейдтер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталды. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандық филиалдарымен бірлесіп, мүшәйралар, байқаулар, жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кештері мен түрлі акциялар өткізілді.
2017 жылғы тамызда ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облыс бойынша 1520 мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкеріне «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу ұйымдастырылды.  Оның 316-сы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшісі, 231-і мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкері. Диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің В1 деңгейі бойынша 307 адам 97 %, 9 адам С1 деңгейі бойынша - 2,8 % көрсеткішті көрсетті. Мемлекеттік қызмет көрсеткен ұйым қызметкерлерінің В1 деңгейі бойынша 226 адам 97,8%, С1 деңгейі бойынша 5 адам өтіп – 2,1 % көрсеткішті көрсетті. 
2017 жылғы қарашада мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткен барлығы  200 адам - 160 мемлекеттік қызметші мен 40 мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкері сертификаттық тестілеуге қатысып, оның 134-і «Қазтест» сертификатын иеленді. Сертификаттық тестілеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің В1 деңгейі бойынша 87 адам 54,4 %,  9 адам С1 деңгейі бойынша – 5,7 % көрсеткішті, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің В1 деңгейі бойынша 18 адам 45 %, 0 адам С1 деңгейі бойынша – 0% көрсеткішті көрсетті.
«Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  9 штаты облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 16 мамырдағы    № 116 шешімімен қосымша 3 штатпен толықты. 
Сонымен қатар, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының бөлімдерін әр ауданда ашу мәселесі облыстық мәслихатта қаралып, 2017 жылғы   12 желтоқсандағы кезекті ХVІІ  сессиясының №157 шешіммен 23 штат бөлінді.   2018 жылғы қаңтардан бастап Қызылорда облысының 7 ауданына мемлекеттік, ағылшын, орыс тілдерін оқытатын 3 маманнан 21 маман және 2 әдіскер – барлығы 23 штат бөлініп, тіл орталығының аудандық бөлімдері өз жұмыстарын бастайды.  
Есепті мерзімде «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы 25 мемлекеттік, 15 ағылшын, 2 орыс тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылып, барлығы 534 адам оқыды. Оның ішінде мемлекеттік тіл үйрету бойынша мемлекеттік қызметші – 272, еріктілер – 25, өзге ұлт өкілдері – 14, кәсіпорын қызметкерлері – 14, біліктілігін арттыру –10.  Ағылшын тілі бойынша мемлекеттік қызметші – 136, еріктілер – 8, кәсіпорын қызметкерлері – 31.  Орыс тілі бойынша мемлекеттік қызметші – 24.   
Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жастарды сөз өнерін білуге баулу, оларды көшбасшылыққа үйрету мақсатында облыстық тілдерді оқыту орталығы жанынан «Шешендік өнер және тіл мәдениеті» үйірмесі, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жас қауырсын» ақындар үйірмесі, «Құс қанаты – Қызылорда» жас әдебиетшілер үйірмесі жұмыс жасауда. 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы  «Қазақ әліпбиін біртіндеп латын графикасына көшіру» тапсырмасын халық арасында түсіндіру мақсатында  Қызылорда қоғамдық телеарнасы мен «Қызылорда-Қазақстан» облыстық телеарнасының «Мезгіл мәселесі», «Жаңа күн» хабарларында, сонымен қатар баспасөз конференцияларында білім, тіл саласы мамандарының, филолог ғалымдардың сұхбаттары мен брифингтері ұйымдастырылды.  Облыстағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің басшылары, мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі мен көтерілген тақырыптардың салмақтылығын талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Латын әліпбиіне көшу бойынша 2017 жылдың 5 мамыр және 12 қазан күндері облыс әкімдігі жанынан Қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың 2 рет отырысы өткізіліп, нәтижесімен жоғарғы органдарға қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандарты жобасына тиісті ұсыныстар жолданды. Сонымен қатар, 12 қыркүйекте «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында қала және аудан әкімдерінің, зиялы қауының, білім және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен идеологиялық актив жиыны болып өтті. 
Латын әліпбиіне көшуді қолдау бағытындағы іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес облыс бойынша 422 шара өткізілді (15 325 адам қамтылды). Өткізілген шаралар электронды және баспа БАҚ-тарда кеңінен ақпараттандырылды. 
Облыс орталығында 11 этно-мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Этно-мәдени бірлестіктер «Достық» үйінде орналасқан және этностардың өз ана тілдерін оқытуға барлық жағдай жасалған. 
Этнос өкілдерінің қатысуымен облыс бойынша 600-ге жуық түрлі форматта шара өтсе, оның 100-ге жуығы тілдерді насихаттауға бағытталған. «Алғыс айту күні», «1 Мамыр – Бірлік күні», «Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі», т.б. ірі шаралар этностардың қатысуымен өткізілді. 
Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысында Қызылорда қаласы мен аудандарда, барлығы 287 түрлі форматта шаралар өткізілді. Облыстағы барлық шаралар мемлекеттік тілде өтеді.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша 2017 жылдың қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9 %, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 97,8 % құрады. 
Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жылына    2 рет әлеуметтік сауалнама жүргізіліп отырады. Қазан айында жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 99,4% - мемлекеттік тілді, 79,8% - орыс тілін, 14,1% - ағылшын тілін, 12,9% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.
Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 92 бұқаралық ақпарат құралы  жұмыс жасайды. Олардың 50% қазақ тілінде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығады. 
Облыста барлығы 293 мектеп бар. Оның 262-сі қазақ (89,4%), 27-сы аралас (9,2%), 4-еуі (1,3%) орыс мектебі. Балалардың 94,2% қазақ мектебіне барады, олардың ішінде 310-ы этнос өкілі. 
Облыстағы 659 балабақшаның 622-ы қазақ (94,3%), 31-і аралас (4,7%), 6-уы орыс (0,9%) балабақшасы. Бүлдіршіндердің 94,7% қазақ балабақшасында тәрбиеленеді, оның ішінде 432-і этнос өкілі.
Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясаты мен үштілділікті  насихаттау мақсатында және ономастика мәселелері жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында 332 мақала жарық көрді. 
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады. 
Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бойынша
Есепті кезеңде облыстық ономастика комиссиясының екі отырысы өткізілді.
Отырыс барысында 114 ұсыныс қаралып, қорытындысымен  1 объектіге, 1 ауылға, 99 көшеге  оң қорытынды берілді. Қазіргі уақытта облыс бойынша 92 көше тарихи және дәстүрлі атаулармен ауыстырылды.
 «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 71 топонимикалық атаулар енгізілді.
Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында   822 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді. 
Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының екі отырысы өтті. 
Отырыста Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Қазалы, Жалағаш,   аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылу мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің  25 жылдығын кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді. Қоғамдық көліктерде, аэропорттарда, темір жол вокзалдарында  және ірі кәсіпорындарда 4 маусым күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалды. Басқарманың ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік Рәміздері аллеясында «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!» атты мерекелік қорытынды шара   өткізілді. 
Шараға  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, белгілі сәулетші Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, өңіріміздегі этномәдени бірлестік өкілдері, әскери қызметкерлер, саяси партия, үкіметтік емес ұйым мүшелері,  олимпиада және спорт саласының жеңімпаздары, БАҚ өкілдері, белсенді жастар қатысты. 
Сонымен қатар, қала орталығындағы Оқушылар үйінде оқушылардың қатысуымен «Ел рәміздері – асыл мұрамыз»  атты жас суретшілер байқауы өткізілді. 
Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінде «Көк байрағым көгімде» атты  жастар акциясы ұйымдастырылды. 
Ономастика мәселелерін талқылау мен жетілдіру, тарихи маңызы бар және дәстүрлі атауларды қалпына келтіру, мақсатында 26 қазанда «Ономастика және көрнекі ақпараттар мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. 
Семинар барысында облыстағы ономастика және көрнекі ақпарат саласы бойынша атқарылған жұмыстар, жіберілген кемшіліктер мен алдағы міндеттер туралы айтылды.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы 21-бабы талаптарының сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Қорытындысы бойынша 388 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 67 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды. 
«Қызылорда облысының білім, мәдениет, спорт ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы жасалынып, тиісті министрліктерден келісім алынуда.  
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 760-ты құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2017 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша 121 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (http://din.gov.kz/kaz/baza_npo). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамымыздағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
Азаматтық қоғам мен мемлекеттік арақатынастың кері байланыс және жаңа форматты механизмін қалыптастыру бағытында тәжірибелер өмірге еніп отыр.
Соңғы екі жыл көлемінде облыста азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру, олардың ұйым мүшелерінің мүдделерін көздейтін және қоғамдық маңызы жоғары жобаларының жүзеге асырылуына мүмкіндік жасау, осы мақсатта қаржылай көмек көрсету, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамның өзекті мәселелерін шешуге жұмылдыру мақсатында «Әлеумет» жобасы жүзеге асырылып келеді. 2016 жылы аталған жоба аясында үкіметтік емес ұйымдарының 16 жобасын жүзеге асыруға 21 млн. 218 мың теңге қаржы бөлінсе, ағымдағы жылы 20 жобаға 16 млн. 195 мың теңге қаржы бөлініп отыр.  
2017 жылы жобаларды қаржыландыру «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қоры тарапынан құрылған тәуелсіз сарапшылардың шешімі негізінде жүзеге асырылуда. 
2017 жылы облыстық, қалалық және аудандық бюджеттер есебінен үкіметтік емес ұйымдардың 169 әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін 1 млрд. 181 млн. теңгеге қаралып, 181 жоба жүзеге асырылды.
Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 21 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 
Сонымен қатар, әлеуметтік тапсырыс аясында өңірде үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы ашылды.
Орталықтың негізгі қызметі облыстағы ҮЕҰ-дардың жұмысын ілгерілету,  ұйымдастырушылық және әлеуметтік технологияларға үйрету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту болып табылды.  
«Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 920 мың теңге қаржы қаралды.
Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 13 («Бабас» бизнес орталығы), 2 қабат. 
Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беруде. 
Аталмыш жоба аясында есепті кезеңде 5 семинар-тренинг, 4 дөңгелек үстел отырысы, 4 кездесу, жоғары білікті заңгер мамандардың күнделікті кеңестері берілді. Қазақ және орыс тілдерінде «Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жұмыс істеуді оқыту» тақырыбында  семинар-тренинг өтті.
SarapTime сарапшылар клубының «Қазақстан жаңа конституциялық шарттарда» тақырыбында кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуде  еліміздің танымал спикерлері жергілікті ҮЕҰ мүшелерімен  пікір алмасты. 
Жоба жүзеге асқаннан бері ҮЕҰ өкілдеріне 100-ге жуық құқықтық кеңес берілді. Сонымен қатар, ҮЕҰ көп тіркелген Қармақшы, Сырдария аудандары мен Байқоңыр қаласында ресурс орталығы жұмыс жасады. Аталмыш ресурс орталықтарын ашуға жергілікті бюджеттен 7 млн. 437 мың. тг қаралды. Атқарылған барлық жұмыстар облыстың әлеуметтік-саяси тұрақтылығын сақтауға, халықтың рөлін арттыруға, оның ішінде үшінші сектор бойынша қоғамды дамыту мен демократиялық құндылықтарды нығайтуға арналды. 
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасауға бағытталған әлеуметтік жобалар аясында жыл басынан бері келесі шаралар атқарылды. 
ҮЕҰ-дың әлеуетін, халықтың құқытық сауаттылығын арттыру және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында әлеуметтік жобалар аясында 61 кездесу, 92 кеңес беру, 26 дөңгелек үстел отырысы, 3 ашық есік күні, 9 түнгі рейд, 9 акция ұйымдастырылып, 9 байқау, 9 қоғамдық тыңдау, 41 семинар-тренинг пен 22 оқыту курсы, 9 тақырыпта 3500-ден астам әдістемелік құралдар мен 1 500 дана ақпараттық танымдық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, 1 халықаралық және 7 облыстық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. ҮЕҰ мен спикерлер пулы туралы мәліметтер қоры жасақталды, 120-дан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына тұрақты мониторинг жүргізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 58 тұлғаға әлеуметтік бейімдеу бойынша көмек көрсетілді. 
ҚР Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету мақсатында «Жарылыс жаһанға жат» атты кітап шығарылды. Кітапқа Чернобыль АЭС жарылысының зардабын жоюға және Семей ядролық полгонында қызмет атқарған қызылордалықтар туралы мәліметтер енгізілді.
Сонымен қатар, облыстың соңғы жылдардағы әлеуметтік –экономикалық дамуынан сыр шертететін «Qyzylorda» атты 1000 дана фотоальбом басып шығарылды. Фотоальбомда әр саладағы  жетістіктер суреттелген. 
 Саяси партиялармен жұмыс
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: 47 547 адам- «Нұр Отан» партиясы, 6905 адам – «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2724  адам – «Ауыл» ХДПП, 5070 адам – «ҚКХП», 360 адам – «Бірлік» париясы және 3000 адам «ЖСДП».
 Есепті мерзімде саяси партиялар тарапынан атқарылған маңызды шаралар төмендегідей:
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, партиялық жобалар аясында шаралар ұйымдастырып келеді. «Кедергісіз келешек», «Сәтті қадам» және «Мектепке жол» акцияларымен қатар қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда.
Оның ішінде, 22 маусымда «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Жиында «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамындағы» Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағытының аймақта жүзеге асырылуы талқыланды. 
2010 жылда құрылған облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес  саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
11 шілдеде Байқоңыр қалалық филиалының ұйымдастыруымен халық арасында медициналық әлеуметтік сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шара темір жол вокзалында өткізіліп, түсіндіру жұмыстарын қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары А. Дәуленбаев, Төретам кенті емханасының бөлім жетекшісі Н. Бектасова жүргізді. 
12 шілдеде Арал аудандық орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А. Ералиев және Г. Шиповскихтың қатысуымен «EXPO 2017 көрмесі – елдіктің ерен жеңісі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. 
19 шілдеде Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. 22 ұйым бос жұмыс орындарын ұсынса, 88 жас жұмыс іздеуші ретінде қатысқан. 65 жас жұмыс орындарға жолдама алды. 
26 шілдеде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында партия филиалының және «Ұшқын» қоғамдық бірлестігінің өкілдері әлеуметтік нысандарға мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігіне бақылау жүргізілді.
3 тамызда «Жемқорлықсыз ел гүлденген ел» партиялық жобасы аясында темір жол саласының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға партия филиалының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен темір жол саласының басшылары қатысты.
4 тамызда партияның облыстық филиалы 125 мүмкіндігі шектеулі балаға тынығу лагерлеріне жолдама берді. Шараға партия өкілдерінен бөлек қайырымдылық көмек көрсетуші кәсіпкерлер, облыстық мәслихат депутаттары мен ерікті жастар қатысты. 
Сонымен қатар, облыста Қазақстан Коммунистік Халық партиясының облыстық филиалы қоғам өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. 
16 маусымда «Қазақстан коммунистік халық партиясы»  Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Тарих. Шындық немесе жалған» тақырыбында кездесу өтті. Шараға партия мүшелері мен аймақтық ҮЕҰ мен БАҚ жетекшілері қатысты. Кездесу барысында жастар тәрбиесі, ҰОС тарихын дұрыс ақпараттандыру мәселесі қаралды.
16 тамызда қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында ҚКХП облыстық филиалында кездесу өткізілді. Шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, ҮЕҰ-дар мен БАҚ өкілдері және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты. 
20 қыркүйекте ҚКХП ұйымдастыруымен «Қазіргі таңдағы тұтынушы мен өнім беруші арасында қарым-қатынас» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. 
13 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г. Баймахановамен партия филиалының өкілдері кездесу ұйымдастырды. Шара барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығы мен жүзеге асыру жолдары талқыланды. 
Облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмысын жалғастыруда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Саяси партиялар тарапынан облыста 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 364 шара (қайырымдылық және жастар акциялары, дөңгелек үстелдер, кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, рейдтік шаралар, ашық есік күндері және т.б. іс-шаралар) ұйымдастырылса, оның ішінде 239-ы қоғамдық-саяси шаралар.
Қоғамдық - маңызды шаралар
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ауқымды шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері күнтізбелік жоспарға сәйкес 208 ірі көлемді шара өтті.
Оның ішінде, 2017 жылғы 28 наурызда Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция аясында Алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды. 
Сонымен қатар, қала орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.
30 наурызда құқық бұзушылық пен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Заң – тәртіп таразысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқық қорғау орган қызметкерлері, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, ата-аналар қатысты.
31 наурызда ҮЕҰ арналған ақпараттық – ресурстық орталық ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі және 30-дан астам ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Ресурстық орталық масқаты ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында және мемлекеттік органдармен өзара әріптестікті дамыту болып табылады.
30-31 мамырда Қызылорда облысында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық форум болып өтті. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, КХА Төрағасының орынбасары Д. Мыңбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев, сонымен қатар бірқатар зиялы қауым өкілдері мен Оңтүстік Корея, Түркия елдерінен және республика өңірлерінен келген ғалымдар мен форум делегаттары қатысты.
Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 
Биылғы форум жұмысы облыстағы 15 мекеме мен білім беру ұйымдарында өткізілген бейбітшілік сабақтарынан бастау алды. 
Форум аясында «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 
Сондай-ақ, «Алжир» деректі фильмінің көрсетілімі; «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917–2012)» хрестоматиясының таныстырылымы; «Тар жол-тайғақ кешу» тарихи-деректі көрмесі; Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық шарасы; Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылдың Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына қатысу сынды бірқатар шараларға қатысты.
Форум делегаттары ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған, қайта жаңартылған Мемориалдық ескерткіш жанында өткен «Азалы тарихқа тағзым» атты митинке қатысты.
3 маусымда Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы-Жандарбек Мәлібеков, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.  Аймақ басшысы қызылордалықтарды 4 маусым-мемлекеттік рәміздер күнімен   құттықтады.  
Рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметке жақында қабылданғандар  ант қабылдады. Сонымен қатар, аймақтың бірқатар тұрғындары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олар: кәсіби біліктілігі арқасында ана мен оның сәбиін аман алып қалған Қосаман ауылдық округінің фельдшері Жанар Сержанова, алапат өрттен 20 адамды құтқарған №11 өртке қарсы қызмет бөлімінің мамандары, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Қуаныш Анарбай, шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбай және бірқатар облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Кирилл Денисов.  
5 маусымда Қызылорда облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл байқау Мемлекет басшысының  бастамасымен елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.
«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Шиелі ауданының тұрғындары Исламхановтар әулеті атанды. Отағасы Әрібжан Исламханов тыл ардагері және еңбек ері, жары - Назым Қалменова  "Батыр ана", "Алтын алқа" иегері. Шаңырақ құрғандарына 59 жыл болған отбасы бүгінде 10 баладан 40 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.
Ал, бірінші орынды Жалағаш ауданынан Ғаниевтер отбасы иеленсе, екінші орын аралдық Аймырзаевтар отбасына бұйырды. Жүлделі үшінші орынды сырдариялық Сұлтановтар отбасы мен жалағаштық Нұрмағанбетовтер отбасы қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданынан Арыновтар отбасы «Ұлағатты отбасы» номинациясымен, қармақшылық Шымбаевтар отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясымен, Қызылорда қаласынан Балмахановтар отбасы «Қамқорлық» номинациясымен, сырдариялық Мясцовтар әулеті «Отбасылық үйлесім» номинациясымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
26 маусымда Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті. Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.
Өз кезегінде қаламгерлер де облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді, әріптестерін құттықтап,  саланы дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстарын айтты.  
21 қыркүйекте А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткері Сейдулла Оспановты еске алуға арналған конференция өтті. Конференцияда облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев Сейдулла Оспанұлының туған өлкенің дамуына қосқан жұмыстары туралы атап өтті. Сонымен қатар, конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Жылқышиев, Оңтүстік Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Мәуленқұлов, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының құрметті азаматы С. Далдабаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Е. Омаров қатысып, естеліктерімен бөлісті. 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі» атты конференция ұйымдастырылды. Конференцияға облыстың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жоғары және орта оқу орнының оқытушылары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция барысында «Антиядролық қозғалыс – тәуелсіздік жаршысы» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы С. Тастанбек, «Ядролық қарусыз әлем – адамзаттың ізгі мұраты» тақырыбы бойынша «Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Әбіш, «Манифест – жаһандық қарусызданудың негізгі құжаты» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Н. Мынжасов баяндама жасады. 
Сонымен қатар, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жастар бойындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы елелулі еңбегі үшін облыстың бірқатар азаматтары Алғыс хаттармен марапатталды. 
2017 жылғы 20-21 қазан күндері облыста мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, ғалым Шахмардан Есеновтың 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті.  «Қазақстанның кен ресурстары: игерілуі, даму барысы мен болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, көрме және өзге де мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
28 қазанда «Текей батырдың 350 жылдығына» арналған республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.
13 желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  «Туған жерге тағзым» форумы «Сұлтан Плаза»  кешенінде өтті.
Шараға облыс әкімі Қ. Е. Көшербаев, еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген қызылордалықтар арнайы келіп қатысты. 
Форум аясында телекөпір арқылы облыстағы бірқатар жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Сонымен қатар Сырдан шыққан дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, Сызғанов атындағы Ұлттық-ғылыми орталығының директоры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының иегері Болатбек Баймаханов телекөпір арқылы байланысқа шығып, аймақтағы медицина саласын дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға оң баға берді.
Аймақтың дамуына қосқан үлестері үшін Сыр елінің бірқатар тумаларына «Сыр жанашыры» марапаты табысталды. Олардың ішінде әйгілі зілтемірші Илья Ильин мен кардиохирург, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя, «А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ғылыми зерттеу орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов бар. Мұнан өзге ғалымдар, дәрігерлер мен өнер майталмандары, кәсіпкерлер, спортшылар және басқа да салалардың өкілдерінен 20 адам марапатталды. 
27 желтоқсанда Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру: Сыр өңірі тарихының зерттелуі және өлкетану пәнін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында алғаш рет тарихшылар слеті ұйымдастырылды. 

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2017 жылдың 9 айы бойынша  атқарылған жұмыстарының  ЕСЕБІ

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. 
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың   2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру туралы 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө-өкімімен 129 адамнан жасақталған 9 облыстық ақпараттық-насихаттық топ (әрбір аудан, Қызылорда және Байқоңыр қалаларына) құрылды. Осындай топтар барлық аудандармен Қызылорда қаласында құрылып барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді. 
Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді. Топ жетекшілігіне облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бекітілді. 
Облыстық ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы кезең-кезеңімен ұйымдастыру жоспарланып, мүшелерінің елді-мекендерге шығу жоспары тоқсан сайын ұйымдастырылады. Есепті мерзімінде ақпараттық топ барлығы 1 525 арнайы шараға қатысып, 151057 мыңнан астам тұрғын Жолдаудан туындайтын міндеттер бойынша ақпарат алмасты. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында 2017 жылдың 22 сәуірінде іс-шаралар Жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге жалпы 331 іс-шара ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, Жолдаумен қатар Елбасының 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы мен латын әліпбиіне көшуді ілгерілету шеңберінде де көрсетілген критерийлер ескеріле отырып, бөлек Желілік кестелер жасақталып іске асырылуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың    2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бағытында 2017 жылдың 2 ақпан күні бекітілген облыстық медиа-жоспарға сәйкес материалдар топтамасы жариялануда. 
Елбасы Жолдауы бойынша жергілікті БАҚ-та облыстық медиа жоспарға сәйкес «Жолдау», «Тұрғын үй құрылысы», «Жаңа жағдайдағы Жолдау», «Жолдаудан кейінгі пікірлер, үн қосу», «Аймақ», «Мнение», «Послание Президента народу Казахстана», «Жүректе жол тапқан Жолдау», «Қоғам», «Жолдау-ел дамуының басты бағыты», «Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы», «Бағыт» атты айдарлармен барлығы 1022 материал жарық көрді. 
Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» және тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналары арқылы күндізгі жаңалықтар көрсетілімі мен «Үштаған», «Аптаның алты ауызы», «Қазақстан-2050», «Өзекжарды», «Мезгіл мәселесі» бағдарламаларынан 646 сюжет көрсетілді. 
Сонымен бірге, Елбасы Жолдауының әрбір бағытын түсіндіруге арналған мемлекеттік орган басшыларының 83 брифингі ұйымдастырылды.
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 92 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 83 баспа БАҚ (олардың ішінде 25-журнал, 58-газет). 
2017 жылғы І тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-тың 50% мемлекеттік тілде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығарылады. 
Интернет желісінде 16 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 13 ақпанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 161 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
Соңғы 5 жылда мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаражат 2,6 есеге ұлғайды. 2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2017 жылы осы мақсатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді (ақпарат үшін: 2013 ж. – 406 019,0 мың. тг., 2014 ж. – 566 825,0 мың. тг., 2015 ж. - 636 364,0 мың. тг., 2016 ж. - 621 700,0 мың. тг. бөлінді).
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 152 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 73 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 67 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2017 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 109 212 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 80%-ын құрайды.
Саяси партиялармен жұмыс
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген.
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: 47 547 адам- «Нұр Отан» партиясы, 6905 адам – «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2724  адам – «Ауыл» ХДПП, 5070 адам – «ҚКХП», 360 адам – «Бірлік» париясы және 3000 адам «ЖСДП».
Есепті мерзімде саяси партиялар тарапынан атқарылған маңызды шаралар төмендегідей:
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, партиялық жобалар аясында шаралар ұйымдастырып келеді. «Кедергісіз келшек», «Сәтті қадам» және «Мектепке жол» акцияларымен қатар қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда.
Оның ішінде, 22 маусымда «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Жиында «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамындағы» Заңның үстемдігін қамтамасыз ету бағытының аймақта жүзеге асырылуы талқыланды. 
2010 жылда құрылған облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес  саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
11 шілдеде Байқоңыр қалалық филиалының ұйымдастыруымен халық арасында медициналық әлеуметтік сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шара темір жол вокзалында өткізіліп, түсіндіру жұмыстарын қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары А. Дәуленбаев, Төретам кенті емханасының бөлім жетекшісі Н. Бектасова жүргізді. 
12 шілдеде Арал аудандық орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А. Ералиев және Г. Шиповскихтың қатысуымен «EXPO 2017 көрмесі – елдіктің ерен жеңісі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. 
19 шілдеде Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. 22 ұйым бос жұмыс орындарын ұсынса, 88 жас жұмыс іздеуші ретінде қатысқан. 65 жас жұмыс орындарға жолдама алды. 
26 шілдеде «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында партия филиалының және «Ұшқын» қоғамдық бірлестігінің өкілдері әлеуметтік нысандарға мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігіне бақылау жүргізілді.
3 тамызда «Жемқорлықсыз ел гүлденген ел» партиялық жобасы аясында темір жол саласының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға партия филиалының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен темір жол саласының басшылары қатысты.
4 тамызда партияның облыстық филиалы 125 мүмкіндігі шектеулі балаға тынығу лагерлеріне жолдама берді. Шараға партия өкілдерінен бөлек қайырымдылық көмек көрсетуші кәсіпкерлер, облыстық мәслихат депутаттары мен ерікті жастар қатысты. 
Сонымен қатар, облыста Қазақстан Коммунистік Халық партиясының облыстық филиалы қоғам өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. 
16 маусымда «Қазақстан коммунистік халық партиясы»  Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Тарих. Шындық немесе жалған» тақырыбында кездесу өтті. Шараға партия мүшелері мен аймақтық ҮЕҰ мен БАҚ жетекшілері қатысты. Кездесу барысында жастар тәрбиесі, ҰОС тарихын дұрыс ақпараттандыру мәселесі қаралды.
16 тамызда қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау мақсатында ҚКХП облыстық филиалында кездесу өткізілді. Шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, ҮЕҰ-дар мен БАҚ өкілдері және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты. 
20 қыркүйекте ҚКХП ұйымдастыруымен «Қазіргі таңдағы тұтынушы мен өнім беруші арасында қарым-қатынас» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. 
13 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г. Баймахановамен партия филиалының өкілдері кездесу ұйымдастырды. Шара барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығы мен жүзеге асыру жолдары талқыланды. 
Облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмысын жалғастыруда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 760-ты құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2017 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша 121 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған (http://din.gov.kz/kaz/baza_npo). ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамымыздағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
Азаматтық қоғам мен мемлекеттік арақатынастың кері байланыс және жаңа форматты механизмін қалыптастыру бағытында тәжірибелер өмірге еніп отыр.
Соңғы екі жыл көлемінде облыста азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру, олардың ұйым мүшелерінің мүдделерін көздейтін және қоғамдық маңызы жоғары жобаларының жүзеге асырылуына мүмкіндік жасау, осы мақсатта қаржылай көмек көрсету, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамның өзекті мәселелерін шешуге жұмылдыру мақсатында «Әлеумет» жобасы жүзеге асырылып келеді. 2016 жылы аталған жоба аясында үкіметтік емес ұйымдарының 16 жобасын жүзеге асыруға 21 млн. 218 мың теңге қаржы бөлінсе, ағымдағы жылы 20 жобаға 16 млн. 195 мың теңге қаржы бөлініп отыр.  
2017 жылы жобаларды қаржыландыру «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қоры тарапынан құрылған тәуелсіз сарапшылардың шешімі негізінде жүзеге асырылуда. 
Аталмыш жоба аясында есепті кезеңде 18 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде «Шексіз спорт» спорттық сайысы, «Медиация негізінде келіссөз жүргізуші тәсілдері», «Мәңгілік Ел» идеясын орнықтырудың заңнамалық тәсілдері» атты семинар-тренингтерді, ҚР Конституциясы күніне арналған шеру мен әскери-спорттық турнир, «Супер әже» тақырыбында байқау, «Hand-made» қолөнер көрмесі «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқауды атап өтуге болады. Сонымен қатар, облыстық «Ерлік» үйлестіру кеңесінің және әскери патриоттық тәрбиелеу орталығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. 
Үстіміздегі жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыруға облыстық, қалалық және аудандық бюджеттен 1 млрд. 181 млн. теңге қаралып, 170 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 21 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 
2017 жылы облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсыры бойынша «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 920 мың теңге қаржы қаралып, «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қорының үйлестіруімен облыста тіркелген ҮЕҰ-мен жұмыс жүргізілуде. Жоба мақсаты - ҮЕҰ-дарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, техникалық қолдау көрсету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту болып табылады.  Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 13 («Бабас» бизнес орталығы), 2 қабат. ҮЕҰ аталған мекен-жай бойынша тегін кеңес ала алады. Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беруде.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс жасауға бағытталған әлеуметтік жобалар аясында жыл басынан бері келесі шаралар атқарылды. 
ҮЕҰ-дың әлеуетін, халықтың құқытық сауаттылығын арттыру, ұлттық рухты көтеру және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында әлеуметтік жобалар аясында 43 кездесу, 78 кеңес беру, 19 дөңгелек үстел отырысы, 2 ашық есік күні, 7 түнгі рейд, 7 акция ұйымдастырылып, 5 байқау, 7 қоғамдық тыңдау, 23 семинар-тренинг пен 9 оқыту курсы, 9 тақырыпта 1500-ден астам әдістемелік құралдар мен 500 дана ақпараттық танымдық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, 1 халықаралық және 5 облыстық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. ҮЕҰ мен спикерлер пулы туралы мәліметтер қоры жасақталды, 120-дан астам мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына тұрақты мониторинг жүргізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 15 тұлғаға әлеуметтік бейімдеу бойынша көмек көрсетілді. Облыстың жетістіктері жайлы 170-ке жуық жаңалықтар мен ақпараттық посттар интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде жарияланды. ҚР Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету мақсатында «Жарылыс жаһанға жат» атты кітап шығарылды. Кітапқа Чернобыль АЭС жарылысының зардабын жоюға және Семей ядролық полгонында қызмет атқарған қызылордалықтар туралы мәліметтер енгізілген. 

Қоғамдық - маңызды шаралар

Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ауқымды шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері күнтізбелік жоспарға сәйкес 115 ірі көлемді шара өтті.

Оның ішінде, 2017 жылғы 28 наурызда Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция аясында Алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды. 

Сонымен қатар, қала орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.

30 наурызда құқық бұзушылық пен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Заң – тәртіп таразысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқық қорғау орган қызметкерлері, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, ата-аналар қатысты.

31 наурызда ҮЕҰ арналған ақпараттық – ресурстық орталық ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі және 30 астам ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Ресурстық орталық масқаты ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында және мемлекеттік органдармен өзара әріптестікті дамыту болып табылады.

30-31 мамырда Қызылорда облысында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық форум болып өтті. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, КХА Төрағасының орынбасары Д. Мыңбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев, сонымен қатар бірқатар зиялы қауым өкілдері мен Оңтүстік Корея, Түркия елдерінен және республика өңірлерінен келген ғалымдар мен форум делегаттары қатысты.

Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 

Биылғы форум жұмысы облыстағы 15 мекеме мен білім беру ұйымдарында өткізілген бейбітшілік сабақтарынан бастау алды. 

Форум аясында «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Сондай-ақ, «Алжир» деректі фильмінің көрсетілімі; «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917–2012)» хрестоматиясының таныстырылымы; «Тар жол-тайғақ кешу» тарихи-деректі көрмесі; Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық шарасы; Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылдың Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына қатысу сынды бірқатар шараларға қатысты.

Форум делегаттары ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған, қайта жаңартылған Мемориалдық ескерткіш жанында өткен «Азалы тарихқа тағзым» атты митинке қатысты. 

3 маусымда Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы-Жандарбек Мәлібеков, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.  Аймақ басшысы қызылордалықтарды 4 маусым-мемлекеттік рәміздер күнімен   құттықтады.  

Рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметке жақында қабылданғандар  ант қабылдады. Сонымен қатар, аймақтың бірқатар тұрғындары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олар: кәсіби біліктілігі арқасында ана мен оның сәбиін аман алып қалған Қосаман ауылдық округінің фельдшері Жанар Сержанова, алапат өрттен 20 адамды құтқарған №11 өртке қарсы қызмет бөлімінің мамандары, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Қуаныш Анарбай, шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбай және бірқатар облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Кирилл Денисов.  

5 маусымда Қызылорда облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл байқау Мемлекет басшысының  бастамасымен елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Сонымен, Шиелі ауданының тұрғындары Исламхановтар әулеті байқаудың жеңімпазы атанды. Отағасы Әрібжан Исламханов тыл ардагері және еңбек ері, жары - Назым Қалменова  "Батыр ана", "Алтын алқа" иегері. Шаңырақ құрғандарына 59 жыл болған отбасы бүгінде 10 баладан 40 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.

Ал, бірінші орынды Жалағаш ауданынан Ғаниевтер отбасы иеленсе, екінші орын аралдық Аймырзаевтар отбасына бұйырды. Жүлделі үшінші орынды сырдариялық Сұлтановтар отбасы мен жалағаштық Нұрмағанбетовтер отбасы қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданынан Арыновтар отбасы «Ұлағатты отбасы» номинациясымен, қармақшылық Шымбаевтар отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясымен, Қызылорда қаласынан Балмахановтар отбасы «Қамқорлық» номинациясымен, сырдариялық Мясцовтар әулеті «Отбасылық үйлесім» номинациясымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

26 маусымда Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті. Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.

Өз кезегінде қаламгерлер де облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді, әріптестерін құттықтап,  саланы дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстарын айтты.  

21 қыркүйекте А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде мемлекет және қоғам қайраткері Сейдулла Оспановты еске алуға арналған конференция өтті. Конференцияда облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев Сейдулла Оспанұлының туған өлкенің дамуына қосқан жұмыстары туралы атап өтті. Сонымен қатар, конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б. Жылқышиев, Оңтүстік Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Мәуленқұлов, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының құрметті азаматы С. Далдабаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Е. Омаров қатысып, естеліктерімен бөлісті. 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған «Семей полигонының жабылуы – Тәуелсіздіктің теңдессіз жеңісі» атты конференция ұйымдастырылды. Конференцияға облыстың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жоғары және орта оқу орнының оқытушылары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция барысында «Антиядролық қозғалыс – тәуелсіздік жаршысы» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы С. Тастанбек, «Ядролық қарусыз әлем – адамзаттың ізгі мұраты» тақырыбы бойынша «Невада – Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Әбіш, «Манифест – жаһандық қарусызданудың негізгі құжаты» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Н. Мынжасов баяндама жасады.

Сонымен қатар, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жастар бойындағы отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы елелулі еңбегі үшін облыстың бірқатар азаматтары Алғыс хаттармен марапатталды. 

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
2017 жылғы 7 наурызда облыс әкімдігінің № 732 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітіліп, 2017 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 31,7 млн. теңге қаржы бөлінді.
Басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы  мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлері мен жеке тұлғаларға мемлекеттік және ағылшын тілдері тегін оқытылуда.
Есепті мерзімде 239 адам мемлекеттік тілді, 90 адам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
11 қаңтарда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша 14 жалпы білім беретін мектептердің білім сапасы мен тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың оқу тіліне талдау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдері бойынша 3 (үш) бірдей мұғалімнің маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазуы мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкісінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталып, нәтижесімен тиісті ұсыныстар берілді.  
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ҚР Ұлттық Ұланы 5547 және 2019 әскери бөлімдерінде «Ана тілім - айбыным» тақырыбында ашық сабақтар және Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы  «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру» тапсырмасын халық арасында түсіндіру мақсатында  2017 жылғы 14 сәуір күні Қызылорда қоғамдық телеарнасының «Мезгіл мәселесі» хабарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары Ж. Сәдуақасұлы, А. Абасилов пен облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Н. Мусаеваның  сұхбаттары берілді.
28 сәуірде облыстағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің басшылары, мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі мен көтерілген тақырыптардың салмақтылығын талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, мақалада көтерілген латын әліпбиіне көшу бойынша  2017 жылдың 5 мамыры күні облыс әкімдігінде қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың отырысы өткізіліп, қорытындысымен, ҚР Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне    А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Әлімхан Жүнісбек әзірлеген латын әліпбиінің «Ұлттық жобасын» жаңа графика ретінде қабылдауға ұсыныстар жолданды.
12 қыркүйекте «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында идеологиялық актив жиыны өткізілді.
Латын әліпбиіне көшуді қолдау бағытында облыстық іс-шаралардың желілік кестесі әзірленіп, филолог-ғалымдардан, тіл мамандарынан ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Кестеге сәйкес 11 қыркүйектен бастап қала, аудандарда, мекемелер мен кәсіпорындарда түсіндіру, насихаттау шаралары жүргізілуде. Бүгінде бұл бағытта, барлығы 166 шара өткізіліп, оған 7224 адам қамтылды. 
Сонымен қатар, облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» және «Үштілділікті насихаттау», «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылуда. 
 «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында а.ж. 11 сәуірінде қазақ тілді жастар арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана», 20 сәуірде Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері мен 11 мамырда Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы, сондай-ақ,  мемлекеттік қызметшілер арасында 6 маусымда «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Тіл шебері-2017» облыстық байқаулары, 22 қыркүйекте  «Тілі бірдің – тілегі бір» облыстық жастар форумы, 4 қазанда үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын-2017» олимпиадасы ұйымдастырылды.
«Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысында 27 наурыз - 5 сәуір аралығында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын, үштілділік саясатын түсіндіру, насихаттау мақсатында басқарманың және білім саласы қызметкерлері мен филолог ғалымдардан облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып,  Қызылорда қаласы мен аудандарда «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында семинарлар өткізілді.
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, наурыз-мамыр айларында барлығы 500 шара өткізілді. Өткізілген шараларға қала мен аудандардағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, барлығы 14693 адам қатысты. Барлық шаралар қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында ақпараттандырылды.
18 сәуір күні жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінен құралған командалар арасында «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс, 19 мамыр күні қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық байқаулары өткізілді. 
2017 жылдың 20 маусымынан бастап облыста «Қазтест» жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік маңызды жобасы іске асырылуда. Жоба аясында аудандық,  қалалық, және облыстық әкімдіктердің 675 мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік қызмет көрсетеін ұйым қызметкерлеріне екі күндік семинар-тренингтер өткізілуде. 
21-25 тамыз күндері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп 1520 түрлі сала қызметкерінің «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтуі ұйымдастырылды.
Жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті» телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тоқсан сайын тұрақты берілуде. 
Есепті мерзімде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үштілділікті насихаттау мақсатында жергілікті телеарналар арқылы 2 бейнеролик, 50-ден аса сюжет көрсетілсе, БАҚ-тарда 300-ге жуық мақала жарық көрді.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша 9 айдың қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 100%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98% құрады.
Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 99,5% - мемлекеттік тілді, 76,5% - орыс тілін, 13,7% - ағылшын тілін, 13,6% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.
Дін саласы бойынша 
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 178 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 167 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.
Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылғы 9 айында түрлі форматта  2515 іс-шара ұйымдастырылып, оған 84 000 адам қатысты. 
Нақтылар болсақ, облыстық ішкі саясат басқармасымен аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға арқылы Республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырып келеді.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары аясында 3-5 және 28-30 наурыз аралығында Илимбаев Ризабек Батталұлы мен Еркінбек Шоқай, Қызылорда қаласында іс-сапарда болып, адрестік кездесулер өткізсе, 28 сәуірде Кеңшілік Тышхан, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті тұрғындарының қатысуымен "Діни тұрақтылық - мемлекет қауіпсіздігінің тұғыры" тақырыбында өткен конференция жұмысына қатысты.
10 мамырда аймақтағы дін саласындағы АТТ (облыстық, қалалық, аудандық) мүшелеріне, кент және ауылдық округ әкімдеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу профилактикасы» тақырыбында 8 сағаттық семинарға РАНТ мүшесі Иржанов Руслан Самарханұлы шақыртылып, дәріс оқыды.
18 мамырда психолог Койшиева Лимана Құттыбекқызын және Тілегенова Ақбөпе Қанатқызын арнайы шақыртып, «Қазіргі қоғамның рухани-өнегелік жаңғыруындағы қыз баланың орны» тақырыбында мешіттен дәріс алушы қыздар жамағаты, оқу орындарының қыз балалары мен қыздар клубтарының жетекшілері, университет мұғалімдері, оқу орындарының студенттеріне семинар-тренинг өткізілді.
Сондай ақ, үстіміздегі жылғы 20-25 тамыз аралығында аймағымызға 
ҚР ҰҚК Академиясының психологы Шакимова Лола Сергеевна келген болатын. Қызылорда, Байқоңыр қаласы мен Арал, Қазалы аудандарында «Діни экстремизм және терроризм профилактикасын жүргізу, сапасын арттыру» тақырыбында бірнеше семинар өткізді. Кездесулерге терроризмге қарсы комиссия мүшелері, облыстық ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері, құқық қорғау саласының қызметкерлері, орта және арнаулы орта оқу орындары директорлары қатысты. 
Сонымен қатар, үстіміздегі 23-28 тамыз аралығында РАНТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторы Әкімханов Асқар Болатбекұлы шақыртылып, қала мен аудан мешіттерінің келушілерімен, түзету мекемесіндегі экстремизм және терроризм бабы бойынша сотталушы тұлғалармен және деструктивті діни ағымды ұстанушы азаматтармен адрестік жеке кездесулер өткізсе, 21-29 тамыз аралығында РАНТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, магистрант Рахымгазиев Жайдар Тұрғанбекұлы келіп, Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 819 материал жарық көрді. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 255 материал, баспа БАҚ-та – 272 мақала жарық көрсе, интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде 292 материал орналаcтырылды. 
ІІ жартыжылдыққа арналған Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен есепті мерзімде 20 шара ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, есепті мерзімде 1000-нан астам әлеуметтіңк желілердегі топтарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 451 топ ҚР Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 180 топқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.
Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бойынша
Есепті кезеңде облыстық ономастика комиссиясының бір отырысы өткізілді. Отырыс барысында 76 ұсыныс қаралып, 74-не оң қорытынды берілді. Қазіргі уақытта облыс бойынша 92 көше тарихи және дәстүрлі атаулармен ауыстырылды. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 71 топонимикалық атаулар енгізілді.
Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында  822 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.
Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті. 
Отырыста Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылу мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды. 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің  25 жылдығын кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді.
Қоғамдық көліктерде, аэропорттарда, темір жол вокзалдарында  және ірі кәсіпорындарда 4 маусым күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалды.
Басқарманың ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік Рәміздері аллеясында «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!» атты мерекелік қорытынды шара   өткізілді. 
Шараға  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, белгілі сәулетші Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, өңіріміздегі этномәдени бірлестік өкілдері, әскери қызметкерлер, саяси партия, үкіметтік емес ұйым мүшелері,  олимпиада және спорт саласының жеңімпаздары, БАҚ өкілдері, белсенді жастар қатысты. 
Сонымен қатар, қала орталығындағы Оқушылар үйінде оқушылардың қатысуымен «Ел рәміздері – асыл мұрамыз»  атты жас суретшілер байқауы өткізілді. 
Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінде «Көк байрағым көгімде» атты  жастар акциясы ұйымдастырылды. 
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы 21-бабы талаптарының сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Қорытындысы бойынша 388 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 67 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды. 
«Қызылорда облысының білім, мәдениет, спорт ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы жасалынып, тиісті министрліктерден келісім алынуда.  
 
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2017 жылдың I жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстарының  есебі

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.
Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Жыл басынан бері картаға 44 мәселе кенгізіліп, I жартыжылдық қорытындысы бойынша 12 мәселе шешімін табуына байланысты бақылаудан алынды. 
Сонымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру туралы 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө-өкімімен 129 адамнан жасақталған 9 облыстық ақпараттық-насихаттық топ (әрбір аудан, Қызылорда және Байқоңыр қалаларына) құрылды. Осындай топтар барлық аудандармен Қызылорда қаласында құрылып барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді. 
Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді. Топ жетекшілігіне облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бекітілді. 
Облыстық ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы кезең-кезеңімен ұйымдастыру жоспарланып, мүшелерінің елді-мекендерге шығу жоспары тоқсан сайын ұйымдастырылады. Есепті мерзімінде ақпараттық топ барлығы 1 435 арнайы шараға қатысып, 139 057 мыңнан астам тұрғын Жолдаудан туындайтын міндеттер бойынша ақпарат алмасты. Сонымен қатар, Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында 2017 жылдың 22 сәуірінде іс-шаралар Жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге жалпы 159 іс-шара ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бағытында 2017 жылдың 2 ақпан күні бекітілген облыстық медиа-жоспарға сәйкес материалдар топтамасы жариялануда. 
Елбасы Жолдауы бойынша жергілікті БАҚ-та облыстық медиа жоспарға сәйкес «Жолдау», «Тұрғын үй құрылысы», «Жаңа жағдайдағы Жолдау», «Жолдаудан кейінгі пікірлер, үн қосу», «Аймақ», «Мнение», «Послание Президента народу Казахстана», «Жүректе жол тапқан Жолдау», «Қоғам», «Жолдау-ел дамуының басты бағыты», «Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы», «Бағыт» атты айдарлармен барлығы 783 материал жарық көрді. 
Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» және тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналары арқылы күндізгі жаңалықтар көрсетілімі мен «Үштаған», «Аптаның алты ауызы», «Қазақстан-2050», «Өзекжарды», «Мезгіл мәселесі» бағдарламаларынан 408 сюжет көрсетілді. Сонымен бірге, Елбасы Жолдауының әрбір бағытын түсіндіруге арналған мемлекеттік орган басшыларының 49 брифингі ұйымдастырылды.
Саяси партиялармен жұмыс
Бүгінгі күні Қызылорда облысында 6 саяси партияның (комитет және өкілдік) облыстық филиалы тіркелген. 
Аймағымызда 65 мыңнан астам азамат саяси партиялардың құрамына кірген: 47 547 адам- «Нұр Отан» партиясы, 6905 адам – «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2724  адам – «Ауыл» ХДПП, 5070 адам – «ҚКХП», 360 адам – «Бірлік» париясы және 3000 адам «ЖСДП».
Есепті мерзімде саяси партиялар тарапынан атқарылған маңызды шаралар төмендегідей:
2017 жылғы 31 мамырда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының қатысуымен мәжіліс өткізілді. Мәжіліс модераторы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы облыстық филиалының төрағасы С. Өмірзақов болса, баяндаманы   «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасы А. Бектаев жасады. 
16 маусымда «Қазақстан коммунистік халық партиясы»  Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Тарих. Шындық немесе жалған» тақырыбында кездесу өтті. Шараға партия мүшелері мен аймақтық ҮЕҰ мен БАҚ жетекшілері қатысты. Кездесу барысында жастар тәрбиесі, ҰОС тарихын дұрыс ақпараттандыру мәселесі қаралды.
22 маусымда «Қазақстан – 2050» демократиялық күштердің облыстық коалициясы отырысы өтті. Жиында «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудыӊ 100 нақты қадамындағы» Заӊныӊ үстемдігін қамтамасыз ету бағытының аймақта жүзеге асырылуы талқыланды. 
2010 жылда құрылған облыс әкімдігі жанынан саяси партиялармен байланыстар жөніндегі Қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.
Кеңес  саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.
Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны  бүгінгі күні 760-ты құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар. 
2017 жылғы 12 сәуірдегі жағдай бойынша 121 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынған  (http://din.gov.kz/kaz/baza_npo).  ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Қазіргі таңда облыста азаматтық сектор тұрақты даму үстінде және облыс әкімдігімен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамымыздағы маңызды мәселелерді шешуге тартуда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 
Азаматтық қоғам мен мемлекеттік арақатынастың кері байланыс және жаңа форматты механизмін қалыптастыру бағытында тәжірибелер өмірге еніп отыр.
Соңғы екі жыл көлемінде облыста азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік белсенділіктерін арттыру, олардың ұйым мүшелерінің мүдделерін көздейтін және қоғамдық маңызы жоғары жобаларының жүзеге асырылуына мүмкіндік жасау, осы мақсатта қаржылай көмек көрсету, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қоғамның өзекті мәселелерін шешуге жұмылдыру мақсатында «Әлеумет» жобасы жүзеге асырылып келеді. 2016 жылы аталған жоба аясында үкіметтік емес ұйымдарының 16 жобасын жүзеге асыруға 21 млн. 218 мың теңге қаржы бөлінсе, ағымдағы жылы 20 жобаға 16 млн. 195 мың теңге қаржы бөлініп отыр.  
2017 жылы жобаларды қаржыландыру «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қоры тарапынан құрылған тәуелсіз сарапшылардың шешімі негізінде жүзеге асырылуда. 
Үстіміздегі жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыруға облыстық, қалалық және аудандық бюджеттен 1 154 694 мың. теңге қаралатын болса, есепті мерзімінде 1 109 821 мың. теңге қаралып, 153 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 21 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 
2017 жылы облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсыры бойынша «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасына облыстық бюджеттен 4 млн. 920 мың теңге қаржы қаралып, «Қазақылықтың Атамекені» қоғамдық қорының үйлестіруімен облыста тіркелген ҮЕҰ-мен жұмыс жүргізілуде. Жоба мақсаты - ҮЕҰ-дарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, техникалық қолдау көрсету, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қатынасты нығайту болып табылады.  Орталық мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 13 («Бабас» бизнес орталығы), 2 қабат. ҮЕҰ аталған мекен-жай бойынша тегін кеңес ала алады. Аталған жоба аймақтың ҮЕҰ-на ақпараттық-әдістемелік көмек беру үшін жүзеге асырылып отыр.    
Жоба аясында үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға бағытталған жыл көлемінде 5 семинар-тренинг,  4 дөңгелек үстел, 4 кездесу, күнделікті заңгер мамандардың кеңес беруі жүзеге асырылуда. Есепті мерзімде жоба аясында «Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен жұмыс жасауды үйрену» тақырыбындағы оқыту семинары қазақ және орыс тілінде өткізілді. «Жаңа конституциялық жағдайдағы Қазақстан» тақырыбында «SarapTime» Сарапшылар клубының отырысы ұйымдастырылып, елімізге танымал спикерлер аймағымыздағы ҮЕҰ-дан құрылған спикерлермен өзара пікір алмасты.   Есепті мерзімде жоба аясында ҮЕҰ-ға 100-ге жуық құқықтық кеңестер берілді.    Сонымен қатар, ҮЕҰ-дар көп тіркелген Сырдария,  Қармақшы аудандарында және Байқоңыр қаласында ресурстық орталықтар жұмыс жасауда. Аталған аудандық ресурстық орталықтардың жұмысына жергілікті бюджеттен   7 млн. 437 мың тг қаржы қарастырылған.
Бұл жұмыстар мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара әріптестігі көздеген мақсаттарға қол жеткізіп қана қоймай, елімізді демократияландыру стратегиясын тиімді жүзеге асыруға жол ашатыны сөзсіз.
Қоғамдық - маңызды шаралар
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ірі көлемді шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес 2017 жылдың I жартыжылдығында 72 ірі көлемді  шара өтті. 
Күнтізбелік жоспарға 2017 жылдың айтулы даталары - «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, Алаш Орда қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция және мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіштің ашылуы, «Экспо-2017» еріктілерінің слеті, ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл, Елорданың Алматыдан Астанаға ресми көшуінің 20 жыл, 4 қазан - Дүние жүзіндегі ең тұңғыш жасанды Жер серігінің ұшырылуының 60 жыл толуы, «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері  және басқа да ауқымды шаралар мен мемлекеттік, кәсіби мерекелер, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру енгізілген.
2017 жылғы 17 наурызда  Достық үйінде «SarapTime» сарапшылар клубының отырысы өтті. «Жаңа конституциялық жағдайдағы Қазақстан» тақырыбына арналған отырысқа Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі А.Нығметов, «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» ММ жетекші ғылыми қызметкері М.Ғабдуалиев қатысты. 
2017 жылғы 28 наурызда Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция аясында Алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды. 
Сонымен қатар, қала орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.
Үстіміздегі жылғы 30 наурызда құқық бұзушылық пен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Заң – тәртіп таразысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқық қорғау орган қызметкерлері, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, ата-аналар қатысты.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2017 жылғы 31 наурызда ҮЕҰ арналған ақпараттық – ресурстық орталық ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі және 30 астам ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Ресурстық орталық масқаты ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында және мемлекеттік органдармен өзара әріптестікті дамыту болып табылады.
2017 жылы 30-31 мамырда Қызылорда облысында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық форум болып өтті. Форумға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова, КХА Төрағасының орынбасары Д. Мыңбай, облыс әкімі Қ. Көшербаев, сонымен қатар бірқатар зиялы қауым өкілдері мен Оңтүстік Корея, Түркия елдерінен және республика өңірлерінен келген ғалымдар мен форум делегаттары қатысты.
Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық бірлікті нығайтуға, тарихи жадыны жаңғыртып, келер ұрпаққа мирас етуге, сондай-ақ, осы мақсаттағы азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы ықпалдастықты арттыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 
Биылғы форум жұмысы облыстағы 15 мекеме мен білім беру ұйымдарында өткізілген бейбітшілік сабақтарынан бастау алды. 
Форум аясында «Тарихи жады және тағылым – рухани жаңғырудың негізі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 
Сондай-ақ, «Алжир» деректі фильмінің көрсетілімі; «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917–2012)» хрестоматиясының таныстырылымы; «Тар жол-тайғақ кешу» тарихи-деректі көрмесі; Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қайырымды ел» қайырымдылық шарасы; Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылдың Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысына қатысу сынды бірқатар шараларға қатысты.
Сонымен бірге, Форум делегаттары ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған, қайта  жаңартылған Мемориалдық ескерткіш жанында өткен «Азалы тарихқа тағзым» атты митинке қатысты. 
3 маусымда Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы-Жандарбек Мәлібеков, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.  Аймақ басшысы қызылордалықтарды 4 маусым-мемлекеттік рәміздер күнімен   құттықтады.  
Рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметке жақында қабылданғандар  ант қабылдады. Сонымен қатар, аймақтың бірқатар тұрғындары облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Олар: кәсіби біліктілігі арқасында ана мен оның сәбиін аман алып қалған Қосаман ауылдық округінің фельдшері Жанар Сержанова, алапат өрттен 20 адамды құтқарған №11 өртке қарсы қызмет бөлімінің мамандары, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Қуаныш Анарбай, шахматтан әлем чемпионы Әсел Серікбай және бірқатар облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері, «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Кирилл Денисов.  
5 маусым күні Қызылорда облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл байқау Мемлекет басшысының  бастамасымен елімізде 2014 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Сонымен, Шиелі ауданының тұрғындары Исламхановтар әулеті байқаудың жеңімпазы атанды. Отағасы Әрібжан Исламханов тыл ардагері және еңбек ері, жары - Назым Қалменова  "Батыр ана", "Алтын алқа" иегері. Шаңырақ құрғандарына 59 жыл болған отбасы бүгінде 10 баладан 40 немере, 16 шөбере сүйіп отыр.
Ал,бірінші орынды Жалағаш ауданынан Ғаниевтер отбасы иеленсе, екінші орын аралдық Аймырзаевтар отбасына бұйырды. Жүлделі үшінші орынды сырдариялық Сұлтановтар отбасы мен жалағаштық Нұрмағанбетовтер отбасы қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, Жаңақорған ауданынан Арыновтар отбасы «Ұлағатты отбасы» номинациясымен, қармақшылық Шымбаевтар отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясымен, Қызылорда қаласынан Балмахановтар отбасы «Қамқорлық» номинациясымен, сырдариялық Мясцовтар әулеті «Отбасылық үйлесім» номинациясымен марапатталды. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
26 маусым күні Қызылордада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Қанатты қалам» журналистер форумы өтті. Аймақ басшысы республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыстар тіледі.
Өз кезегінде қаламгерлер де облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыстарын жеткізді, әріптестерін құттықтап,  саланы дамыту бойынша ой-пікір, ұсыныстарын айтты.  
Қазіргі таңда облыстың медиа кеңістігінде 90-нан аса бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді. Бұл салада 2 мыңнан астам адам еңбек етеді.
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 92 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 83 баспа БАҚ (олардың ішінде 25-журнал, 58-газет). 
2017 жылғы І тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-тың 50% мемлекеттік тілде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығарылады. 
Интернет желісінде 16 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 13 ақпанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 161 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
Соңғы 5 жылда мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаражат 2,6 есеге ұлғайды. 2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2017 жылы осы мақсатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді (ақпарат үшін: 2013 ж. – 406 019,0 мың. тг., 2014 ж. – 566 825,0 мың. тг., 2015 ж. - 636 364,0 мың. тг., 2016 ж. - 621 700,0 мың. тг. бөлінді).
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 72 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 49 тікелей эфирдегі сұхбат, басқарма тарапынан 52 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2017 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 107 375 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 79%-ын құрайды.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.
2017 жылғы 7 наурызда облыс әкімдігінің № 732 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітілді.
2017 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 31,7 млн. теңге қаржы бөлінді.
Басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және басқа да ұйым қызметкерлеріне, сонымен қатар жеке тұлғаларға мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін оқытуда.
Есепті мерзімде орталық арқылы 186 адам мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 62 адам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
11 қаңтарда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша 14 жалпы білім беретін мектептердің білім сапасы мен тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың оқу тіліне талдау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдері бойынша 3 (үш) бірдей мұғалімнің маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазуы мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкісінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталып, нәтижесімен тиісті ұсыныстар берілді.  
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ҚР Ұлттық Ұланы 5547 және 2019 әскери бөлімдерінде «Ана тілім - айбыным» тақырыбында ашық сабақтар және Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
2017 жылдың 9 наурызында Орталық коммуникациялар орталығында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға бағытталған  2 әлеуметтік жобаның таныстырылымы өтті. 
27 наурыз - 5 сәуір аралығында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын, үштілділік саясатын түсіндіру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында басқарманың және білім саласы қызметкерлері мен филолог ғалымдардан облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып,  Қызылорда қаласы мен аудандарда «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында семинарлар өткізілді. 
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, наурыз-мамыр айларында барлығы 500 шара өткізілді. Өткізілген шараларға қала мен аудандардағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, барлығы 14693 адам қатысты. Барлық шаралар қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында ақпараттандырылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы  «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру» тапсырмасын халық арасында түсіндіру мақсатында  2017 жылғы 14 сәуір күні Қызылорда қоғамдық телеарнасының «Мезгіл мәселесі» хабарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары Ж. Сәдуақасұлы, А. Абасилов пен облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Н. Мусаеваның  сұхбаттары берілді.
28 сәуірде облыстағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің басшылары, мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі мен көтерілген тақырыптардың салмақтылығын талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, мақалада көтерілген латын әліпбиіне көшу бойынша  2017 жылдың 5 мамыры күні облыс әкімдігінде қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың отырысы өтіп, қорытындысымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек әзірлеген латын әліпбиінің «Ұлттық жобасын» жаңа графика ретінде қабылдауға ұсыныстар жолданды.
Сонымен қатар, облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» және «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылуда. 
Жобалар аясында облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау және қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, үш тілді жетік меңгерген жастарды қолдау және ынталандыру, ономастика және көрнекі ақпарат салаларындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру, тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді көтеру, облыс тұрғындары арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу, шаралар өткізу, т.б. жоспарланды.
«Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында а.ж. 11 сәуірі күні қазақ тілді жастар арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана», 20 сәуір күні Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері мен 11 мамыр күні Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы, сондай-ақ,  мемлекеттік қызметшілер арасында 6 маусым күні «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Тіл шебері-2017» облыстық байқаулары ұйымдастырылды.
 «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысында 2017 жылдың 27 наурызында қала тұрғындары, қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері мен мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен «Тілдерді меңгеру – заман талабы» атты облыстық семинар, 18 сәуір күні жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінен құралған командалар арасында «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс, 19 мамыр күні қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық байқаулары өтті. 
2017 жылдың 20 маусымынан бастап облыста «Қазтест» жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік маңызды жобасы іске асырылуда. Жоба аясында аудандық,  қалалық, және облыстық әкімдіктердің 675 мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік қызмет көрсетеін ұйым қызметкерлеріне екі күндік семинар-тренингтер өткізілуде. 
Есепті мерзімде жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті» телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тұрақты берілуде. 
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша І жартыжылдықтың қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98% құрады.
Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында мамыр айында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 99,5% - мемлекеттік тілді, 76,5% - орыс тілін, 13,7% - ағылшын тілін, 13,6% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үштілділікті насихаттау мақсатында БАҚ-тарда 152 мақала жарық көрсе, эфирден 5 телебағдарлама, 1 бейнеролик, жергілікті телеарналардан 37 сюжет көрсетілді.
Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша 
Есепті кезеңде облыстық ономастика комиссиясының бір отырысы өткізілді. Отырыс барысында 76 ұсыныс қаралып, 74-не оң қорытынды берілді. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 56 топонимикалық атаулар енгізілді. Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында      602 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.
Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті. 
Отырыста Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылу мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды. 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің  25 жылдығын кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді.
Қоғамдық көліктерде, аэропорттарда, темір жол вокзалдарында  және ірі кәсіпорындарда 4 маусым күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалды. 
Басқарманың ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік Рәміздері аллеясында «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!» атты мерекелік қорытынды шара   өткізілді. 
Шараға  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, белгілі сәулетші Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, өңіріміздегі этномәдени бірлестік өкілдері, әскери қызметкерлер, саяси партия, үкіметтік емес ұйым мүшелері,  олимпиада және спорт саласының жеңімпаздары, БАҚ өкілдері, белсенді жастар қатысты. 
Сонымен қатар, қала орталығындағы Оқушылар үйінде оқушылардың қатысуымен «Ел рәміздері –асыл мұрамыз»  атты жас суретшілер байқауы өткізілді. 
Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінде «Көк байрағым көгімде» атты  жастар акциясы ұйымдастырылды. 
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы 21-бабы талаптарының сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Қорытындысы бойынша 368 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 65 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды. 
Дін саласы бойынша 
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында   176 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 165 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.
Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылғы І жарты жылдықта түрлі форматта 1252 іс-шара ұйымдастырылып, оған 60 мың адам қатысты. Жергілікті БАҚ-та 522 ақпараттық метариалдар жарияланды. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 144 материал, баспа БАҚ-та – 85 мақала жарық көрді. Интернет желісінде діни тақырыпта 293 материал орналаcтырылды. 
Тұрғындармен жұмыстың негізгі көзі халық көп шоғырланатын қоғамдық орталарда, яғни, сауда орындары, автотұрақтар, темір жол вокзалдары, ауылдық округтер мен елдімекендерге қатынайтын жолаушылар көлігінде, саяжайлар мен аулаларда жүргізілуде.
Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивті діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер іс-шараларда халыққа таратылуда.
Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2017 жылғы І жартыжылдықта өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары және теологтардың кездесу кестесі бекітілген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, теологтар жазасын өтеушілермен 102 кездесу өткізіп, кездесулердің 68-і діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандармен жүргізілді.
2017 жылғы І жарты жылдықта 700-ден астам интернет сайттарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 227 сайт ҚР Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 43 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.
Сонымен қатар, экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2017 жылдың I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстарының  есебі 

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.

Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады. Жыл басынан бері картаға 36 мәселе кенгізіліп, 1 тоқсан қорытындысы бойынша 4 мәселе шешімін табуына байланысты бақылаудан алынды. 
Сынымен қатар, тұрғындар үшін облыс әкімдігінің ресми сайтында http://e-kyzylorda.gov.kz/kk/blog арнайы сілтемесі орналастырылып, тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша хабарласу мүмкіндігі жасалды.
Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады. Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру туралы 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө-өкімімен 129 адамнан жасақталған 9 облыстық ақпараттық-насихаттық топ (әрбір аудан, Қызылорда және Байқоңыр қалаларына) құрылды. Осындай топтар барлық ауданда рмен Қызылорда қаласында құрылып барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді. 
Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді. Топ жетекшілігіне облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы және «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары бекітілді. 
Облыстық ақпараттық-насихаттық топтың жұмысы кезең-кезеңімен ұйымдастыру жоспарланып, мүшелерінің елді-мекендерге шығу жоспары тоқсан сайын ұйымдастырылады. Есепті тоқсанда 10 ақпан – 16 наурыз аралығында ақпараттық топ барлығы 431 арнайы шараға қатысып, 32 мыңнан астам тұрғын Жолдаудан туындайтын міндеттер бойынша ақпарат алмасты.
Есепті мерзімде облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан күніне 8 реттен  Жолдаудың басым бағыттары бойынша телекестелер көрсетілуде. «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерімен қоса, басқа да жергілікті баспа басылымдарда «Жолдау», «Жолдауға қолдау», «Ел үні», «Идеологиялық актив», «Послание Президента РК: резонанс», «Елбасы Жолдауы - елдіктің арқауы», «Жолдау-насихат» арнайы айдарлары ашылып, 223 материал жарияланды.
Жолдаудың міндеттері мен негізгі бағыттарының мен іске асырылу барысын түсіндіру мақсатында жергілікті БАҚ-та 49 инфографика орналастырылды.
Сонымен қатар, 2017 жылғы 2 ақпанда қала, аудан әкімдері мен облыстық басқармалар, аумақтық департамент және инспекция басшыларының Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг беру кестесі бекітіліп, бүгінгі күні 16 брифинг өткізілді.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде де кеңінен ақпараттандырылуда. 
Облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурсында (https://e-kyzylorda.gov.kz/?q=kk/content/prezidenttin-zholdaulary) Жолдау логотипі орналастырылды. Орындалу нәтижесі тоқсан сайын жаңартылып отырады. 
Республикалық ақпараттық топ мүшелерінің және қоғамдық пікір көшбасшыларының облыс тұрғындарына Елбасы Жолдауын насихаттауы, сұхбаттар мен пікірлер, атқарылған шаралар нәтижелері «Kazakhstan today», «strategy2050.kz», «kyzylorda-news.kz», «liter.kz», «kyzylorda.i-news.kz», «seykhuninfo.kz», «alashinform.kz», «syrboyi.kz», «kzvesti.kz», «palata.kz» сайттарында кеңінен насихатталып, есепті мерзімде барлығы 180 материал жарияланды. 
«Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі «Өңірлік коммуникациялар қызметі», «Қызылорда облысы әкімдігі», «Облыстық ішкі саясат басқармасы Қызылорда», «Ақпарат орталығы», «Қызылорда қаласының әкімдігі» мен аудан әкімдіктерінің ресми парақшаларында 950 материал орналастырылды.
«Вконтакте» әлеуметтік желісі мен «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі жалпыға ортақ «Кызылорда», «Афиша Кызылорды» топтарына «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі «7242kyzylorda», «kyzylorda_palata», «rsk.kyzylorda» парақшаларына 38 мотиватор орналастырылды. 
Аталған материалдар #ЖОЛДАУ2017 хэштегін пайдалана отырып жариялануда. 
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 86 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 77 баспа БАҚ (олардың ішінде 21-журнал, 56-газет). 
2017 жылғы І тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-тың 50% мемлекеттік тілде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығарылады. 
Интернет желісінде 13 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).
Сонымен қатар kyzylorda-news.kz, alashinform.kz,  seykhuninfo.kz. сайттары жұмыс жасайды. 
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 13 ақпанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 161 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
Соңғы 5 жылда мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаражат 2,6 есеге ұлғайды. 2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2017 жылы осы мақсатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді (ақпарат үшін: 2013 ж. – 406 019,0 мың. тг., 2014 ж. – 566 825,0 мың. тг., 2015 ж. - 636 364,0 мың. тг., 2016 ж. - 621 700,0 мың. тг. бөлінді).
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 37 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 25 тікелей эфирдегі сұхбат, сонымен бірге, басқарма тарапынан 24 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2017 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 104 660 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 76%-ын құрайды.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.
2017 жылғы 7 наурызда облыс әкімдігінің № 732 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітілді.
2017 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 27,9 млн. теңге қаржы бөлінді.
Басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және басқа да ұйым қызметкерлеріне, сонымен қатар жеке тұлғаларға мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін оқытуда.
Есепті мерзімде орталық арқылы 62 адам мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 18 адам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
11 қаңтарда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша 14 жалпы білім беретін мектептердің білім сапасы мен тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың оқу тіліне талдау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдері бойынша 3 (үш) бірдей мұғалімнің маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазуы мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкісінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталып, нәтижесімен тиісті ұсыныстар берілді.  
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ҚР Ұлттық Ұланы 5547 және 2019 әскери бөлімдерінде «Ана тілім - айбыным» тақырыбында ашық сабақтар және Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
2017 жылдың 9 наурызында Орталық коммуникациялар орталығында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға бағытталған  2 әлеуметтік жобаның таныстырылымы өтті. 
27 наурыз - 5 сәуір аралығында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын, үштілділік саясатын түсіндіру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында басқарманың және білім саласы қызметкерлері мен филолог ғалымдардан облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып,  Қызылорда қаласы мен аудандарда «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында семинарлар өткізілді. 
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, наурыз айында барлығы 160 шара өткізілді. Өткізілген шараларға қала мен аудандардағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, барлығы 4741 адам қатысты. Барлық шаралар қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында ақпараттандырылды.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша І тоқсанның қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 100%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98,2% құрады.
Сондай-ақ, қаңтар айында Жалағаш ауданындағы Т. Жүргенов атындағы № 123 мектеп-лицейі мен «Жандинұр» балабақшасына, Қызылорда қаласындағы № 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты және Қазалы аудандық мәслихаты аппаратына оқу-әдістемелік құралдар берілді.
Есепті мерзімде басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы ұйымдастырылды.
Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша 
2016 жылғы 26 желтоқсанда Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия төрағасы, облыс әкімі Қ. Көшербаевпен Мемлекеттік рәміздерді қолдану, қадағалау және ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізудің 2017 жылға арналған жоспары бекітілді.
Жұмыс жоспарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің  25 жылдығына арналған ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар ұйымдастырып, өткізу және ақпараттық-насихаттық жұмыстары енгізіліп, жоспарға сәйкес Қызылорда қаласы және барлық аудандарда шаралар өткізілуде.
2017 жылғы 20-24 ақпан күндері облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында барлық аудандар мен кент және ауылдық округтерде бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.
2017 жылғы 10 наурызда облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «ҚР мемлекеттік рәміздерін орналастыру тәртібі мен стандартқа сәйкес қолданылуы» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А. Қайруллаев, басқарма басышысының орынбасары Ә. Жарылқағанов пен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы  Е. Кеулімжаев, сонымен бірге мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Семинар барысында басқарма басшысының орынбасары Ә. Жарылқағанов,  Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е. Кеулімжаев «ҚР Мемлекеттік рәміздерді орналастыру тәртібі мен стандартқа сәйкес қолданылуы» тақырыбында хабарлама жасады.
Семинар соңында қатысушылар сұрақ қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.
Өңіріміздегі ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында облыс аумағындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасыз қойылған әлеуметтік нысандар мен көше атауларының базасы жасалды. Нәтижесінде, облыс бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген 107, атауы жоқ 362 көше анықталды. Сондай-ақ, 2 ауылдық округ және  5 бөлімше,  6 ауыл, 3 мектеп қайта атауға жатады. 
«Қызылорда облысының білім беру және мәдениет мекемелеріне атау беру мен қайта атау туралы» ҚР Үкіметінің  қаулысы шықты. Осыған байланысты,  тиісті заңнамаларға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Дін саласы бойынша 
Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 175 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 164 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.
Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылғы І тоқсанда түрлі форматта 505 іс-шара ұйымдастырылып, оған 24918 адам қамтылды. Жергілікті БАҚ-та 401 ақпараттық метариалдар жарияланды. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 121 материал, баспа БАҚ-та – 59 мақала, интернет желісінде 221 материал орналастырылды.
Тұрғындармен жұмыстың негізгі көзі халық көп шоғырланатын қоғамдық орталарда, яғни, сауда орындары, автотұрақтар, темір жол вокзалдары, ауылдық округтер мен елдімекендерге қатынайтын жолаушылар көлігінде, саяжайлар мен аулаларда жүргізілуде.
Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер іс-шараларда халыққа таратылуда.
Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2017 жылғы І жартыжылдықта өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары және теологтардың кездесу кестесі бекітілген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, теологтар жазасын өтеушілермен 63 кездесу өткізіп, кездесулердің 45-і діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандармен жүргізілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылғы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 4 мәдени, 4 спорттық, 1 ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылып, 815 адам қамтылды.
«Діни экстремизм және терроризмге қарсы тұру бағытында облыс тұрғындарының, сонымен қатар дәстүрлі емес діни ағымдар жетегінде кеткен азаматтарға теологиялық білім бере отырып, теріс бағыттағы көзқарастарынан қайтару бағытындағы жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында 3-5 наурыз аралығында Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстазы Р. Батталұлы, 28-30 наурыз аралығында Е. Шоқай Қызылорда қаласында іс-сапарда болып, бірқатар кездесулер ұйымдастырылды. 
Атап айтар болсақ, С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде ҚМДБ-ның облыс аумағындағы 130-дас астам имамдарымен кездесу өткізілді. Сонымен қатар, «Ақмеші-Сырдария», «Айтбай» мешіттерінің жамағатына уағыз айтып, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Дін мен діл» телебағдарламасына сұхбат берді. 
2 наурызда конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту мақсатында христиандық бағыттағы діни бірлестіктердің басшыларымен кездесу өткізілді. Шараға өңірдегі 6 христиандық діни бірлестіктің басшылары мен өкілдері қатысып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер көтерілді. 
2017 жылғы І тоқсанында 400-ге жуық интернет сайттарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 141 сайт ҚР МСМ Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 5 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.Сонымен қатар, экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар.
Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны 838-ді құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 701,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 162 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2017 жылы 924,6 млн. теңге қаралып, 130 әлеуметтік жоба жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша 18 әлеуметтік жобаға облыстық бюджеттен 160 млн. 333 мың теңге қаржы бөлінді. 
Қоғамдық-маңызды шаралар
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ірі көлемді шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Күнтізбелік жоспарға 2017 жылдың айтулы даталары - «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, Алаш Орда қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция және мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіштің ашылуы, «Экспо-2017» еріктілерінің слеті, ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл, Елорданың Алматыдан Астанаға ресми көшуінің 20 жыл, 4 қазан - Дүние жүзіндегі ең тұңғыш жасанды Жер серігінің ұшырылуының 60 жыл толуы, «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері  және басқа да ауқымды шаралар мен мемлекеттік, кәсіби мерекелер, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру енгізілген.
2017 жылғы 17 наурызда  Достық үйінде «SarapTime» сарапшылар клубының отырысы өтті. «Жаңа конституциялық жағдайдағы Қазақстан» тақырыбына арналған отырысқа Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі А.Нығметов, «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» ММ жетекші ғылыми қызметкері М.Ғабдуалиев қатысты. 
2017 жылғы 28 наурызда Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына белгілі алаштанушы ғалымдар, оқытушы-профессорлар, облыстың зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік құрылымдар және үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Конференция аясында Алашордашылар мен алаштанушы ғалымдардың арнайы кітап көрмесі қойылды. 
Сонымен қатар, қала орталығынан қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші ашылды.
Үстіміздегі жылғы 30 наурызда құқық бұзушылық пен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Заң – тәртіп таразысы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге құқық қорғау орган қызметкерлері, мектеп басшылары және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторлары, ата-аналар қатысты.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 2017 жылғы 31 наурызда ҮЕҰ арналған ақпараттық – ресурстық орталық ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының өкілі және 30 астам ҮЕҰ жетекшілері қатысты. Ресурстық орталық масқаты ҮЕҰ-мен әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытында және мемлекеттік органдармен өзара әріптестікті дамыту болып табылады.
Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқоры туралы қысқаша ақпарат 
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру үшін Қазақстанда ҮЕҰ Дерекқоры құрылды.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган бекітетін тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсыну керек.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сәйкес 2016 жылы  Қызылорда облысы бойынша 101 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынса, есепті мерзімде ҮЕҰ Дерекқорына 28 ұйым өз қызметі жөнінде мәліметтер тапсырған.  
Жыл басынан облыс бойынша ҮЕҰ-дың мәліметті Дерекқорға ұсыну тәртібі бойынша 50-ге жуық түсіндірме жұмыстары, кездесу, дөңгелек үстелдер өткізілді. ҮЕҰ-ды барынша ақпараттандыру бойынша БАҚ-та хабарландырулар берілді. Облыс, қала, аудан әкімдіктерінің және «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының ресми интернет-ресурстарында әдістемелік ұсынымдар, жадынамалар орналастырылған.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексімен ҮЕҰ-мен Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, уақтылы ұсынбаған, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (489-1-бабы: 1-тармақ бойынша – ескерту жасауға; 2-тармақ бойынша – қайталап жасалған әрекеттер үшін - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді).
Мәдениет және спорт министрлігінің ресми мәліметі бойынша 2016 жылы ҮЕҰ Дерекқорына Қызылорда облысы бойынша 101 ҮЕҰ тапсырса, есепті мерзімде ҮЕҰ Дерекқорына 28 ұйым өз қызметі жөнінде мәліметтер ұсынған. Бұл бағытта үкіметтік емес ұйымдар арасында аталған заң талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

2016 жылдың қорытындысы бойынша  атқарылған жұмыстарының  есебі

Облыстық ішкі саясат басқармасы өз құзіретімен белгіленген бағыттар бойынша қызмет атқарып, өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіреді.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.

Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады.

Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады.

Ақпараттық топтар

Елбасының жыл сайынғы Жолдауының іске асыру барысын және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында 112 адамнан жасақталған 8 облыстық ақпараттық топ құрылды. Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді. Ақпараттық топтардың елді мекендерге шығу кестесі бекітіліп, өңірде түсіндірме шаралары жүргізілді. Қызылорда қаласы мен аудандарда барлығы 271 мүшесі бар 46 ақпараттық топ қызмет атқаруда.

Есепті мерзімде өзекті мәселелер бойынша 1248 кездесу өткізіліп, оларға 103 597-ге жуық тұрғын қатысты.

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 85 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды БАҚ, 5-еуі ақпараттық агенттік, 76-баспа БАҚ (оның ішінде 20-ы журнал, 56-сы газет).

2016 жылы есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 30% қоғамдық-саяси, 25% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 45% өзге де тақырыптық бағыттарда жазатындығын көрсетті.

Қызылорда облысында «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «KazVesti», «Kyzylorda-News.kz», «КИА AlashInform» ақпараттық агенттіктері (5) жұмыс жасайды.

Аймақтағы 15 баспа БАҚ-тың интернет сайттары құрылған. Оның  ішінде, 2016 жылы «Сыр медиа» ЖШС құрамындағы 11 баспа БАҚ-тың өз сайттары ашылды (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары» және қалалық, аудандық басылымдар). Сонымен бірге, 4 тәуелсіз басылымның сайттары («Ұстаз мәртебесі», тәуелсіз «Ақмешіт ақшамы», «Халық» газеттері және «Әлімсақ» журналы) ақпарат таратып келеді.

Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.

2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2016 жылы осы мақсатқа 621 700,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 4 жылда 2.7 есеге өсті.

Ерекше айта кететін жайт, облыстық медиа-холдинг «Сыр медиа» тарапынан құрамына аудандық басылымдардың сайттарын біріктірген кешенді интернет-портал ашылды (http://syr-media.kz/).

2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмысын жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 120 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 68 тікелей эфирдегі сұхбат, сонымен бірге, 51 баспасөз-туры ұйымдастырылды.

2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 102 532 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 74%-ға тең.

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

2006 жылы өңірімізде 387 ҮЕҰ тіркелген болса, 2016 жылы облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 889-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.

2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 576 млн. теңге қаржы бөлініп, 143 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2016 жылы 811,6 млн. теңге қаралып, 176 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 222 млн. 220 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 39 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Қоғамдық-маңызды шаралар

Ел тарихында ерекше орын алған 2016 жыл көптеген маңызды оқиғалармен есте қалды. Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 96 ірі көлемді шаралардан тұратын 2016 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес 2016 жылдың айтулы даталары - Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күрішші Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуы, Чернобыль апатының орын алғанына 30 жыл толуы және басқа да ауқымды шаралар мен мемлекеттік, кәсіби мерекелер, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.  

Сондай-ақ, 2016 жылдың басты оқиғасы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу. Қызылорда облысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту бойынша жұмыс тобы құрылып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес 1071 шараны жүзеге асыру қарастырылып, жоспарланған шаралар толықтай орындалды.

«Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күнге арналған 370 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары бекітілді.

25 жұлдызды күн аясында облыс көлемінде 1212  шара (қоғамдық-саяси - 214, ақпараттық-имидждік - 85, ғылыми-ағартушылық - 162, спорттық - 90, мәдени-557, әлеуметтік -экономикалық - 104) оның ішінде: «Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттық форум, «Тәуелсіздік және Әбіш Кекілбаев әлемі» республикалық ғылыми конференция; «Мәңгілік ел мұраты - Тәуелсіздік» ХІІ облыстық жастар форумы, Тәуелсіздік құрдастарының форумы; «Ұрпақтар сабақтастығы» атты жастар мен аға буын өкілдерінің кездесуі; «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының шығарылуы; «25 маңызды оқиға» фильмінің көрсетілімі; «25 қайырымды іс» әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытында акциялар, ҚР Тұңғыш Президенті күні, «Тәуелсіздік тартуы» телемосты және орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты жиындар, кездесулер мен мерекелік концерттер өткізілді.

Ұйымдастырылған шаралар барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасуы және Мемлекет Басшысының 5 институционалды реформасы «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» жүзеге асыруға ерекше маңыз берілді.

Саяси партиялармен жұмыс

Облыста республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары мен комитеттері тіркелген. Аталмыш партиялар өкілдіктерімен түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылып келеді.

Айта кету керек, оның ішінде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өзінің белсенділігімен танылып жүр.

2016 жылы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен 320 шара (қайырымдылық және жастар акциялары, дөңгелек үстелдер, кездесулер және көпшілік т.б. шаралар) ұйымдастырылса, оның ішінде 220-сы қоғамдық-саяси шаралар.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 20,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған.

Есепті мерзімде 382 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкері мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 96 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.

Мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткен 156 мемлекеттік қызметші мен бюджеттік сала қызметкерлері «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуге қатысты. Қорытындысымен 91-і оң нәтиже көрсетіп, «Қазтест» сертификатын иеленді.

Сонымен қатар, «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы іске асырылды. Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда және облыстық басқармалар арасында екі күндік 27 семинар-тренинг өткізіліп, оған 675 қызметкер қамтылды.

Сондай-ақ, 2016 жылдың сәуір, қазан айларында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облысымыздағы 3821 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді. Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша   А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,3% (203 адам), А2 (базалық) деңгейді – 39,9% (1526 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,2% (1307 адам), В2 (ортадан жоғары) – 19,4% (743 адам), С1 (жоғары) – 1% (42 адам) құрады.

Тілдік ахуалды зерделеу бойынша жинақталған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда  шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 97,6% құрайды.

Облыс тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысымен мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 99,2%, ағылшын тілін меңгергендер – 13,1%, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) қатар меңгергендер – 12,4% құрады.

2016 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау мақсатында орталық атқарушы органдардың 3 (үш) облыстық бөлімшесіне тексеру жұмыстары жүргізілді. Қорытындысымен 1 мекемеде, яғни Қызылорда бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында тіл туралы заңнама талабын бұзу фактісі анықталып, басқарма тарапынан орын алған заңбұзушылықты жою жөнінен ұсыным берілді.

Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында 1 фестиваль, 1 кеңейтілген семинар-кеңес, 2 диагностикалық және 1 сертификаттық тестілеу, 3 дөңгелек үстел, 3 акция, 3 тексеру, 10 облыстық байқау, 7 семинар, 27 семинар-тренинг ұйымдастырылды.        

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін облыс бойынша лайықты атап өту мақсатында бекітілген облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс бойынша 400-ден астам шаралар өткізіліп, оған 6000-ға жуық адам қатысты.

Облыстық байқаулардың жеңімпаздары бірқатар республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, орыс жастарының арасында өткен республикалық «Тіл-парасат» байқауында К. Денисов жүлделі 1-орынды, «Абай оқулары» байқауында  Р. Рызманов пен «Текті сөздің төресі – терме» атты жыршы-термешілер байқауында Ж. Төлебай жүлделі  2-орындарды, үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тілдарын» республикалық олимпиадада      Ф. Қаражан жүлделі 3-орынды иеленсе, көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқауында Д. Мұзарап «Үздік шеберлігі үшін» номинациясының иегері атанды. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың  «Интеллект» тобы  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарының арасында өткен  «Тілдердің үштұғырлығы – заман талабы» атты өңіраралық байқауға қатысып, жүлделі 1-орынды иеленсе, «Мың бала» жобасының аясында өткізілген «Тіл мектебі» авторлық курсы» байқауында  Ә. Бахытованың ұсынған әдістемесі үздіктер қатарынан танылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғысхатымен марапатталды.       

Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар,  «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы», «Тіл – жарқын болашақтың бағдаршамы» және «Ағылшын тілі – әлемдік мәдениетті, өнерді, ғылымды білудің кілті» тақырыптарында әлеуметтік бейнероликтер әзірленіп, облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды.

Есепті мерзімде облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және  kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында тіл мәселесіне қатысты барлығы 349 мақала жарияланды. 

Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру  және үш тілде білім беруді  насихаттау бағытында  облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан  «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы»  бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 149 сюжет көрсетілді.  

Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатын пәрменді, жүйелі жүргізу мақсатында  1 қоғамдық ұйымға,  4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақша мен  отбасы үлгідегі  8 үйге, 32 мекемеге, барлығы  1853 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілді.

Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша

Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында 1031 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.

1 маусымда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отырыста Арал, Шиелі аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді. Қызылорда қаласы мен  аудандарда, мекемелерде, құқық қорғау органдарында және ірі кәсіпорындарда 4 маусым күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалды.

4 – маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты басқарма мен Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өткізілді.

Жиынға кент тұрғындары, ҮЕҰ өкілдері, жастар ұйымдары, ардагерлер кеңесі және 2019 әскер бөлімінің сарбаздары қатыстырылды. Салтанатты жиын соңы жалпы халықтық Гимнді орындаумен жабылды.

Сонымен қатар, қала орталығындағы Оқушылар үйі жанындағы саябақта оқушылардың қатысуымен «Ел рәміздері –асыл мұрамыз»  атты жас суретшілер байқауы өткізілді.

Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінде «Менің Қазақстаным» атты  жастар акциясы ұйымдастырылды.

Техникалық реттеу  және  метрология  Комитетінің  Қызылорда  облысы  бойынша департаментімен бірлесіп  мемлекеттік  мекемелер өкілдерінің  және  мемлекеттік рәміздерді сатумен айналысатын  кәсіпорын қызметкерлері мен кәсіпкерлердің қатысуымен ҚР СТ   989-2014 «Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартын  талқылауға арналған  дөңгелек үстел отырысы өткізілді. 

Дөңгелек үстел барысында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық  стандартына енгізілген  негізгі өзгешеліктер мен толықтырулар, Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасын жаңартудың  туындау  себебі, ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандарты мен ҚР СТ 989-2008 стандарты бойынша Мемлекеттік Елтаңбаның негізгі сыртқы пішіндік айырмашылықтары,  Мемлекеттік Елтаңбаның түр-түстік сипаттарының  орындалуына  қойылатын  талаптар, Мемлекеттік  Елтаңбаның сипаттамалары (детальдарының конструкторлық сызбалары) бойынша департамент мамандары түсіндірме  жүргізді.

Сондай-ақ, 2016 жылғы 14-23 шілде аралығында аудандардағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуына, көрнекі   үгіт-насихат құралдарының және  көше атаулары мен тақтайшалардың орналасуына мониторинг жүргізілді. 

Нәтижесімен, аудан орталықтарында осы салаға жауапты ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, ауылдық округ мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.   

Орын алған кемшіліктерді жою жөнінде Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне  хат жолданды.

2016 жылдың қыркүйек айында Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері алаңы салтанатты түрде ашылды.

2016 жылғы 3 қарашада облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, Жаңақорған, Сырдария аудандарындағы, денсаулық сақтау және білім салаларындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды. Осы отырыстың хаттамалық тапсырмасына сәйкес  басқарма,  «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп облыстық инспекциялық топ құрылды.

Инспекциялық топ 2016 жылдың 15 -18 қараша күндері  Қызылорда қаласындағы аумақтық департаменттер, инспекциялар және оларға қарасты  36 мекемедегі  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін стандарттарға сәйкес қолданылуы  бойынша бақылау жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда қаласы мен аудандарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер жинақталды. Қорытындысы бойынша 447 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп,нәтижесінде 365 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды. 

Қызылорда қаласының 49 көшесіне атау беру жөнінде ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә. Жақсыбековтың   2016  жылғы 20 шілдедегі №6-1 тапсырмасына сәйкес Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты қазіргі идеялогиялық көзқарас бойынша көнерген және оларға жаңа атау беру пікір қайшылығын тудырмайтын елді-мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін, физико-географиялық атауларды тарихи атауларға өзгерту шаралары қабылдануда.

Осыған орай, ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында облыс аумағындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасыз қойылған әлеуметтік нысандар мен көше атауларының базасы жасалды. Нәтижесінде, облыс бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген 107, атауы жоқ 362 көше анықталды. Сондай-ақ, 2 ауылдық округ және  5 бөлімше,  6 ауыл, 3 мектеп қайта атауға жатады. 

«Қызылорда облысының білім беру және мәдениет мекемелеріне атау беру мен қайта атау туралы» ҚР Үкіметінің  қаулысы шықты. Осыған байланысты,  тиісті заңнамаларға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Есепті мерзімде  облыстық ономастика комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, қаралған 158 құжаттың 99-на оң қорытынды берілді.

Қазақстан халқы тілдерінің күні  мерекесіне орай Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы  22 қыркүйекте  «Тіл тазалығын сақтайық!» атты  акция өткізілді.

Акция «Жас Отан» жастар қанаты жанынан құрылған «Таза тіл» ерікті жастар тобымен бірлесіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шара барысында Қызылорда қаласында тұрғындарға тасымалдау қызметін көрсететін 1, 11, 17, 18 бағыттағы қоғамдық көліктерде мемлекеттік тілде таза сөйлеуге, тіл мәдениетін сақтауға шақыратын көрнекіліктер жапсырылып, таратылды.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 72 топонимикалық атаулар енгізілді.

Дін саласы бойынша 

Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 172 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 161 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2016 жылы түрлі форматта 2 298 іс-шара ұйымдастырылып, оған 67 400 адам қатысты және жұмыс барысында 51 мың дана ақпараттық материалдар шығарылып, таратылды. Жергілікті БАҚ-та 1712 ақпараттық метариалдар жарияланды. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 1232 материал, баспа БАҚ-та – 480 мақала жарық көрді.

Тұрғындармен жұмыстың негізгі көзі халық көп шоғырланатын қоғамдық орталарда, яғни, сауда орындары, автотұрақтар, темір жол вокзалдары, ауылдық округтер мен елдімекендерге қатынайтын жолаушылар көлігінде, саяжайлар мен аулаларда жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыстағы мұнай компанияларындағы қызметкерлер мен жұмысшыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, «ҚуатАмлонМұнай» ЖШС «Қоныс», «Бектас», «СаутсОил» ЖШС «Ақшабұлақ», «Кеңшілік», «ҚОР» МК АҚ «Ащысай», «ПетроКазахстанҚұмкольРесорсиз» АҚ, «Арысқұм», «Құмкөл» кеніш орындарында «Дәстүрлі емес жат ағымдар: олардың қоғамға кері әсері» тақырыбында кездесулер өткізіліп, 500-ден астам адам қамтылды.

Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер іс-шараларда халыққа таратылуда.

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары және теологтардың кездесу кестесі бекітілген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, теологтар жазасын өтеушілермен 239 кездесу өткізіп, кездесулердің 149-ы діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандармен жүргізілді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылғы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 мәдени, 14 спорттық, 11 ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылып, 3392 адам қамтылды.

Облыстағы діни ахуалды тұрақты сақтау және оны арттыру мақсатында 2016 жылдың екінші жарты жылдығында 70 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, 6 әлеуметтік жоба іске асырылды.

Жоба аясында атқарылған шаралардың бірқатарына тоқталсақ, 11 бейнеролик және 14 телебағдарлама дайындалып, жергілікті телеарналарда көрсетілді. 4 республикалық және 2 халықаралық деңгейдегі теологтар өңірге шақырылып, 100-ге жуық кездесулер ұйымдастырылды. 120-ға жуық деструктивті тұрғыдағы сайттар мен қолданушылардың сілтемелері анықталды. Дәстүрлі емес діни бағытты ұстанушы азаматтарды оңалту мақсатында 123 жеке кездесулер ұйымдастырылып, 30 дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылардың көзқарасын өзгерту мақсатында біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылды.

2015 жылдан бастап дін саласындағы мемлекеттік саясатты халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында 150 адамнан тұратын ақпараттық түсіндіру тобы құрылып, ай сайын АНТ мүшелеріне атқарған жұмысы үшін ақы төленді. Осылайша Республика бойынша Қызылорда облысында діни бірлестік қызметкерлеріне ақы төлеу мәселесі толығымен шешімін тапты.

Сондай-ақ, 2016 жылы 1000-нан астам интернет сайттарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 161 сайт ҚР МСМ Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 105 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.

Сонымен қатар, экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы 

1. Жалпы статистикалық мәлімет. Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында   201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде, қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.

2016 жылs аймағымызда экономикалық белсенді жастар 100 мың 500 адам (15-28 жас аралығындағы), оның 4900 азаматы жұмыссыздар, жұмыспен қамтылғандар - 95600, жалдамалы қызметкерлер – 51200, өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер – 44400.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9%, NEET санатына жататын жастардың саны 12,0% құрады (Экономикалық белсенді емес-62,6 мың адам, оның ішінде оқудағылар - 47,8 мың адам, үй шаруашылығында - 2 278 адам, денсаулығына байланысты - 948 адам, басқа мәселелер бойынша - 11 497 адам).

2. Қаржыландыру көлемі. 2016 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 300 млн. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Үстіміздегі жылы осы мақсатқа 460 млн. жуық қаржы қарастырылып, 53 пайызға артып отыр.

Мемлекеттік жастар саясатын дамыту жол картасы аясында әр түрлі бағыттағы 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн. 892 мың теңге қаржы қарастырылған (2015 жылы 16 әлеуметтік жобаға 62,6 млн. теңге). Жастар саясатын қалалық, аудандық деңгейде жүзеге асыру мақсатында 26 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 52 млн. 358 мың теңге бөлініп жұмыстар атқарылды.

Анықтама: Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы арқылы жүзеге асырылған 18 жоба аясында 4 орталық қызметі, 4 ірі форматтағы шара және әр түрлі бағыттағы 10 әлеуметтік қызмет жұмыстары ұйымдастырылды. Әр түрлі бағыттағы 300 жуық шара өткізіліп, 38 мың жас қамтылған.

Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын 3 214 студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге облыстық бюджеттен 109 млн. 070 мың теңге қаржы бөлінді. 

Үстіміздегі жылы жастарды әлеуметтендіру, жекелей жұмыстарды жүргізу мақсатында 15 әлеуметтік жобаны (68 млн. 703 мың теңге) жүзеге асыру жоспарлануда. Оның  ішінде, ауыл жастарын әлеуметтендіру, ЖОО және ТжКБ беру ұйымдарын бітірген студенттерді тәжірибеден өткізу, жұмыссыз, жазасын өтеп шыққан жастарға арналған әр түрлі сала бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында үйірмелер жұмыс жасайтын болады.

3. Жастарға қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету. Қазіргі таңда 95% мектеп түлектері колледждер мен ЖОО-да білім алуда.  Қызылорда облысынан «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 3162 студент жоғары және орта білім беру мекемелерінде оқуда. Сонымен қатар, Ресей Үкіметінің білім гранттары негізінде Мәскеу және Санкт-Петербургтің беделді жоғары оқу орындарында 400 сырбойылықтың білім алуына жағдай жасалды. 2013 жылдан бастап облыс әкімінің бастамасымен халықтың осал топтарынан шыққан 512 студентке облыс әкімінің білім гранты тағайындалды (облыстық бюджеттен 214614,7 мың теңге әлеуметтік көмек ретінде қаржы)

4. Консультативті-кеңесші органдар. Облыс әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің құрамы жаңартылды. 2013 жылдан бастап көшпелі отырыстар тәжірибеге енгізілді.

Жыл басынан 14 әр түрлі деңгейдегі әкімдер жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес өткізілді (облыс, қала және барлық аудандарда).

Кеңес отырыстарында Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық қарым-қатынасты тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірленіп, алда тұрған міндеттер қаралды (NEET санатындағы жастармен атқарылған жұмыстар, жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстар бойынша жүргізілген мониторинг жайлы және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында атқарылған шаралар және т.б.).

5. Жастар комитеттері мен ҮЕҰ дамуы. Өңірде мемлекеттік жастар саясаты институттары дамып келеді. Әр түрлі меншіктегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда және компанияларда жастармен жұмыс күшейтілуде. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 14 жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс атқаруда. Облыс бойынша 65 жастар ұйымы тіркелсе, оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Олардың құрамында 78 мыңнан астам мүшелері тіркелген.

Сонымен қатар, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі жанынан кәсіпорындар мен мекемелердің жастар ісі жөніндегі комитеттерінің жетекшілерінен құрылған Жастар кеңесі жұмысын жүргізуде.

6. Жастармен адресті жұмыс. Өткен жылғы 18 маусымда Жаңақорған ауданы Бесарық ауылында өткізілген жастар саясаты жөніндегі облыстық кеңес отырысының хаттамасына сәйкес, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері жанынан заңды тұлға ретінде, барлығы 9  «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, жұмыс жасауда (9 - «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, 1-Байқоңыр қаласында бөлімше)

Атап айту қажет, өткен жылы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 1612 шара ұйымдастырылып, оған  45 200 жас қамтылған.

Орталық жанынан ашылған «Жас маман бөлімі» рекрутинг орталығының қызметін атқаруда. Жастарды жұмыспен қамту бойынша 48 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, 66  кеңес беру шарасы өткізілді. Осы ретте, маусымдық кезінде 344 жас «Жас құрылысшылар» жасағында жұмыспен қамтылған, бұлардың арасында жазасын өтеп шыққан жастар жұмыс жасауда. «Жасыл ел» еңбек жасағына 1000 сарбаз, «Ұлағат ұландары» педагогикалық жасақ құрамына 40 жас тартылды.

NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейту мақсатында ұйымдастырылмаған жастармен жұмыс жасау және жастар арасындағы жұмыссыздықты жою бойынша салааралық іс-шаралар жоспары аясында NEET санатына жататын жастардың мәліметтер базасы жасақталды. Базаға енген жастар маусымдық жұмыстарға (жасыл ел, жас құрылысшылар жасағы), Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қатыспаған жастар «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тартылды. Жұмыссыз жастарға 2015-2016 жылдарға арналған жастардың кәсіпкерлігін дамыту «Жол картасы» аясында кәсіпкерлік бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды.

Орталық қызметкерлерімен 8300 жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (3712 жұмыссыздық мәселесі, 229 кәсіпкерлігін дамытуға, 281 әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуге, 695-і мемлекеттік бағдарламалар, 33-і діни ағымдар, 639-ы тұрғын үй мәселесі бойынша, 2711 әртүрлі мәселелерді қамтиды) көрсетілген.

7. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша. Жастарды әлеуметтендіру мақсатында бір қатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасына қатысушы ретінде 5251 жас (50,5%) енгізіліп, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 5078 жас (16-29 жас аралығындағы жастары) қамтылды. Бірінші бағыт бойынша 163 жоба аясында 1173 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 228 жас бағдарлама қатысушысы. Екінші бағыт - кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарында 43 жас оқыды.  Жыл басынан 212 жас несиелендіріліп, 4-і өз кәсібін ашты. Үшінші бағыт әлеуметтік жұмыс орындарына 2016 жылға 248 мекеме, кәсіпорындарға 438 жас жолданды. «Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша – 822 адамға - 188,4 млн.теңге қаралған. Жыл басынан 571 мекеме, кәсіпорындарға 1094 жас мамандар жолданып, мерзімі аяқталғандардың ішінен 365 адам  тұрақты жұмыспен қамтылды.

«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша 2016 жылы ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен салаcы мамандарына 307 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 213,5 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 420 маманға 1336,2 млн. теңге бөлінді.

Облыс бойынша ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына 307 маманға 210,5 млн. теңге көлемінде бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде: білім саласы – 193, денсаулық сақтау саласы – 88, мәдениет саласы – 11, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 1, спорт саласы – 5, агроөнеркәсіп кешен саласы - 9.

Сондай-ақ, 439 маманға жеңілдетілген тұрғын үй несиесі беріліп, 1 327,0 млн. теңге игерілді. Оның ішінде: білім саласы – 257, денсаулық сақтау саласы – 140, мәдениет саласы – 20, әлеуметтік қамсыздандыру саласы – 2, спорт саласы – 13, агроөнеркәсіп кешен саласы – 7.

Сонымен қатар, 2017 жылдың қаңтарынан «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылып, өз жұмысын бастады. Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру мақсатында 2020 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы әзірленуде.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2016 жылдың 9 айы бойынша  атқарылған жұмыстарының  есебі

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 82 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 3-еуі ақпараттық агенттік, 75-баспа БАҚ (олардың 18-і журнал, 57-сі газет).

2016 жылы есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 27% қоғамдық-саяси, 25% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 48% өзге де тақырыптық бағыттарда жазатындығын көрсетті.

Интернет желісінде 7 баспа БАҚ-тың өз сайттары бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ұстаз мәртебесі», тәуелсіз «Ақмешіт ақшамы», «Халық» газеттері және «Әлімсақ» журналы).

Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.

2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы осы мақсатқа 636 364,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 жылда 3 есеге дейін өсті. 2016 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 621 700,0 мың теңге бөлінді.

Соңғы жылдары Қызылорда облысында тіркелген интернет порталдың саны артты. Атап айтқанда, «Kyzylorda-news», «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «КИА AlashInform», «KazVesti» сайттары жұмыс жасайды. Ерекше айта кететін жайт, облыстық медиа-холдинг «Сыр медиа» құрамына аудандық басылымдардың сайттарын біріктірген кешенді интернет-портал ашты http://syr-media.kz.

2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмысын жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 83 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 40 сұхбат ұйымдастырылды.

2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 105 172 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 76%-ға тең.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыс әкімінің 2015 жылы 31 желтоқсандағы №167-ө өкімімен 112 адамнан жасақталған 8 облыстық ақпараттық топ құрылды. 

Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді.

Ақпараттық жұмыстың 1-кезеңі 2016 жылғы 14 қаңтар 17 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылып жүргізілді. Жалпы облыс бойынша барлығы 151 есепті кездесулер өткізіліп, оған 24 011 тұрғын қатысты (Есепті кездесулер барысында 339 тұрғындардан ұсыныс түсіп, 49 азамат өз пікірлерін білдірген).

2-кезең жер реформасының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында ақпараттық топтың келесі легі ұйымдастырылып, арнайы желілік кесте жасақталды. Нәтижесінде 298 кездесу ұйымдастырылып, 15 мыңға жуық адам қамтылды. БАҚ арқылы ақпараттандыру жұмыстарының жүргізілу нәтижесінде, 292 сюжет, 3 брифинг, 373 мақала, тікелей эфирде 2 бағдарлама көрсетіліп, тұрғындар жер мәселесімен қатар (жеке жер алу мәселесімен қоса), өздерінің өзге де толғандырып жүрген әлеуметтік, экономикалық және саяси сұрақтарына жауаптарын алды.

3- кезең облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында резонанс туғызатын мәселелер бойынша түсіндірме жүргізуде түрлі сала мамандарымен арнайы ақпараттық топ жасақталып, 27 шілде – 13 тамыз аралығында облыстың барлық елді мекендерінде тиісті түсіндірме жүмыстары жүргізілді.

Ақпараттық топ жұмысының қорытындысы бойынша барлығы 138 кездесу өткізіп, 7091 адам қамтылды.

Ақпараттық топтармен өткізілген іс-шаралар республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда ақпараттандырылып, 132 сюжет, 2 брифинг, 176 мақала, 2 бағдарлама жария етілді.

Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Дін саласы бойынша

Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 172 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12 жергілікті діни бірлестік, 160 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында, 2016 жылғы 9 айда облыс көлемінде дәстүрлі емес ұстанымдағылармен 318, жастар арасында 240, мемлекеттік қызметкерлермен 108, тұрғындармен 189, бюджеттік қызметкерлермен 127, құқық қорғау органдарымен 89, жазасын өтеушілермен 34, діндарлармен 38, денсаулық сақтау саласының мамандарымен 10, түрлі сала өкілдерімен 11, АТТ өкілдерімен 8, жеке сектор 15 кездесу өткізіліп, барлығы 1087 шараға 53 853 адам қатысты.

Тұрғындармен жұмыстың негізгі көзі халық көп шоғырланатын қоғамдық орталарда, яғни, сауда орындары, автотұрақтар, темір жол вокзалдары, ауылдық округтер мен елдімекендерге қатынайтын жолаушылар көлігінде, саяжайлар мен аулаларда жүргізілуде.

Сонымен қатар, облыстағы мұнай компанияларындағы қызметкерлер мен жұмысшыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, «ҚуатАмлонМұнай» ЖШС «Қоныс», «Бектас», «СаутсОил» ЖШС «Ақшабұлақ», «Кеңшілік», «ҚОР» МК АҚ «Ащысай», «ПетроКазахстанҚұмкольРесорсиз» АҚ, «Арысқұм», «Құмкөл» кеніш орындарында «Дәстүрлі емес жат ағымдар: олардың қоғамға кері әсері» тақырыбында кездесулер өткізіліп, 500-ден астам адам қамтылды.

Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер іс-шараларда халыққа таратылуда.

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары және теологтардың кездесу кестесі бекітілген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, теологтар жазасын өтеушілермен 178 кездесу өткізіп, кездесулердің 99-ы діни экстремистік бағытта сотталғандармен жүргізілді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылғы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 11 мәдени, 11 спорттық, 4 ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылып, 2662 адам қамтылды.

Облыстағы діни ахуалды тұрақты сақтау және оны арттыру мақсатында 2016 жылдың екінші жарты жылдығында 70 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді.Аталған бағытта 6 жоба жүзеге асырылуда.

Есепті кезеңде БАҚ-да діни тақырыпта жалпы 593 материалдар жарық көрді, оның ішінде:

- теледидар арқылы – 209;

- газет-журнал басылымдарында - 384 материал.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылы 600-ден астам интернет сайттарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 122 сайт ҚР МСМ Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 87 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.

Сонымен қатар, экстремистік деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, шығаруға және таратуға тыйым салынған діни әдебиеттер мен ақпараттық материалдар тізімін мына сілтеме арқылы көре аласыздар http://pravstat.prokuror.kz/rus/o-kpsisu/spisok-religioznoy-literatury-i-informacionnyh-materialov-priznannyh-ekstremistskimi-i.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған.

Есепті мерзімде 96 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкері мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 72 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.

2016 жылғы 25-30 сәуір аралығында облысымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді. Тестілеуге Қызылорда облысы әкімінің аппараты, Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты, облыстық, аумақтық басқармалар, департаменттер, инспекциялар, Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, қалалық әкімдікке қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтердегі мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қатыстырылды. Осындай диагностикалық тестілеу жұмыстары 25-30 сәуір аралағында облысымыздың Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында да ұйымдастырылды.

Жалпы, тестілеу жұмыстарына Қызылорда облысының 2075 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қамтылды.

Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,6% (117 адам), А2 (базалық) деңгейді – 42% (870 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,6% (717 адам), В2 (ортадан жоғары) – 17,4% (362 адам), С1 (жоғары) – 0,4% (9 адам) құрады.

«С1 деңгейі» көрсеткішін арттыру мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы әзірленді (3051,0 мың тг.). Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда және облыстық басқармалар арасында екі күндік (16 сағаттық) 27 семинар-тренинг өткізіліп, онда 675 қызметкер қамтылатын болады.

Бүгінде Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал  аудандық әкімдіктері бойынша 14 семинар, Қызылорда қалалық әкімдігі бойынша    3 семинар-тренинг өткізіліп, оған 425 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерінің қатысуы қамтамасыз етілді. 

Тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы тоқсандық есептер жинақталып, сарапталуда. Қазіргі таңда  шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 96,5% құрады. Сонымен қатар, 2016 жылдың шілде айында облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тіл саясаты бағытында жүргізілген сауалнама қорытындысымен мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 99,4%, ағылшын тілін меңгергендер – 13,3%, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) қатар меңгергендер – 12,5% құрады.

Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Халықаралық ана тілі күніне орай «Тілдерді үйренудің маңызды мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы,   Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында  «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтап, қолдау мақсатында «Тіл шебері -2016» облыстық байқауы,  тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауы, қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой – сана», этнос жастары арасында «Абай оқулары»,  баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ», мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілеріне мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтердің арасында «Тіл мерейі» облыстық байқаулары өткізілді.

Мамыр айында Петропавл қаласында өткен «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық форумға мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі салада еңбек етіп жүрген үш этнос өкілінің және де Өскемен қаласында өткен «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» республикалық жиынға Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың филолог-ғалымдарының қатысуы ұйымдастырылды.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың  «Интеллект» тобы  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарының арасында өткен  «Тілдердің үштұғырлығы – заман талабы» атты өңіраралық байқауға қатысып жүлделі 1-орынды жеңіп алса, тіл мерекесі қарсаңында Астана қаласында өткен этнос жастары арасындағы «Абай оқулары» республикалық байқауында облыстық байқаудың жеңімпазы, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің 3-курс студенті Р. Рызманов жүлделі 2-орынды иеленді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында Қызылорда қаласындағы  балабақшалардың тиісті мамандарының қатысуымен «Алтын ұя» балабақшасында «Тіл болашағы – балабақшадан» тақырыбында акция өткізілді. Акция барысында  қаладағы №8 «Бүлдіршін», №31 «Алтын кілт», № 32 «Қызғалдақ», «Сыр самалы», «Баларман», «Алтын ұя»  балабақша ұжымдарына әдістемелік оқулықтар, ертегілер жинақтары, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аңыз кітапшалар, қазақ ертегілердің  аудиожинақтары, 12 оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электрондық оқулықтардың жинақтары,  барлығы 414 әдістемелік құрал тарту етілді. 

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, «Оқиғалар қатары» қалыптастырылды.

Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 6 қыркүйекте мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, балалардың  мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру мақсатында Қызылорда қаласындағы отбасы үлгідегі «Атамекен» балалар ауылында «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы өткізілді.

Акция барысында  балалар ауылындағы 8 үйге «Даналық әліппесі» - электрондық оқулығының жинақтары, оқу-әдістемелік құралдары, сонымен бірге, бүлдіршіндердің танымын, ой-өрісін кеңейтуге арналған түрлі  қазақ ертегілерінің  кітап және аудио жинақтары мен үш тілдегі аңыз кітаптары, барлығы 92 әдістемелік оқу құралы тарту етілді.

16 қыркүйек күні үш тілде білім беруді насихаттау, өскелең ұрпақты көп тілді меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу, үш тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында облысымыздағы білім беру ұйым басшыларының, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің пән мұғалімдерінің, тіл жанашырларының, филолог-ғалымдар мен тілдерді оқыту орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

22 қыркүйек күні облыста мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру және ұлттар достастығының үлгісін  паш ету мақсатында Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай  «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өткізілді.

Шараға аймақтағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, барлық мекеме және оқу орындарының басшылары, мұнай компаниялары мен этномәдени бірлестік өкілдері, студент жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және облыстық, аумақтық мекемелердің мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлері қатысты.

Шара барысында облыстағы бірқатар тіл жанашырлары Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, облыстың Құрмет грамоталарымен және  Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, тіл мерекесіне орай этномәдени бірлестіктер арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» облыстық байқауының жеңімпаздарына облыс әкімдігінің дипломы мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.

Сәуір айында үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында  «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеарнасының тікелей эфирінен берілген «Өмірдің өзі» ток-шоуына облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық білім басқармасына қарасты «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары, студент жастар,  Назарбаев Зияткерлік және «Мұрагер» мектептерінің мұғалімдері қатысты.      

Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар,  «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы», «Тіл – жарқын болашақтың бағдаршамы» тақырыптарында әлеуметтік бейнероликтер әзірленіп, облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды. 

Мемлекеттік тілді және үш тілде білім беруді насихаттау бағытында өткізіліп жатқан іс-шаралар және де қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білудің арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және танымал kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында 50-ден аса  мақала, тіл мәселесіне қатысты 207 мақала жарияланды. 

Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру  және үш тілде білім беруді  насихаттау бағытында  аймақтағы ауқымды шараларға орай арнайы шығарылымдар көрсетіліп, облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан  «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы»  бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 81 сюжет көрсетілді.  

Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 1 қоғамдық ұйымға, 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақша мен  отбасы үлгідегі 8 үйге, барлығы  1121 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілді.

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде, қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.

Үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен 300 млн. теңгеге жуық қаржы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға бөлінді.

Мемлекеттік жастар саясатын дамыту жол картасы аясында әр түрлі бағыттағы 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн. 892 мың теңге қаржы қарастырылған (2015 жылы 16 әлеуметтік жобаға 62 млн. 631 мың теңге).

Жастар саясатын қалалық, аудандық деңгейде жүзеге асыру мақсатында 26 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 52 млн. 358 мың теңге бөлініп жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын 3 214 студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге облыстық бюджеттен 93 млн. 334 мың теңге қаржы бөлінді. 

Жастар саясатында басқарудың вертикалі күшейтілуде. Облыс әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің құрамы жаңартылды. 2013 жылдан бастап көшпелі отырыстар тәжірибеге енгізілді.

Мемлекеттік жастар саясаты институттары дамып келеді. Әр түрлі меншіктегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда және компанияларда жастармен жұмыс күшейтілуде. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 14 жастар ісі жөніндегі комитеті жұмыс атқаруда. 

Облыс бойынша 65 жастар ұйымы тіркеліп, оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады.

Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығының бөлімдері Қызылорда, Байқоңыр қалалары және аудандарда қызмет көрсетуде.

Есепті кезеңде, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 810-ға жуық ісшара ұйымдастырылып, оған  28 300 жас қамтылған. 

Орталықпен 32 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде, 344-тен астам жас «Жас құрылысшылар» еңбек жасағында жұмыспен қамтылған. «Жасыл ел» жастар жасағына 1000 жас тартылды.

Орталық қызметкерлерімен 5800 жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (3010-ы жұмыссыздық мәселесі, 180-і кәсіпкерлігін дамытуға, 270 әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуге, 674-і мемлекеттік бағдарламалар, 29-і діни ағымдар, 622-і тұрғын үй мәселесі бойынша, 1015-і әртүрлі мәселелерді қамтиды) көрсетілген.

Сонымен қатар, белсенді жастар ұйымдарымен бірлесіп 200-ден аса ісшара ұйымдастырылған.

Атап айтқанда, облыстық ішкі саясат басқармасы және «Консенсус» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 17 қыркүйекте «Қорқыт Ата» ескерткішінің алдында өлкетанушы тарихшылардың, республикалық деңгейдегі блогерлердің, белсенді жастардың қатысуымен «Сыр – Алаштың анасы» экспедиция тобын шығарып салу рәсімі өткізілді. Шараға облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов қатысып, сәттілік тіледі. Экспедиция тобы 20 күн аралығында Қызылорда облысының барлық аудандарында зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде арнайы  бейне-фильм әзірленетін болады.

«Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» ҚБ-мен бірлесіп әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің қызметін дамыту мақсатында үстіміздегі жылғы 20 қыркүйекте «Ұжымдағы қарым - қатынасты дамытудағы негізгі талаптар» тақырыбында жастар ісі жөніндегі комитеттердің жетекшілерімен семинар-тренинг өткізілді. 

Семинар-тренинг қатысушылар уақыт жоспарлау, командадағы кризистік жағдаяттармен күресу, жобалық жоспарлау, коммуникативтік дағдылар және іскерлік келіссөздер жүргізу барысындағы біліктілік бағыттары бойынша құзыреттерін арттыру тақырыптары қозғалды.

Семинарға «ҚазақТелеком» АҚ Қызылорда облыстық телекомуникациялық дерекциясы, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «ҚазақстанТұрғынҮйҚұрылысЖинақбанкі» АҚ, «Центркредит» АҚ, «Цесна банк» АҚ, «Шалқия Цинк» АҚ, Облыстық жалпы ұлттық зейнетақы қоры, «Қызылорда жылу тарату электр орталығы», «Қорқыт Ата» әуежайы, «ҚазГерМұнай», «ҚОР» мұнай компаниялары, облыстық медициналық орталығы,  «ҚазСуШар» РММ-сі Қызылорда филиалдарының өкілдері қатысты.

22-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастар арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, спорт арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және облыс жастарын достыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Байқоңыр қаласында «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Бірлік» облыстық спартакиадасы ұйымдастырылды. Екі күнге созылған шараға барлық ауданның жастары белсенді қатысып алғыс хаттармен марапатталды. Спартакиада қорытындысы бойынша Қармақшы ауданының құрама командасы жеңімпаз атанып, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлығы 80-ге жуық жас қатысты.

24 қыркүйекте Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында Байқоңыр қаласындағы С.А. Жиенқұлов атындағы Байқоңыр колледжінде «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «EXPO LAND-2016» тақырыбында инновациялық идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде, 7 үздік инновациялық идея мен жоба анықталып, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қызылорда облысындағы «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» ҚБ-мен бірлесіп №2019 әскери бөлімінде жастардың бойында патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне «Отанды қорғау – қастерлі міндет!» экскурсия ұйымдастырды. Экскурсияға 50-ге жуық жас қатысты.

«Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша өкілдігі «Қызық Орда» шығармашылық тобы» қоғамдық қорынмен бірлесіп 26 қыркүйекте Н. Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қызылорда облыстық ашық чемпионаттың «Маусымашар-2016» жайдарман фестивалі өткізілді. Шараның арнайы қонағы ретінде «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті Е.Елеукен шақырылды.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылғы қазан айында «Достық үйінде» облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен Қызылорда облысы жастарының дәстүрлі XII форумы және қараша айында облыс әкімінің аймақ жастарына арналған дәстүрлі «Сыр үміті» сыйлығын табыстау рәсімін өткізу жоспарлануда.

Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша

1 маусымда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отырыста Арал, Шиелі аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді. Қызылорда қаласы мен  аудандарда, мекемелерде, құқық қорғау органдарында және ірі кәсіпорындарда 4 маусым күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалды.

4 – маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты басқарма мен Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өткізілді.

Жиынға кент тұрғындары, ҮЕҰ өкілдері, жастар ұйымдары, ардагерлер кеңесі және 2019 әскер бөлімінің сарбаздары қатыстырылды. Салтанатты жиын соңы жалпы халықтық Гимнді орындаумен жабылды.

Сонымен қатар, қала орталығындағы Оқушылар үйі жанындағы саябақта оқушылардың қатысуымен «Ел рәміздері –асыл мұрамыз»  атты жас суретшілер байқауы өткізілді.

Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінде «Менің Қазақстаным» атты  жастар акциясы ұйымдастырылды.

Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында 504 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.

Техникалық реттеу  және  метрология  Комитетінің  Қызылорда  облысы  бойынша департаментімен бірлесіп  мемлекеттік  мекемелер өкілдерінің  және  мемлекеттік рәміздерді сатумен айналысатын  кәсіпорын қызметкерлері мен кәсіпкерлердің қатысуымен ҚР СТ     989-2014 «Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартын  талқылауға арналған  дөңгелек үстел отырысы өткізілді. 

Дөңгелек үстел барысында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық  стандартына енгізілген  негізгі өзгешеліктер мен толықтырулар, Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасын жаңартудың  туындау  себебі, ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандарты мен ҚР СТ 989-2008 стандарты бойынша Мемлекеттік Елтаңбаның негізгі сыртқы пішіндік айырмашылықтары,  Мемлекеттік Елтаңбаның түр-түстік сипаттарының  орындалуына  қойылатын  талаптар, Мемлекеттік  Елтаңбаның сипаттамалары (детальдарының конструкторлық сызбалары) бойынша департамент мамандары түсіндірме  жүргізді.

Сондай-ақ, 2016 жылғы 14-23 шілде аралығында аудандардағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуына, көрнекі   үгіт-насихат құралдарының және  көше атаулары мен тақтайшалардың орналасуына мониторинг жүргізілді. 

Нәтижесімен, аудан орталықтарында осы салаға жауапты ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, ауылдық округ мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.   

Орын алған кемшіліктерді жою жөнінде Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне  хат жолданды.

Қызылорда қаласы мен аудандарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер жинақталды. Қорытындысы бойынша 447 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп,нәтижесінде 365 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды. 

Қызылорда қаласының 14 көшесіне атау беру жөнінде ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә. Жақсыбековтың   2016  жылғы 20 шілдедегі №6-1 тапсырмасына сәйкес Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты қазіргі идеялогиялық көзқарас бойынша көнерген және оларға жаңа атау беру пікір қайшылығын тудырмайтын елді-мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін, физико-географиялық атауларды тарихи атауларға өзгерту шараларын қабылдау қарастырылатын болады.

Осыған орай, ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында облыс аумағындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасыз қойылған әлеуметтік нысандар мен көше атауларының базасы жасалды. Нәтижесінде, облыс бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген 107, атауы жоқ 362 көше анықталды. Сондай-ақ, 2 ауылдық округ және  5 бөлімше, 6 ауыл, 3 мектеп қайта атауға жатады. 

«Қызылорда облысының білім беру және мәдениет мекемелеріне атау беру мен қайта атау туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы жасалып, тиісті министрліктерден келісім алу үшін интранет-порталға салынды.

Есепті мерзімде  облыстық ономастика комиссиясының 2 отырысы өткізіліп, қаралған 110 құжаттың 65-не оң қорытынды берілді.

Қазақстан халқы тілдерінің күні  мерекесіне орай Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылғы  22 қыркүйекте  «Тіл тазалығын сақтайық!» атты  акция өткізілді.

Акция «Жас Отан» жастар қанаты жанынан құрылған «Таза тіл» ерікті жастар тобымен бірлесіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шара барысында Қызылорда қаласында тұрғындарға тасымалдау қызметін көрсететін 1, 11, 17, 18 бағыттағы қоғамдық көліктерде мемлекеттік тілде таза сөйлеуге, тіл мәдениетін сақтауға шақыратын көрнекіліктер жапсырылып, таратылды. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 65 топонимикалық атаулар енгізілді.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс.

Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі облыс көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. 2006 жылы өңірімізде 387 ҮЕҰ Әділет органдарында заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 889-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.

2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 576 млн. теңге қаржы бөлініп, оған облыс бойынша 143 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2016 жылы 176 әлеуметтік жобаға 811,6  млн. теңге қаралып, жүзеге асырылуда.

Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 222 млн. 220 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 39 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Жалпы бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған. Жергілікті атқарушы органдар мен саяси партиялар, азаматтық қоғам құрылымдары арасында шешімін таппаған шиеленісті мәселелер, түсініспеушіліктер жоқ.

Сонымен қатар, күнтізбеге биылғы жылдың айтулы даталары – Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күрішші Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуы, Чернобыль апатының орын алғанына 30 жыл толуы және басқа да Ұлт Жоспарына бағытталған ауқымды шаралар мен мемлекеттік, кәсіби мерекелер, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар енгізілді.

Күнтізбелік жоспардағы барлық шаралар маңыздылығымен ерекшеленеді. Ең ірі шаралардың бірі биыл Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күрішші Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы атап өтілетін болады.

Елбасының  «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының»,  «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету» 88-қадамын орындау, жұмысшы мамандықтардың танымалдылығын насихаттау мақсатында аталмыш мерейтойды өз деңгейінде атап өту ерекше маңызға ие. Мерейтой аясында келесідей ірі көлемді шаралар ұйымдастырылмақ:       Ы.Жахаев пен Ж.Қуанышбаевтың ұрпақтарының қатысуымен арнайы кездесу кештері;

3-4 кыркүйек күндері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына орай Астана қаласында Қызылорда облысының күндері өткізіліп, «Сыр -Алаштың анасы» атты өнер жұлдыздарының мерекелік концерті және ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді;

Қазан айында «Дихан рухы мәңгі жасайды» атты республикалық ақындар айтысы;

«Дала академигі – Ыбырай» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция;

Ауылшаруашылығы өндірісінің озаттарын анықтап, марапаттау шаралары ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ, Шиелі ауданы, Жақаев ауылынан «Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы» мұражайының құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

Биыл - ел тарихындағы айрықша жыл - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өткелі отырмыз.

Осыған орай, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Ұлт Жоспарына бағытталған ауқымды ақпараттық науқан ұйымдастырылуда. Барлық шаралар ұрандатумен емес, нақты нәтижелерге қол жеткізген жұмыстармен байланыстырылып өткізілуде.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес аймақта іс-шаралар жоспары әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Ағымдағы жылдың есепті мерзімінде облыс көлемінде түрлі форматта (кітап көрмелері, концерттік бағдарлама, спорттық шаралар, әлеуметтік автопоездардың шығуы, конференция, дөңгелек үстел және т.б.) 222 шара ұйымдастырылып, оған барлығы 110 мың адам қамтылды. Сондай-ақ, 10 әлеуметтік нысан мен 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Алдағы уақытта мерейтой аясында 11 нысанның пайдалануға берілуі жоспарланып отыр. Мұнан өзге Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында екінші жартыжылдықта ірі көлемді 47 шара өткізілетін болады.

Саяси партиялармен жұмыс.

Облыста республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары мен комитеттері тіркелген. Аталмыш партиялар өкілдіктері партияішілік ұйымдастыру, мәдени-көпшілік шараларын жүргізе отырып, аймақтың қоғамдық-саяси өміріне араласып келеді.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2016 жылдың І жартыжылдығы бойынша  атқарылған жұмыстарының  есебі

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 83 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Олардың 4 электронды, 5 ақпараттық агенттік және 74 баспа БАҚ.

Аймақта  мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі» Бас медиа-жоспары бекітілді.

2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы осы мақсатқа 636 364,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 жылда 3 есеге дейін өсті. 2016 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 591 480,0 мың теңге бөлінді.

Соңғы жылдары Қызылорда облысында тіркелген интернет порталдың саны артты. Атап айтқанда, «Kyzylorda-news», «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «КИА AlashInform», «KazVesti» сайттары жұмыс жасайды.

2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмыс жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 50 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 18 сұхбат ұйымдастырылды.

2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95 %, яғни, 97166 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған.

Аталған жұмыстарды жеделдету мақсатында қала, аудан әкімдіктері жанынан жұмысшы тобы құрылды. «Казтелерадио» АҚ-ның 2016 жылғы 10 шілде күнгі ұсынған ақпаратына сәйкес, облыс бойынша 90 348 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 66 %-ға тең.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Есепті мерзімде қоғамдық-саяси ахуал тұрақты күйде сақталды, саяси  жағдайдың тұрақсыздық белгілері байқалмады.

Облыстағы тұрақсыздық белгілерін дер уақытында анықтау мен алдын алу қоғамдық-саяси ахуалға үздіксіз негізде мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Бұл бағытта облыс әкімі және облыс прокурорының бірлескен Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтарының Картасы жаңартылып бекітіледі.

Ықтимал наразы көңіл-күй детонаторы ретінде ұлттық валютаның девальвациясы салдары мен еңбек дауларын атауға болады. Картаға енген мәселелердің басым бөлігі штаттық қысқартулар, еңбекақы бойынша қарыздар, еңбек дауларына қатысты.

Штатты қысқартуларды болдырмау және ақысыз еңбек демалысына шығарудың алдын алу мақсатында облыс әкімі жанындағы «Дағдарысқа қарсы штабы және әлеуметтік серіктестік бойынша» облыстық үшжақты комиссия отырыстары өткізілуде. Облыстық прокуратура жанынан үйлестіру қызметтері бойынша мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мекемеаралық жұмысшы топтары, сондай-ақ, азаматтардың еңбек құқығын қорғау кәсіподақ мекемелері құрылды. Апта сайын жұмысшы топтардың отырысы өткізілуде.

Облыстық прокуратура жанынан үйлестіру қызметтері бойынша мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мекемеаралық жұмысшы топтары, сондай-ақ, азаматтардың еңбек құқығын қорғау кәсіподақ мекемелері құрылды. Апта сайын жұмысшы топтардың отырысы өткізілуде.

Облыс аумағында 6 саяси партияның облыстық филиалдары тіркелген. Аталған құрылымдар сайлау науқанына байланысты халық арасында өз саяси платформаларын насихаттау және дауыс беру процесіне бақылау жұмыстарын ұйымдастырды.

Сайлау күні сайлаушылардың келуі 81,75 % құрады, оның 82,41 % - «Нұр Отан» партиясына дауыс берсе, 6,14% - ҚХКП, 7,25% - «Ақ жол» партиясына, 2,57% - «Ауыл», 1,38% - ЖСДП-на, 0,25% - «Бірлік» партиясын қолдады. Сонымен қатар, сайлау процесіне бақылау жұмыстарын ұйымдастырған халықаралық ұйымдар тарапынан заңнамалардың бұзу фактілері анықталған жоқ.

Елбасы Жолдауының насихатталуы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыс әкімінің 2015 жылы 31 желтоқсандағы №167-ө өкімімен 112 адамнан жасақталған   8 облыстық ақпараттық топ құрылды. 

Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді.

Ақпараттық жұмыстың 1-кезеңі 2016 жылғы 14 қаңтар 17 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылып жүргізілді. Жалпы облыс бойынша барлығы 151 есепті кездесулер өткізіліп, оған 24 011 тұрғын қатысты (Есепті кездесулер барысында 339 тұрғындардан ұсыныс түсіп, 49 азамат өз пікірлерін білдірген).

Ақпараттық топтармен өткізілген іс-шаралар республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда орналастырылды.

2-кезең жер мәселесіне қатысты әлеуметтік қауырттылық туындау барысында ақпараттық топтың келесі легі ұйымдастырылып, арнайы желілік кесте жасақталды. Нәтижесінде 298 кездесу ұйымдастырылып, 15 мыңға жуық адам қамтылды. БАҚ арқылы ақпараттандыру жұмыстарының жүргізілу нәтижесінде, 292 сюжет, 3 брифинг, 373 мақала, тікелей эфирде 2 бағдарлама көрсетіліп, тұрғындар жер мәселесімен қатар (жеке жер алу мәселесімен қоса), өздерінің өзге де толғандырып жүрген әлеуметтік, экономикалық және саяси сұрақтарына жауаптарын алды.

Облыс бойынша жалпы 449 кездесу өткізіліп, 39200 адам қамтылды.

Ақпараттық топтармен өткізілген іс-шаралар республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда орналастырылды.

Дін саласы бойынша

Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 170 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12 жергілікті діни бірлестік, 158 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Діни ұйым

Барлығы

Діни бірлестік

Филиал

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

156

-

156

Православие

1

1

-

Евангелиялық христиан-баптистер шіркеуі

4

2

2

Елуіншілер шіркеуі

5

5

-

Пресвитериандық шіркеу

3

3

-

Ехоба куәгерлері

1

1

-

Барлығы

170

12

158

Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында, 2016 жылғы І жартыжылдықта облыс көлемінде дәстүрлі емес ұстанымдағылармен 218, жастар арасында 188, мемлекеттік қызметкерлермен 100, тұрғындармен 60, бюджеттік қызметкерлермен 120, құқық қорғау органдарымен 33, жазасын өтеушілермен 20, діндарлармен 16, денсаулық сақтау саласының мамандарымен 5, түрлі сала өкілдерімен 6 кездесу өткізіліп, барлығы 766 шараға 23881 адам қатысты.

Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер ісөшараларда халыққа таратылуда.

2016 жылы Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен бекітілген мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 мәдени, 4 спорттық шара ұйымдастырылып, 936 жазасын өтеуші қатысты. Ағымдағы жылы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жолдауымен шетелдік діни оқу орындарында 3 студент және «Нұр Мүбәрәк» Египет ислам университетінде сырбойылық 48 студент білім алуда.

Өңірде діни тұрақтылықты сақтау және конфессияаралық қатынасты нығайту мен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын үйлестіруге облыстық бюджеттен 55 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр.

Бұл бағытта өткізілген шаралар облыстық және жергілікті басылымдарда және faсebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жариялануда.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған.

Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы тоқсандық есептер жинақталып, сарапталды.

Нәтижесімен 2016 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысымен жергілікті атқарушы органдар бойынша шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 96,5% құрады.

Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік, ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда. Бүгінде 37 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсының бастауыш деңгейін тәмәмдап, сертификат алды.

Үстіміздегі жылдың 19 ақпанында Халықаралық ана тілі күніне орай  еліміздегі тіл саясатының мазмұнын түсіндіру, насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға баулу мақсатында «Қоғамдық келісім» орталығымен бірлесе отырып «Тілдерді үйренудің маңызды мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы  өткізілді.

Шараға басқарманың, «Қоғамдық келісім» орталығының, тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері, ҚХА мүшелері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент жастары қатысты.

Шара барысында мемлекеттік тілді, тілдердің үштұғырлығын, этностардың тілдерін дамытудың маңызды мәселелері көтерілді. Жиын соңында Достық үйінің кітапханасына және этномәдени бірлестіктерге мемлекеттік және ана тілдерін үйренуге арналған кітаптар, халық ауыз ертегілері, журналдар, оқу-әдістемелік құралдары тарту етілді.

11 наурызда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тілдердің үштұғырлығын насихаттау, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында  «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер мен инспекциялар,  құқық  қорғау және сот органдарының және қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тілге жауапты мамандары, тіл жанашырлары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тілші-ғалымдары, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңесте облыста мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысы, Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты, көптілді меңгерудің маңыздылығы және қазақ тілін білу деңгейін «Қазтест» жүйесі арқылы бағалау мәселелері жайлы  хабарламалар жасалды.

Шара барысында семинар-кеңеске қатысушылар мемлекеттік тіл саясаты төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауаптар алысты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламадағы «Қазтест» бойынша нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу бағытында нақты жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне аса назар аударылды.

30 наурызда тілдердің үштұғырлығын насихаттау, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтап, қолдау мақсатында «Тіл шебері -2016» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 21-29 жас аралығындағы Қызылорда қалалық, Қазалы, Сырдария, Жаңақорған аудандық әкімдіктерінде және облыстық басқармалар мен департаменттерде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Сәуір айында тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында  «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеарнасының тікелей эфирінен «Өмірдің өзі» ток-шоуына облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық білім басқармасына қарасты «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары, студент жастар,  Назарбаев Зияткерлік және «Мұрагер» мектептерінің мұғалімдері қатысты.

8 сәуірде  мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған  аудандары мен Қызылорда қаласы, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, халыққа қызмет көрсету орталығы   бойынша 16-22 жас аралығындағы 17 талапкер қатысты.

15 сәуірде қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін таныту, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, риторикалық дағдыларды, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында «Ой – сана» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Қазалы, Жаңақорған аудандары, Байқоңыр қаласының  мектептері мен Қызылорда қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан  18-22 жас аралығындағы 19 талапкер қатысты.

 2016 жылғы 25-30 сәуір аралығында облысымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді. Тестілеуге Қызылорда облысы әкімінің аппараты, Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты, облыстық, аумақтық басқармалар, департаменттер, инспекциялар, Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, қалалық әкімдікке қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтердегі мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қатыстырылды. Осындай диагностикалық тестілеу жұмыстары 25-30 сәуір аралағында облысымыздың Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында да өткізілді.

Жалпы, тестілеу жұмыстарына Қызылорда облысының 2075 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қамтылды.

Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша  А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,6% (117 адам), А2 (базалық) деңгейді – 42% (870 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,6% (717 адам), В2 (ортадан жоғары) – 17,4% (362 адам), С1 (жоғары) – 0,4% (9 адам) құрады.

«С1 деңгейі» көрсеткішін арттыру мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы әзірленді (3051,0 мың тг.). Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда, облыстық басқармалар арасында екі күндік 27 семинар-тренинг өткізіліп, онда 675 қызметкер қамтылатын болады.   

13 мамырда қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында «Абай оқулары» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары  мен  Қызылорда қаласының арнаулы орта оқу орындарынан  16-22 жас аралығындағы 10 талапкер қатысты.               

Мамыр айында Петропавл қаласында өткен «Тіл – татулық тірегі» республикалық форумына облыстан мемлекеттік тілді жетік меңгерген үш этнос өкілінің және де Өскемен қаласында өткен «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» республикалық шарасына тілші-ғалымдардың қатысуы ұйымдастырылды.

2 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік тілді дамыту,  қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Алтын ұя» балабақшасында «Тіл болашағы - балабақшадан» тақырыбында акция өткізілді.

Акция барысында Қызылорда қаласының білім беру бөліміне қарасты 6 балабақша ұжымына балалардың ой-өрісін, танымын кеңейтіп, тілін ұстартуға қажетті оқу-әдістемелік құралдар, ертегілер мен олардың аудио жинақтары, 12 оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электрондық оқулықтардың жинақтары тарту етілді.

3 маусымда мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілерінің арасында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

Іріктеу кезеңіне Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған  аудандары мен Қызылорда қаласынан 18-35 жас аралығындағы 14 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкері қатысты. Мемлекеттік қызметпен қатар шығармашылық өнерді қоса дамытып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілер іріктеу кезеңіне жоғары дайындықпен келді.

24 маусымда  мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында өткізілген «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауына 16 қатысушыдан келіп түскен 28 материалға сараптама жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы шығарылды. Нәтижесімен «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» бойынша анықталған жеңімпаздар мен 7 ынталандыру сыйлықтарына үміткерлер марапатталды.

16 маусымда мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілеріне мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтердің ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және озық тәжірбиелерін тарату мақсатында «Тіл мерейі» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 25-40 жас аралығындағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар, мамандар қатысты.           

Байқау жеңімпазы Қостанай облысында «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен озық тәжірбиелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру мақсатында өткізілген семинар-тренингке қатысты.

 Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақшаға 991 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілсе, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 12 электронды оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электронды оқулықтардың 25 жинағы берілді.

Облысымызда тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында  спикерлер тізімі жасақталып, олардың үш тілді дамытудың өзекті мәселелері бойынша сұхбаттары республикалық телеарналардан берілуі жоспарлануда.

 Сонымен қатар, мемлекеттік тілді және тілдердің үштұғырлығын насихаттау бағытында өткізіліп жатқан іс-шаралар және де қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білудің арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және танымал kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында 30-дан аса мақала жарияланды.

Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру  және тілдердің үштұғырлығын насихаттау бағытында  аймақтағы ауқымды шараларға орай арнайы шығарылымдар көрсетіліп, облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан  «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы»  бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 73 сюжет көрсетілді.  

Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгертуге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен тілдердің үштұғырлығын, көптілділікті насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламалары ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан мемлекеттік тапсырыс арқылы «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы» тақырыбында әлеуметтік бейнеролик әзірленіп, облыстық телеарна арқылы көпшілік назарына ұсынылды.   

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында

201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.

Облысымызда тіркелген жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны 61, оның ішінде 42-сі белсенді жұмыс жасайды. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 8 жастар ісі жөніндегі комитеті жұмыс атқаруда. 

Белсенді жастар ұйымдарымен ұйымдастырылған 90-ға жуық іс шараға 5000-нан аса жас тартылған.

Есепті кезеңде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 663 іс шара ұйымдастырылып, оған  20 220 жас қамтылған. 

Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау - 154, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу - 30, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту - 31, мәдени-көпшілік шаралары - 51, жастардың шығармашылығын дамыту - 32; жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру - 39, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай - 75, Neet санатындағы жастармен шаралар - 30, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау - 15, кеңес беру шаралары – 75, әр түрлі сайыстар - 30, концерттік бағдарлама - 14, 35  - акция, 17 - байқау, көрме, экскурсия, 33 - қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Орталықпен 5 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде, 30-дан астам жас «Жас құрылысшылар» еңбек жасағында жұмыспен қамтылған. Үстіміздегі жылғы педагогикалық, еңбек, құрылыс жасақтарына 1500-нан астам жасты тарту жоспарлануда.

Орталық қызметкерлерімен 4546 жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (жұмыссыздық мәселесі - 2230, әлеуметтік психологиялық бағыттар - 4, мемлекеттік бағдарламалар - 442, діни ағымдар -43, кәсіпкерлікті дамытуға – 120, әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуге – 250, тұрғын үй мәселесі – 420, әр түрлі мәселелер бойынша - 1037) көрсетілген.

Қызылорда облысының мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2016-2017 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында әр түрлі бағыттағы 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн. астам теңге қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар, ү.ж. 18 маусымда облыс әкімі Қ. Е. Көшербаевтың төрағалығымен «Жастар саясаты жөніндегі Қызылорда облыстық кеңесінің көшпелі отырысы» Жаңақорған ауданы Бесарық ауылдық округінде өтті. Аталмыш кеңесте республика бойынша «Жастар ресурстық орталықтары» қызметтерінің жаңа моделін қалыптастыру, жастар денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша атқарылған жұмыстар, Қызылорда облысы, Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы хабарламалар тыңдалды. Сондай-ақ, NEET санатындағы жастарды қолдаудың тетіктерін табу мәселесі талқыланды. Кеңес барысында танымал иллюстратор Аңсаған Мұстафаның қазақ жастарына арнап салынған суреттер көрмесі тамашаланды. Сонымен қатар,  Аққорған ауылдық округі, Түгіскен ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты, «БК Қызылорда Цемент» ЖШС-нің цемент өнімін шығаратын зауыт құрылысы салынатын орынға капсула салу рәсімі өтті.

Кеңеске Білім және ғылым министрлігінің, Біріккен ұлттар ұйымының балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері, кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, барлығы 200-ге жуық делегаттар қатысты.

Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша

Ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында облыс аумағындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасыз қойылған әлеуметтік нысандар мен көше атауларының базасы жасалды.

 «Облыстық ономастика комиссиясы туралы» облыс әкімдігінің 2007 жылғы 5 маусымдағы №153 қаулысына өзгерістер енгізілді.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 65 топонимикалық атаулар енгізілді.

 Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында 482 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне мемлекеттік рәміздерге байланысты атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді.

Мемлекеттік рәміздер саласындағы қабылданған заңнамалардың екі тілдегі толық нұсқасы облыс әкімдігі мен қала, аудандық әкімдіктердің ресми сайттарына жарияланды.

Техникалық реттеу  және  метрология  Комитетінің  Қызылорда  облысы  бойынша департаментімен бірлесіп  мемлекеттік  мекемелер өкілдерінің  және  мемлекеттік рәміздерді сатумен айналысатын  кәсіпорын қызметкерлері мен кәсіпкерлердің қатысуымен ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартын  талқылауға арналған  дөңгелек үстел отырысы өткізілді. 

Дөңгелек үстел барысында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық  стандартына енгізілген  негізгі өзгешеліктер мен толықтырулар, Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасын жаңартудың  туындау  себебі, ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандарты мен ҚР СТ 989-2008 стандарты бойынша Мемлекеттік Елтаңбаның негізгі сыртқы пішіндік айырмашылықтары,  Мемлекеттік Елтаңбаның түр-түстік сипаттарының  орындалуына  қойылатын  талаптар, Мемлекеттік  Елтаңбаның сипаттамалары (детальдарының конструкторлық сызбалары) бойынша департамент мамандары түсіндірме  жүргізді.

Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Отырыста Арал, Шиелі аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді.

 Қызылорда қаласы мен  аудандарда, мекемелерде, құқық қорғау органдарында және ірі кәсіпорындарда 4 маусым күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалды.

 4 – маусым ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты басқарма мен Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өткізілді.

Жиынға кент тұрғындары, ҮЕҰ өкілдері, жастар ұйымдары, ардагерлер кеңесі және 2019 әскер бөлімінің сарбаздары қатыстырылды. Салтанатты жиын соңы жалпы халықтық Гимнді орындаумен жабылды.

Сонымен қатар, қала орталығындағы Оқушылар үйі жанындағы саябақта оқушылардың қатысуымен «Ел рәміздері –асыл мұрамыз»  атты жас суретшілер байқауы өткізілді.

Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінде «Менің Қазақстаным» атты  жастар акциясы ұйымдастырылды.

Қызылорда қаласы мен аудандарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер жинақталды. Қорытындысы бойынша 426 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 365 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс.

Жыл сайын облысымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі облыс көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады. 2006 жылы өңірімізде 387 ҮЕҰ Әділет органдарында заңды түрде тіркеуден өтсе, бүгінгі күні облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 889-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.

Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін 2015 жылдың есепті мерзімінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 576 млн. теңге қаржы қаралып, оған облыс бойынша 143 жоба жүзеге асырылса, 2016 жылы 142 әлеуметтік жобаға 418,0  млн теңге қаралып, жүзеге асырылуда.

Оның ішінде, ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 216 млн. 306 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 34 әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын болады.

Қоғамдық-саяси маңызды шаралар. 2016 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғалардың күнтізбелік жоспарына сәйкес есепті мерзімде 39 ірі көлемді шара ұйымдастырылып, өткізілді.

Саяси партиялармен жұмыс. Облыста республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары мен комитеттері тіркелген. Аталмыш партиялар өкілдіктері партияішілік ұйымдастыру, мәдени-көпшілік шараларын жүргізе отырып, аймақтың қоғамдық-саяси өміріне араласып келеді.

Кеңес саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылып, жұмыс жасауда.

Жалпы алғанда, бүгінгі таңда облыс әкімдігі және облыста тіркеліп, жұмыстар жүргізіп отырған саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер арасында тұрақты байланыстар орнаған.

Қоғамдық кеңестер. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылдың 2 қарашадағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес жергілікті мәслихаттардың шешімі мен облыстық, аудандық, қалалық деңгейде Қоғамдық кеңестер құрылып, олардың Ережесі және құрамдары бекітілген болатын. Кеңес құрамына азаматтық қоғам институттарының өкілдері, оның ішінде партия өкілдері, еңбек ардагерлері, БАҚ өкілдері, ҮЕҮ өкілдері, ардагерлер кеңесі және жастар ұйымдарының өкілдері қамтылған.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2016 жылдың I тоқсаны бойынша  атқарылған жұмыстарының  есебі

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 82 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Олардың 4 электронды, 5 ақпараттық агенттік және 73 баспа БАҚ.

Аймақта  мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.

2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы осы мақсатқа 636 364,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 жылда 3 есеге дейін өсті. 2016 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 578 530,0 мың теңге бөлінді.

Соңғы жылдары Қызылорда облысында тіркелген интернет порталдың саны артты. Атап айтқанда, «Kyzylorda-news», «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «КИА AlashInform», «KazVesti» сайттары жұмыс жасайды.

2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмысын бастады. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 22 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 8 сұхбат ұйымдастырылды.

2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95 %, яғни, 97166 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған.

Аталған жұмыстарды жеделдету мақсатында қала, аудан әкімдіктері жанынан жұмысшы тобы құрылды. «Казтелерадио» АҚ-ның 2016 жылғы 25 наурыз күнгі ұсынған ақпаратына сәйкес, облыс бойынша 84 170 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 61,5 %-ға тең.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Есепті мерзімде қоғамдық-саяси ахуал тұрақты күйде сақталды, саяси жағдайдың тұрақсыздық белгілері байқалмады.

Облыстағы тұрақсыздық белгілерін дер уақытында анықтау мен алдын алу қоғамдық-саяси ахуалға үздіксіз негізде мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Бұл бағытта облыс әкімі және облыс прокурорының бірлескен Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтарының Картасы жаңартылып бекітіледі. Ықтимал наразы көңіл-күй детонаторы ретінде ұлттық валютаның девальвациясы салдары мен еңбек дауларын атауға болады. Картаға енген мәселелердің басым бөлігі штаттық қысқартулар, еңбекақы бойынша қарыздар, еңбек дауларына қатысты.

Штатты қысқартуларды болдырмау және ақысыз еңбек демалысына шығару бағыттары, жалақы берешектерін өтеуді алдын алу мақсатында облыс әкімі жанындағы Дағдарысқа қарсы штабы және әлеуметтік серіктестік бойынша облыстық үшжақты комиссия отырыстары өткізілуде.

Облыстық прокуратура жанынан үйлестіру қызметтері бойынша мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мекемеаралық жұмысшы топтары, сондай-ақ, азаматтардың еңбек құқығын қорғау кәсіподақ мекемелері құрылды. Апта сайын жұмысшы топтардың отырысы өткізілуде.

Сонымен қатар, жергілікті жерлерде кез-келген әлеуметтік шиеленістің туындауына әсер етуі мүмкін немесе қарсылық акцияларын ұйымдастыруы мүмкін наразы пікірдегі азаматтар бойынша мәліметтер базасы жасақталды.

Базада 71 адам бар, олар жергілікті атқарушы және құзыретті органдардың тұрақты бақылауында.

Облыс әкімшілігімен Бас прокуратураның жаңа ұсынымдарды басшылыққа алынып, жиналыстар, шерулер, пикеттер мен демонстрация өткізу бойынша қосымша тәртібі әзірленді. Облыс аудандары мен Қызылорда қаласы әкімдіктері тарапынан жиналыстар, шерулер, пикеттер мен демонстрация өткізу орындары мен маршруттары белгіленіп, тиісті мәслихаттарымен бекітіліп, Әділет органдарында тіркелді. Аталмыш құжат республика бойынша тек Қызылорда облысында дайындалып ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімін алды.

Есепті мерзім ішінде қандай-да бір бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар тіркелмеген.

Облыс аумағында 6 саяси партияның облыстық филиалдары тіркелген. Аталған құрылымдар сайлау науқанына байланысты халық арасында өз саяси платформаларын насихаттау және дауыс беру процесіне бақылау жұмыстарын ұйымдастырды.

Сайлау күні сайлаушылардың келуі 81,75 % құрады, оның 82,41 % - «Нұр Отан» партиясына дауыс берсе, 6,14% - ҚХКП, 7,25% - «Ақ жол» партиясына, 2,57% - «Ауыл», 1,38% - ЖСДП-на, 0,25% - «Бірлік» партиясын қолдады. Сонымен қатар, сайлау процесіне бақылау жұмыстарын ұйымдастырған халықаралық ұйымдар тарапынан заңнамалардың бұзу фактілері анықталған жоқ.

ҚР Мәжіліс депутаттығына сайлау штаттық режимінде өткізілді, электоралды процеске нұқсан келтірген фактілер белгіленген жоқ.

Облыстық ақпараттық топ жұмысын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу мақсатында облыс әкімінің 2015 жылы 31 желтоқсандағы №167-ө өкімімен 112 адамнан жасақталған 8 облыстық ақпараттық топ құрылды.

Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілді.

Ақпараттық жұмыстың 1-кезеңі 2016 жылғы 14 қаңтар 17 ақпан аралығында барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулеріне орайластырылып жүргізілді. Жалпы облыс бойынша барлығы 151 есепті кездесулер өткізіліп, оған 24 011 тұрғын қатысты (Есепті кездесулер барысында 339 тұрғындардан ұсыныс түсіп, 49 азамат өз пікірлерін білдірген).

Ақпараттық топтармен өткізілген іс-шаралар республикалық, облыстық және жергілікті баспа, электронды бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда орналастырылды.

Дін саласы бойынша

Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 168 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12 жергілікті діни бірлестік, 156 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Діни ұйым

Барлығы

Діни бірлестік

Филиал

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

154

-

154

Православие

1

1

-

Евангелиялық христиан-баптистер шіркеуі

4

2

2

Елуіншілер шіркеуі

5

5

-

Пресвитериандық шіркеу

3

3

-

Ехоба куәгерлері

1

1

-

Барлығы

168

12

156

Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында, 2016 жылдың І тоқсанында облыс көлемінде барлығы 63 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 53 кездесу, 1 дәріс, 4 семинар, 5 дөңгелек үстел өткізіліп, оған 3010 адам қамтылды.

Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында 7 акция өтіп, 560 адам қатысты.

2016 жылы Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен бекітілген мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 мәдени, 4 спорттық шара ұйымдастырылып, 936 жазасын өтеуші қатысты.

Сонымен бірге, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитет қалыптастыруға қатысты өзекті мәселелер бойынша 2016 жылдың І тоқсанында аймақтық бұқаралық баспа құралдарында 29 мақала жарияланды. Есепті мерзімде жергілікті телеарналарда діни тақырыптағы 10 бейнеролик 28 рет көрсетілді.

Бұл бағытта өткізілген шаралар облыстық және жергілікті басылымдарда, дін мәселелерін зерттеу орталығының www.dzo.kz сайтында және faсebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында күнделікті жариялануда.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған.

Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тілдердің үштұғырлығын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша құжат айналымы туралы І тоқсанның есебі жинақталып, сарапталуда.2016 жылғы 19 қаңтардағы Тілдердің үштұғырлығын насихаттау жұмыстарын жүргізудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, бірқатар ұйымдастыру шаралары жүргізілді.

«Үш тілді білу - заман талабы» тақырыбында әлеуметтік желіде (Facebook) парақша ашылып, тіркелді.  Аталған тақырыпқа сай өткізілген шаралар әлеуметтік желіге салынуда.

2016 жылғы 19 ақпанда Халықаралық ана тілі күніне орай  еліміздегі тіл саясатының мазмұнын түсіндіру, насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға баулу мақсатында «Қоғамдық келісім» орталығымен бірлесе отырып «Тілдерді үйренудің маңызды мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы  өткізілді.

Шараға басқарманың, «Қоғамдық келісім» орталығының, тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері, ҚХА мүшелері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент жастары қатысты.

Шара барысында мемлекеттік тілді, тілдердің үштұғырлығын, этностардың тілдерін дамытудың маңызды мәселелері көтеріліп, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Жиын соңында Достық үйінің кітапханасына және этномәдени бірлестіктерге мемлекеттік және ана тілдерін үйренуге арналған кітаптар, халық ауыз ертегілері, журналдар, оқу-әдістемелік құралдары тарту етілді.

2016 жылдың 11 наурызында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында  «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер мен инспекциялар,  құқық  қорғау және сот органдарының және қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тілге жауапты мамандары, тіл жанашырлары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тілші-ғалымдары, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңесте облыста мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысы, Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты, көптілді меңгерудің маңыздылығы және қазақ тілін білу деңгейін «Қазтест» жүйесі арқылы бағалау мәселелері жайлы  хабарламалар жасалды.

Шара барысында семинар-кеңеске қатысушылар мемлекеттік тіл саясаты төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауаптар алысты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламадағы «Қазтест» мәселесі бойынша нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу бағытында нақты жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне аса назар аударылды.

Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 3 балабақшаға 577 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілсе, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Аталар сөзі», «Бабалар батасы», «Қобыз үні», «Домбыра күйі», «Бесік жыры», «Халық әні», «Халық аңызы», «Халық ертегісі», «Халық тағылымы», «Халық жыры», «Нақыл сөз», «Билер сөзі» деген 12 электронды оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электронды оқулықтардың 25 жинағы берілді.

Есепті мерзімде облысымызда қазақ, ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, оқушыларға тәлімді тәрбие беріп келе жатқан А.Тайжанова, Н. Есбосын секілді мұғалімдер жайлы «Тіл оқытудағы оқу орнының оңды істері», «Үнемі ізденіс үстінде» атты мақалалалар интернет ресурстарда жарық көрсе, тілдерді білудің арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы өңірлік бұқарат ақпарат құралдарында 24 мақала, мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған 62 мақала жарияланды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде  жалғасатын болады.

Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша    

Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында 67 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер бойынша заң талаптарына сәйкестендірілді.

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне, аумақтық департаменттер, инспекциялар мен басқармалар басшыларына ауа райының қолайсыздығына байланысты мемлекеттік рәміздердің жағдайына бақылау жұмыстарын күшейту жөнінде хат жолданды.

Тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытында басқарма қызметкерлері 12 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 8 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды.

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің  Қызылорда  облысы бойынша департаментімен бірлесіп мемлекеттік  мекемелер өкілдерінің  және мемлекеттік рәміздерді сатумен айналысатын кәсіпорын қызметкерлері мен кәсіпкерлердің қатысуымен ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық стандартын  талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді. 

Дөңгелек үстел барысында ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» Ұлттық  стандартына енгізілген  негізгі өзгешеліктер мен толықтырулар, Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасын жаңартудың  туындау  себебі, ҚР СТ 989-2014 ұлттық стандарты мен ҚР СТ 989-2008 стандарты бойынша Мемлекеттік Елтаңбаның негізгі сыртқы пішіндік айырмашылықтары,  Мемлекеттік Елтаңбаның түр-түстік сипаттарының орындалуына  қойылатын талаптар, Мемлекеттік Елтаңбаның сипаттамалары (детальдарының конструкторлық сызбалары) бойынша департамент мамандары түсіндірме жүргізді.

Есепті мерзім ішінде «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 21 топонимикалық атаулар енгізілді.

Республикалық ономастика комиссиясында қолдау тапқан Қызылорда қаласының 10 көшесін қайта атау туралы ұсыныс бойынша Қызылорда облысының әкімдігі мен Қызылорда облыстық мәслихатының бірлескен шешімі дайындалуда.

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.

Экономикалық белсенді жастар 91,7 мың адам, оның 5,6 мыңға жуығы жұмыссыздар. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас аралығындағы) 6,1 % (2015 жылғы IV тоқсан 4,5 %).

Облысымызда тіркелген жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны 61, оның ішінде 42-сі белсенді жұмыс жасайды. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 31, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 жастар ісі жөніндегі комитеті жұмыс атқаруда. 

Белсенді жастар ұйымдарымен ұйымдастырылған 50-ден астам іс-шараға 3000 жас тартылған.

Есепті кезеңде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 250 іс-шара ұйымдастырылып, оған  9 мыңға жуық жас қамтылған. 

Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау-16, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу-12, құқық бұзушылықтың алдын алу-6, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту-11, мәдени-көпшілік шаралары-17, жастардың шығармашылығын дамыту-8; жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру-14, консультациялық кеңес беру шаралары-23, қайырымдылық бағытта-19, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай - 32, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау-15, ұйымдастырылмаған жастармен шаралар-9, жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы, ЖҚТБ қарсы күрес пен нашақорлықтың алдын алу-14 шара ұйымдастырылды.

Орталық қызметкерлерімен 750-жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (жұмыссыздық мәселесі-530, әлеуметтік психологиялық бағыттар-4, мемлекеттік бағдарламалар-112, діни ағымдар-18, әр түрлі мәселелер бойынша - 86) көрсетілген.

Өңірде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына жастарды тарту бойынша да тиісті жүмыстар жүргізілуде.

Үстіміздегі жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасына республикалық бюджеттен көтерме жәрдемақыға 307 маманға, 213 млн. теңге, жеңілдетілген несие, тұрғын үй алуға немесе салуға 420 маманға 1336 млн. теңге қаржы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жоспар бойынша 822 адамға 188 млн. 349 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына 450 адамға 115 млн. 636 теңге қаржы қарастырылған.

Қызылорда облысының мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2016-2017 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында әр түрлі бағыттағы 16 әлеуметтік жоба жүзеге асыру жоспарлануда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 68 млн.теңге(2015 жылы 62,6 млн. теңге) қаржы қарастырылған.

Мұнан өзге, жастар саясатын қалалық, аудандық деңгейде жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылы 22 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 47 млн. теңге бөлініп жұмыстар атқарылуда. 

Сондай-ақ, қоғамдық көлікте жеңілдікпен қатынау үшін тұрмысы төмен отбасылардан шыққан күндізгі оқу орнында оқитын студенттерге қолдау көрсету биылғы жылы да жалғасын тауып, облыстық бюджеттен 3 214 жасқа 77 млн. 907 мың теңге қаржы бөлінді.

Есепті кезеңде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы 57 мақала электронды, 151 мақала баспа бұқаралық ақпарат да жарияланып, 18 сюжет республикалық, жергілікті телеарналардан көрсетілді.

Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс

Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың  2016 жылдың 31 наурызға дейін мәлімет беруі жөнінде БАҚ-қа хабарлама орналастырылды. Аталған қағидаларды түсіндіру мақсатында "Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы" Қауымдастығының ұйымдастыруымен үкіметтік емес ұйымдарға арналған семинар-тренинг өткізілді.  

2015 жылы желтоқсан айында қолданысқа берілген «Достық үйі» ғимаратынан "Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы" Қауымдастығына үкіметтік емес ұйымдармен салааралық жұмыс жүргізу үшін 2 бөлме бөлінді.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесіне сәйкес, облыс әкімдігі жанынан Қоғамдық кеңестің құрамы қалыптастырылды.

Облыстық Қоғамдық кеңеске мүшелікке ұсынылған 62 (жеке азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардан) кандидаттың 33-і мүшелікке енді.

2016 жылдың 10 ақпанда облыстық мәслихаттың кезектен тыс №44 сессиясында №355 шешімі мен облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінің тізімі бекітілді.

Олардың құрамы 23 ҮЕҰ-дан, 7-уі мемлекеттік органдардан болса, қалған 3-уі саяси партия өкілдері. Яғни, Қоғамдық кеңес 79% азаматтық қоғам институтары өкілдерінен құралды.

Облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес кезекті мәжілісі сәуір айында өткізу жоспарлануда.

2016 жылға арналған облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспарына 96 шара енгізіліп, есепті мерзімде 10 шара өткізілді.

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында облыстық «Ерлік" үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігімен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына арналған «Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат» атты тағзым алаңында ардагерлерді еске алу митингісі және «Ерлікке тағзым-ұрпаққа парыз» атты кеш ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жолға шыққан «Мәңгілік Ел» пойызы 11 наурызда Қазалы ауданына, ал 12 наурызда Қызылорда қаласында болды. Делегация мүшелері бағдарламаға сәйкес іс-шараларға қатысып, облыс тұрғындарына бизнесті дамыту,әлеуметтік және медициналық консультациялар жүргізді. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Тұрмысы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы өтті.

Наурыз мерекесін облыста атап өтудің желілік кестесі қалыптастырылып, 14-22 наурыз аралығында 9 күнге тақырыптық бағыттар бекітілді. Бағыттарға сәйкес қала және аудандарда ұйымдастырылған іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді.

Саяси партиялармен өзара іс-қимыл барысы

Қызылорда облысында республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары (комитеттері мен өкілдіктері) тіркелген.

Саяси партиялармен өзара іс-қимылдарды дамыту, саяси партиялардың облыстық филиалдары мен мемлекеттік органдар арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі жанындағы саяси партиялармен байланыс жөніндегі қоғамдық кеңес жұмыс жасайды.

Кеңес  саяси партиялар мен мемлекет арасындағы оңтайлы өзара қарым-қатынас тепе-теңдігін іздеу, саяси партиялардың мақсатты жұмыстарын жүргізулеріне жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды проблемаларын шешудегі рөлін күшейту мақсатында құрылған.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 27-04-2018 11:19

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика