Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының  2017 жылдың қорытындысы бойынша аналитикалық ақпараты

       

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. 
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің  2017 жылғы 7 наурыздағы №732 қаулысымен бекітілген 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылы облыс аумағында бірқатар  жүйелі жұмыстар атқарылды. 
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатына 2017 жылы  облыстық, қалалық, аудандық бюджеттен, барлығы 40,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 18,3 млн.теңге Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының шығындарына, 10,7 млн. теңге мемлекеттік тапсырыс аясындағы әлеуметтік жобаларға, 8,0 млн. теңге іс-шараларға, 3,3 млн. теңге телебағдарламаларға қаралған. 
Облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру», «Үштілділікті насихаттау», «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» және «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылды. 
Жобалар аясында облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау және қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, үш тілді жетік меңгерген жастарды қолдау және ынталандыру, ономастика және көрнекі ақпарат салаларындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру, тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді көтеру, облыс тұрғындары арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу, шаралар өткізу, т.б. жоспарланды.
Атап айтқанда, «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында 5 облыстық байқау, 1 облыстық олимпиада, 1 облыстық жастар форумы, 1 дөңгелек үстел отырысы және 1 облыстық мүшәйра, барлығы –  9 шара өткізілді. Жоба аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауы, балабақшаларда «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы, облыстағы белсенді жастар, этномәдени бірлестіктері жастарының қатысуымен «Тілі бірдің – тілегі бір» облыстық жастар форумы, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы, қазақ жастарының арасында орыс тілі білгірлерінің облыстық «Ой-сана» байқауы, мемлекеттік тілді меңгерген орыс этносы жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл - парасат» облыстық байқауы,  үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  «Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым» атты жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. 
 «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы, аясында  8 семинар-тренинг, 3 кездесу кеші, 1 облыстық сайыс, 1 облыстық байқау,  2 облыстық семинар, барлығы – 14 шара өткізілді. Оның ішінде үш тілде білім беруді насихаттау, үш тілді меңгерудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында қала, аудан тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері, қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері мен мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен қала, аудан орталықтарында «Тілдерді меңгеру – заман талабы» атты көшпелі облыстық семинарлар, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының командалары арасында «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс, қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық байқауы, жергілікті жерлерде ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын талқылау мақсатында «Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар, «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты жастардың Сыр өңірі ақын-жазушыларымен кездесу әдеби кештері болып өтті. 
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, барлығы 500 шара өткізіліп, оған барлығы 14693 адам қатысты. Барлық шаралар облыс, қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен интернет-ресурстарында жарияланды. 
«Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған, Қызылорда қаласы және облыс әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлеріне 2 күндік 27 семинар-тренингтер ұйымдастырылып, оған 675 адам қатысты. 
«Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында 200 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілері сертификаттық тестілеуден өткізілді.
Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес апталықтар, онкүндіктер ұйымдастырлып, облыс бойынша акциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, флэш-моб және басқа да түрлі форматта 500-ге жуық шара өткізілді. Қорытындысымен «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы және облыстағы белсенді жастар, этномәдени бірлестік жастарының қатысуымен «Тілі бірдің – тілегі бір» облыстық жастар форумы өткізілді.  
Тіл тақырыбы облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып келеді. 
Жыл көлемінде жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті»  телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тұрақты берілді. 
Мемлекеттік тілді насихаттау бойынша 2 бейнеролик әзірленіп, жергілікті телеарналар арқылы 70-тен аса сюжет облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды. 
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша жалпы білім беретін 14 мектептің білім сапасына және тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдерінен сабақ беретін 3 (үш) бірдей мұғалімнің аталған пәндер бойынша маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазулары мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкілерінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталды. Нәтижесімен, қорытынды ақпарат негізінде тиісті ұсыныстар берілді.  
2017 жылғы 26 қазанда «Тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын» талқылау мақсатында «Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері» атты облыстық семинар өткізіліп, мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бағытында жергілікті әкімдіктерге бірқатар ұсыныстар берілді.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барлық салада кеңейту, насихаттау мақсатында Қызылорда қаласы мен аудандарда «Нұр Отан» партиясы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық, аудандық филиалдарымен, «Жас Отан» жастар қанаты» жастар ұйымдарымен бірлесіп бағытты жұмыстар жүргізілді. Нәтижесімен, 12 семинар, дөңгелек үстел, бірлескен рейдтер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталды. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандық филиалдарымен бірлесіп, мүшәйралар, байқаулар, жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кештері мен түрлі акциялар өткізілді.
Көрнекі ақпараттарда орын алған заңбұзушылықтарды жою бағытында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабы бойынша есепті мерзімде облыс бойынша барлығы 997 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде  371 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды. 
Жыл көлемінде облыстың елді мекендерінде мемлекеттік тілді насихаттауға арналған 23 билборд орналастырылды. 
Ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында облыс аумағындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын, мән-мағынасыз қойылған әлеуметтік нысандар мен көше атауларын тарихи жер-су атауларымен және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту,  объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге және олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша жандандыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 2017 жылы барлығы облыстық ономастика комиссиясының 2 отырысы өткізіліп, 114 ұсыныс қаралды. 97 көшеге,  1 объектіге, 3 шағын ауданға байланысты ұсыныс қолдау тапты.
Облыстағы ономастика саласының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» атты облыстық-семинар отырысы өткізілді. 
2017 жылғы тамызда ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облыс бойынша 1520 мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкеріне «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу ұйымдастырылды.  Оның 316-сы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшісі, 231-і мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкері. Диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің В1 деңгейі бойынша 307 адам 97 %, 9 адам С1 деңгейі бойынша - 2,8 % көрсеткішті көрсетті. Мемлекеттік қызмет көрсеткен ұйым қызметкерлерінің В1 деңгейі бойынша 226 адам 97,8%, С1 деңгейі бойынша 5 адам өтіп –    2,1 % көрсеткішті көрсетті. 
2017 жылғы қарашада мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткен барлығы 200 адам - 160 мемлекеттік қызметші мен 40 мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкері сертификаттық тестілеуге қатысып, оның 134-і «Қазтест» сертификатын иеленді. Сертификаттық тестілеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің В1 деңгейі бойынша 87 адам 54,4 %,  9 адам С1 деңгейі бойынша – 5,7 % көрсеткішті, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің  В1 деңгейі бойынша 18 адам 45 %, 0 адам С1 деңгейі бойынша – 0% көрсеткішті көрсетті.
«Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  9 штаты облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 16 мамырдағы    № 116 шешімімен қосымша 3 штатпен толықты. 
Сонымен қатар, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының бөлімдерін әр ауданда ашу мәселесі облыстық мәслихатта қаралып, 2017 жылғы  12 желтоқсандағы кезекті ХVІІ  сессиясының №157 шешіммен 23 штат бөлінді.   2018 жылғы қаңтардан бастап Қызылорда облысының 7 ауданына мемлекеттік, ағылшын, орыс тілдерін оқытатын 3 маманнан 21 маман және 2 әдіскер – барлығы 23 штат бөлініп, тіл орталығының аудандық бөлімдері өз жұмыстарын бастайды.  
Есепті мерзімде «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы 25 мемлекеттік, 15 ағылшын, 2 орыс тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылып, барлығы 534 адам оқыды. Оның ішінде мемлекеттік тіл үйрету бойынша мемлекеттік қызметші – 272, еріктілер – 25, өзге ұлт өкілдері – 14, кәсіпорын қызметкерлері – 14, біліктілігін арттыру – 10.  Ағылшын тілі бойынша мемлекеттік қызметші – 136, еріктілер – 8, кәсіпорын қызметкерлері – 31.  Орыс тілі бойынша мемлекеттік қызметші – 24.   
Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жастарды сөз өнерін білуге баулу, оларды көшбасшылыққа үйрету мақсатында облыстық тілдерді оқыту орталығы жанынан «Шешендік өнер және тіл мәдениеті» үйірмесі, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жас қауырсын» ақындар үйірмесі, «Құс қанаты – Қызылорда» жас әдебиетшілер үйірмесі жұмыс жасауда. 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы  «Қазақ әліпбиін біртіндеп латын графикасына көшіру» тапсырмасын халық арасында түсіндіру мақсатында  Қызылорда қоғамдық телеарнасы мен «Қызылорда-Қазақстан» облыстық телеарнасының «Мезгіл мәселесі», «Жаңа күн» хабарларында, сонымен қатар баспасөз конференцияларында білім, тіл саласы мамандарының, филолог ғалымдардың сұхбаттары мен брифингтері ұйымдастырылды.  Облыстағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің басшылары, мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі мен көтерілген тақырыптардың салмақтылығын талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Латын әліпбиіне көшу бойынша 2017 жылдың 5 мамыр және 12 қазан күндері облыс әкімдігі жанынан Қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың 2 рет отырысы өткізіліп, нәтижесімен жоғарғы органдарға қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандарты жобасына тиісті ұсыныстар жолданды. Сонымен қатар, 12 қыркүйекте «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында қала және аудан әкімдерінің, зиялы қауының, білім және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен идеологиялық актив жиыны болып өтті. 
Латын әліпбиіне көшуді қолдау бағытындағы іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес облыс бойынша 422 шара өткізілді (15 325 адам қамтылды). Өткізілген шаралар электронды және баспа БАҚ-тарда кеңінен ақпараттандырылды. 
Облыс орталығында 11 этно-мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Этно-мәдени бірлестіктер «Достық» үйінде орналасқан және этностардың өз ана тілдерін оқытуға барлық жағдай жасалған. 
Этнос өкілдерінің қатысуымен облыс бойынша 600-ге жуық түрлі форматта шара өтсе, оның 100-ге жуығы тілдерді насихаттауға бағытталған. «Алғыс айту күні», «1 Мамыр – Бірлік күні», «Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі», т.б. ірі шаралар этностардың қатысуымен өткізілді. 
Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысында Қызылорда қаласы мен аудандарда, барлығы 287 түрлі форматта шаралар өткізілді. Облыстағы барлық шаралар мемлекеттік тілде өтеді.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша 2017 жылдың қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9 %, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 97,8 % құрады. 
Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жылына 2 рет әлеуметтік сауалнама жүргізіліп отырады. Қазан айында жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 99,4% - мемлекеттік тілді, 79,8% - орыс тілін, 14,1% - ағылшын тілін, 12,9% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.
Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 92 бұқаралық ақпарат құралы  жұмыс жасайды. Олардың 50% қазақ тілінде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығады. 
Облыста барлығы 293 мектеп бар. Оның 262-сі қазақ (89,4%), 27-сы аралас (9,2%), 4-еуі (1,3%) орыс мектебі. Балалардың 94,2% қазақ мектебіне барады, олардың ішінде 310-ы этнос өкілі. 
Облыстағы 659 балабақшаның 622-ы қазақ (94,3%), 31-і аралас (4,7%), 6-уы орыс (0,9%) балабақшасы. Бүлдіршіндердің 94,7% қазақ балабақшасында тәрбиеленеді, оның ішінде 432-і этнос өкілі.
Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясаты мен үштілділікті  насихаттау мақсатында және ономастика мәселелері жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында 332 мақала жарық көрді. 
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады. 
Ономастика және көрнекі ақпаратты  бақылау бойынша

Есепті кезеңде облыстық ономастика комиссиясының екі отырысы өткізілді. Отырыс барысында 114 ұсыныс қаралып, қорытындысымен  1 объектіге, 1 ауылға, 99 көшеге  оң қорытынды берілді.  Қазіргі уақытта облыс бойынша 92 көше тарихи және дәстүрлі атаулармен ауыстырылды. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 71 топонимикалық атаулар енгізілді. Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында    822 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді. Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиясының екі отырысы өтті. Отырыста Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Қазалы, Жалағаш,   аудандарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылу мен пайдалану жай-күйі туралы есеп тыңдалды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің  25 жылдығын кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес шаралар өткізілді.

Қоғамдық көліктерде, аэропорттарда, темір жол вокзалдарында  және ірі кәсіпорындарда 4 маусым күні сағат 12.00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні бір мезгілде орындалды.

Басқарманың ұйымдастыруымен ҚР Мемлекеттік Рәміздері аллеясында «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышым!» атты мерекелік қорытынды шара   өткізілді.

Шараға  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, белгілі сәулетші Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, өңіріміздегі этномәдени бірлестік өкілдері, әскери қызметкерлер, саяси партия, үкіметтік емес ұйым мүшелері,  олимпиада және спорт саласының жеңімпаздары, БАҚ өкілдері, белсенді жастар қатысты.

Сонымен қатар, қала орталығындағы Оқушылар үйінде оқушылардың қатысуымен «Ел рәміздері – асыл мұрамыз»  атты жас суретшілер байқауы өткізілді.

Қызылорда қалалық мәдени-демалыс паркінде «Көк байрағым көгімде» атты  жастар акциясы ұйымдастырылды.

Ономастика мәселелерін талқылау мен жетілдіру, тарихи маңызы бар және дәстүрлі атауларды қалпына келтіру, мақсатында 26 қазанда «Ономастика және көрнекі ақпараттар мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинар барысында облыстағы ономастика және көрнекі ақпарат саласы бойынша атқарылған жұмыстар, жіберілген кемшіліктер мен алдағы міндеттер туралы айтылды.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы 21-бабы талаптарының сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Қорытындысы бойынша 388 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 67 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды.

«Қызылорда облысының білім, мәдениет, спорт ұйымдарына атау беру мен қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы жасалынып, тиісті министрліктерден келісім алынуда. 

 Дін саласы бойынша 

Қызылорда облысындағы діни ахуал тұрақты сипатта. Қызылорда облысында 178 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 11 жергілікті діни бірлестік, 167 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылғы 12 айында түрлі форматта 3170 іс-шара ұйымдастырылып, оған 108616 адам қатысты.

Нақтылар болсақ, облыстық ішкі саясат басқармасымен аймақтағы ақпараттық-түсіндіру топтарының біліктілігін арттыру, оның ішінде тұрғындарға арқылы Республикалық деңгейдегі теологтарды, дін саласын зерттеп жүрген профессорларды, психологтарды шақыра отырып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында семинарлар, кездесулер ұйымдастырып келеді. 

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, деструктивті діни ағымдарды әшкерелеу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында БАҚ-да және әлеуметтік желілерде барлығы 1029 материал жарық көрді. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы –353 материал, баспа БАҚ-та – 358 мақала жарық көрсе, интернет ресурстарда және әлеуметтік желілерде 318 материал орналаcтырылды. 

ІІ жартыжылдыққа арналған Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары бекітіліп, түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен есепті мерзімде 20 шара ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, есепті мерзімде 1000-нан астам әлеуметтіңк желілердегі топтарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 688 топ ҚР Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 202 топқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.


Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2017 жылдың 9 айы бойынша  аналитикалық ақпараты

 
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
2017 жылғы 7 наурызда облыс әкімдігінің № 732 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітіліп,   2017 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 31,7 млн. теңге қаржы бөлінді.
Басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және басқа да ұйым қызметкерлеріне, сонымен қатар жеке тұлғаларға мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін оқытуда.
Есепті мерзімде орталық арқылы 239 адам мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 90 адам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
11 қаңтарда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша 14 жалпы білім беретін мектептердің білім сапасы мен тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың оқу тіліне талдау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдері бойынша 3 (үш) бірдей мұғалімнің маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазуы мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкісінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталып, нәтижесімен тиісті ұсыныстар берілді.  
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ҚР Ұлттық Ұланы 5547 және 2019 әскери бөлімдерінде «Ана тілім - айбыным» тақырыбында ашық сабақтар және Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы  «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру» тапсырмасын халық арасында түсіндіру мақсатында  2017 жылғы 14 сәуір күні Қызылорда қоғамдық телеарнасының «Мезгіл мәселесі» хабарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары Ж. Сәдуақасұлы, А. Абасилов пен облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Н. Мусаеваның  сұхбаттары берілді.
28 сәуірде облыстағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің басшылары, мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен Елбасы  Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі мен көтерілген тақырыптардың салмақтылығын талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, мақалада көтерілген латын әліпбиіне көшу бойынша 2017 жылдың 5 мамыры күні облыс әкімдігінде қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың отырысы өткізіліп, қорытындысымен, ҚР Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Әлімхан Жүнісбек әзірлеген латын әліпбиінің «Ұлттық жобасын» жаңа графика ретінде қабылдауға ұсыныстар жолданды.
12 қыркүйекте «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында идеологиялық актив жиыны өткізілді.
Латын әліпбиіне көшуді қолдау бағытында облыстық іс-шаралардың желілік кестесі әзірленіп, филолог-ғалымдардан, тіл мамандарынан ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Кестеге сәйкес 11 қыркүйектен бастап қала, аудандарда, мекемелер мен кәсіпорындарда түсіндіру, насихаттау шаралары жүргізілуде. Бүгінде бұл бағытта, барлығы 166 шара өткізіліп, оған 7224 адам қамтылды. 
Сонымен қатар, облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» және «Үштілділікті насихаттау», «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылуда. 
 «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында а.ж. 11 сәуірінде қазақ тілді жастар арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана», 20 сәуірде Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері мен 11 мамырда Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы, сондай-ақ,  мемлекеттік қызметшілер арасында 6 маусымда «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Тіл шебері-2017» облыстық байқаулары, 22 қыркүйекте  «Тілі бірдің – тілегі бір» облыстық жастар форумы, 4 қазанда үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын-2017» олимпиадасы ұйымдастырылды.
«Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысында 27 наурыз - 5 сәуір аралығында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын, үштілділік саясатын түсіндіру, насихаттау мақсатында басқарманың және білім саласы қызметкерлері мен филолог ғалымдардан облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып,  Қызылорда қаласы мен аудандарда «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында семинарлар өткізілді.
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, наурыз-мамыр айларында барлығы 500 шара өткізілді. Өткізілген шараларға қала мен аудандардағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, барлығы 14693 адам қатысты. Барлық шаралар қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында ақпараттандырылды.
18 сәуір күні жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінен құралған командалар арасында «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс, 19 мамыр күні қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық байқаулары өткізілді. 
2017 жылдың 20 маусымынан бастап облыста «Қазтест» жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік маңызды жобасы іске асырылуда. Жоба аясында аудандық,  қалалық, және облыстық әкімдіктердің 675 мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік қызмет көрсетеін ұйым қызметкерлеріне екі күндік семинар-тренингктер өткізілуде. 
21-25 тамыз күндері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп 1520 түрлі сала қызметкерінің «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтуі ұйымдастырылды.
Жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті» телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тоқсан сайын тұрақты берілуде. 
Есепті мерзімде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үштілділікті насихаттау мақсатында жергілікті телеарналар арқылы 2 бейнеролик, 50-ден аса сюжет көрсетілсе, БАҚ-тарда 300-ге жуық мақала жарық көрді.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша 9 айдың қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 100%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98% құрады.
Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 99,5% - мемлекеттік тілді, 76,5% - орыс тілін, 13,7% - ағылшын тілін, 13,6% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.
Азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны 760-ты құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
Оның ішінде: 494 қоғамдық бірлестік, (217 қоғамдық бірлестіктерінің филиалдары мен өкілдіктері), 237 қоғамдық қор, (19 қор филиалдары мен өкілдіктері), 29 заңды тұлғалар бірлестігі.
2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 701,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 162 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2017 жылдың есепті мерзімінде 1 млрд. 181 мың. теңге қаралып, 170 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың 21 жобаларына облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 
Ал, қала, аудандар бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды ҮЕҰ арқылы жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден 2016 жылы 194 443,0 мың теңге (87 жоба) бөлінсе, бұл мақсатқа 2017 жылдың есепті мерзімінде  306,8 млн. теңге (92 жоба) қаралды.
ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары: 
Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу - 210;
Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау – 8;
Қоршаған ортаны қорғау – 67;
Жастар саясат мен балалар бастамаларын қолдау – 62;
Демография проблемаларын шешу – 16;
Гендрлік проблемаларды шешу – 8;
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау – 66;
Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы  балаларға көмек көрсету – 8;
Азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу – 3;
Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау – 51;
Мәдениет пен өнерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны қорғау -72;
Қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту – 13;
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар – 176.
 

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2017 жылдың I жартыжылдығы  бойынша

аналитикалық ақпараты
 
Азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны 760-ты құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
Оның ішінде: 494 қоғамдық бірлестік, (217 қоғамдық бірлестіктерінің филиалдары мен өкілдіктері), 237 қоғамдық қор, (19 қор филиалдары мен өкілдіктері), 29 заңды тұлғалар бірлестігі.
2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 701,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 162 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2017 жылдың есепті мерзімінде 1 109 821 мың. теңге қаралып, 153 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың 21 жобаларына облыстық бюджеттен 190 млн. 623 мың теңге қаржы бөлінді. 
Ал, қала, аудандар бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды ҮЕҰ арқылы жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден 2016 жылы 194 443,0 мың теңге (87 жоба) бөлінсе, бұл мақсатқа 2017 жылдың есепті мерзімінде  306,8 млн. теңге (92 жоба) қаралды.
ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары: 
Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу - 210;
Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау – 8;
Қоршаған ортаны қорғау – 67;
Жастар саясат мен балалар бастамаларын қолдау – 62;
Демография проблемаларын шешу – 16;
Гендрлік проблемаларды шешу – 8;
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау – 66;
Жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы  балаларға көмек көрсету – 8;
Азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу – 3;
Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау – 51;
Мәдениет пен өнерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны қорғау -72;
Қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту – 13;
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар – 176.
Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын бағалау бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесі
2017 жылғы сәуір айында «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығы жүргізген сауалнамаға сәйкес  мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы қарым-қатынасты оң бағалағандар 65,8 пайызды құраған. 
«Облысымыздағы үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі қандай?» деген сұраққа респонденттердің басым бөлігі, яғни 63,8 пайызы «орташа» деп жауап берген. 
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 92 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 83 баспа БАҚ (олардың ішінде 25-журнал, 58-газет). 
2017 жылғы І тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-тың 50% мемлекеттік тілде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығарылады. 
Интернет желісінде 16 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы»,
«Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 13 ақпанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 161 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
Соңғы 5 жылда Управлением мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаражат 2,6 есеге ұлғайды. 2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2017 жылы осы мақсатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді (ақпарат үшін: 2013 ж. – 406 019,0 мың. тг., 2014 ж. – 566 825,0 мың. тг., 2015 ж. - 636 364,0 мың. тг., 2016 ж. - 621 700,0 мың. тг. бөлінді).
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 35 брифинг берілді, басқарма тарапынан 28 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2017 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 107 375 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 79%-ын құрайды.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша
2017 жылғы 7 наурызда облыс әкімдігінің № 732 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітілді.
2017 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 31,7 млн. теңге қаржы бөлінді.
Басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және басқа да ұйым қызметкерлеріне, сонымен қатар жеке тұлғаларға мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін оқытуда.
Есепті мерзімде орталық арқылы 186 адам мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 62 адам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
11 қаңтарда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша 14 жалпы білім беретін мектептердің білім сапасы мен тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың оқу тіліне талдау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдері бойынша 3 (үш) бірдей мұғалімнің маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазуы мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкісінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталып, нәтижесімен тиісті ұсыныстар берілді.  
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ҚР Ұлттық Ұланы 5547 және 2019 әскери бөлімдерінде «Ана тілім - айбыным» тақырыбында ашық сабақтар және Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
2017 жылдың 9 наурызында Орталық коммуникациялар орталығында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға бағытталған  2 әлеуметтік жобаның таныстырылымы өтті. 
27 наурыз - 5 сәуір аралығында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын, үштілділік саясатын түсіндіру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында басқарманың және білім саласы қызметкерлері мен филолог ғалымдардан облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып,  Қызылорда қаласы мен аудандарда «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында семинарлар өткізілді. 
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, наурыз-мамыр айларында барлығы 500 шара өткізілді. Өткізілген шараларға қала мен аудандардағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, барлығы 14693 адам қатысты. Барлық шаралар қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында ақпараттандырылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы  «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру» тапсырмасын халық арасында түсіндіру мақсатында  2017 жылғы 14 сәуір күні Қызылорда қоғамдық телеарнасының «Мезгіл мәселесі» хабарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары Ж. Сәдуақасұлы, А. Абасилов пен облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры  Н. Мусаеваның  сұхбаттары берілді.
28 сәуірде облыстағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің басшылары, мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі мен көтерілген тақырыптардың салмақтылығын талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, мақалада көтерілген латын әліпбиіне көшу бойынша  2017 жылдың 5 мамыры күні облыс әкімдігінде қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың отырысы өтіп, қорытындысымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек әзірлеген латын әліпбиінің «Ұлттық жобасын» жаңа графика ретінде қабылдауға ұсыныстар жолданды.
Сонымен қатар, облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» және «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылуда. 
Жобалар аясында облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау және қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, үш тілді жетік меңгерген жастарды қолдау және ынталандыру, ономастика және көрнекі ақпарат салаларындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру, тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді көтеру, облыс тұрғындары арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу, шаралар өткізу, т.б. жоспарланды.
«Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында а.ж. 11 сәуірі күні қазақ тілді жастар арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана», 20 сәуір күні Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері мен 11 мамыр күні Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы, сондай-ақ,  мемлекеттік қызметшілер арасында 6 маусым күні «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Тіл шебері-2017» облыстық байқаулары ұйымдастырылды.
 «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысында 2017 жылдың 27 наурызында қала тұрғындары, қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері мен мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен «Тілдерді меңгеру – заман талабы» атты облыстық семинар, 18 сәуір күні жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінен құралған командалар арасында «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс, 19 мамыр күні қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық байқаулары өтті. 
2017 жылдың 20 маусымынан бастап облыста «Қазтест» жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік маңызды жобасы іске асырылуда. Жоба аясында аудандық,  қалалық, және облыстық әкімдіктердің 675 мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік қызмет көрсетеін ұйым қызметкерлеріне екі күндік семинар-тренингктер өткізілуде. 
Есепті мерзімде жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті» телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тұрақты берілуде. 
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша І жартыжылдықтың қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98% құрады.
Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында мамыр айында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 99,5% - мемлекеттік тілді, 76,5% - орыс тілін, 13,7% - ағылшын тілін, 13,6% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үштілділікті насихаттау мақсатында БАҚ-тарда 152 мақала жарық көрсе, эфирден 5 телебағдарлама,  1 бейнеролик, жергілікті телеарналардан 37 сюжет көрсетілді.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 2017 жылдың I тоқсаны  бойынша аналитикалық ақпараты

 
Мемлекеттік ақпараттық саясат
Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 86 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 5-еуі ақпараттық агенттік, 77 баспа БАҚ (олардың ішінде 21-журнал, 56-газет). 
2017 жылғы І тоқсанда Қызылорда облысында жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 26,7% қоғамдық-саяси, 25,6% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 47,7% өзге де тақырыптық бағыттарда ақпарат тарататынын көрсетті. 
Сонымен қатар, облыс бойынша БАҚ-тың 50% мемлекеттік тілде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығарылады. 
Интернет желісінде 16 баспа БАҚ-тың веб-нұсқасы бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ақмешіт апталығы», «Ұстаз мәртебесі», «Ақмешіт ақшамы», «Халық», «Ұстаз мәртебесі», аудандық «Толқын», «Қазалы», «Қармақшы таңы», «Жалағаш жаршысы», «Тіршілік тынысы», «Өскен өңір», «Жаңақорған тынысы» газеттері және «Әлімсақ» журналы).
Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында 2017 жылғы 13 ақпанда «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді. Аталмыш Медиа-жоспар 18 тармақ, 161 тармақшадан құралған, әрі барлық маңызды салаларды ақпараттандыруға бағытталған.
Соңғы 5 жылда Управлением мемлекеттік ақпараттық саясатқа бөлінген қаражат 2,6 есеге ұлғайды. 2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2017 жылы осы мақсатқа 591 378,0 мың теңге бөлінді (ақпарат үшін: 2013 ж. – 406 019,0 мың. тг., 2014 ж. – 566 825,0 мың. тг., 2015 ж. - 636 364,0 мың. тг., 2016 ж. - 621 700,0 мың. тг. бөлінді).
Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 37 брифинг берілді, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 25 тікелей эфирдегі сұхбат, сонымен бірге, басқарма тарапынан 24 баспасөз-туры ұйымдастырылды.
2017 жылы облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 104 660 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл меженің 76%-ын құрайды.
Діни қызмет бойынша
2016 жылғы ІV тоқсанда жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға қатысқан респонденттердің 93.3 пайызы облыстағы діни ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалайтынын көрсетіп отыр. Облыстағы мұсылмандардың пайыздық бөлігі – 96 %. Аймақта 162 мешіт және христиандық бағыттағы 11 діни бірлестік пен 2 филиал тіркеліп жұмыс жасауда.  Мешіттерге барып тұратын адамдардың орташа саны - 30 мыңға жуық, оның ішінде жұма намазына қатысушылар саны - 20 мыңдай. Тіркелмей заңсыз жұмыс жасап жатқан филиалдар мен діни бірлестіктер жоқ.
Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2017 жылғы І тоқсанда түрлі форматта 505 іс-шара ұйымдастырылып, оған 24918 адам қатысты. Жергілікті БАҚ-та 401 ақпараттық метариалдар жарияланды. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 121 материал, баспа БАҚ-та – 59 мақала жарық көрді. Интернет желісінде діни тақырыпта 221 материал орналатырылды. 
Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2017 жылғы І жартыжылдықта өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары және теологтардың кездесу кестесі бекітілген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, теологтар жазасын өтеушілермен 63 кездесу өткізіп, кездесулердің 45-і діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандармен жүргізілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылғы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 4 мәдени, 4 спорттық, 1 ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылып, 815 адам қамтылды.
Сондай-ақ, 2017 жылғы І тоқсанында 400-ге жуық интернет сайттарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 141 сайт ҚР МСМ Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 5 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолданды.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.
2017 жылғы 7 наурызда облыс әкімдігінің № 732 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітілді.
2017 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 27,9 млн. теңге қаржы бөлінді.
Басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, кәсіпорындар мен басқа да ұйым қызметкерлеріне, сонымен қатар жеке тұлғаларға мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді тегін оқытады.
Есепті мерзімде орталық арқылы 62 адам мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 18 адам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
11 қаңтарда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша 14 жалпы білім беретін мектептердің білім сапасы мен тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың оқу тіліне талдау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдері бойынша 3 (үш) бірдей мұғалімнің маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазуы мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкісінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталып, нәтижесімен тиісті ұсыныстар берілді.  
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, наурыз айында барлығы 160 шара өткізілді. Өткізілген шараларға қала мен аудандардағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, барлығы 4741 адам қатысты. Барлық шаралар қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында ақпараттандырылды.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша жинақталған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда  шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 100%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98,2% құрайды.
Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша 
2016 жылғы 26 желтоқсанда Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия төрағасы, облыс әкімі Қ. Көшербаевпен Мемлекеттік рәміздерді қолдану, қадағалау және ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізудің 2017 жылға арналған жоспары бекітілді.
Жұмыс жоспарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтуге байланысты іс-шаралар ұйымдастырып, өткізу және ақпараттық-насихаттық жұмыстары енгізіліп, жоспарға сәйкес барлық қала және аудандарда шаралар өткізілуде.
20-24 ақпан күндері 2017 жылға арналған жұмыс жоспарға сәйкес барлық аудандар мен кент және ауылдық округтерде мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен стандартқа сай орналастырылуына және сыртқы көрнекі ақпарат құралдары, көше тақтайшалары мен ғимарат маңдайшаларының заңдылыққа сәйкес орналастырылуына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.
Өңіріміздегі ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында облыс аумағындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасыз қойылған әлеуметтік нысандар мен көше атауларының базасы жасалды. Нәтижесінде, облыс бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген 107, атауы жоқ 362 көше анықталды. Сондай-ақ, 2 ауылдық округ және  5 бөлімше,  6 ауыл, 3 мектеп қайта атауға жатады. 
«Қызылорда облысының білім беру және мәдениет мекемелеріне атау беру мен қайта атау туралы» ҚР Үкіметінің  қаулысы шықты. Осыған байланысты,  тиісті заңнамаларға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 72 топонимикалық атаулар енгізілді.
Азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау
Қызылорда облысында ҮЕҰ-дың жалпы саны 838-ді құрап отыр. Оның ішінде 392-сі нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.
Анықтама: 336 қоғамдық бірлестік, (217 қоғамдық бірлестіктерінің филиалдары мен өкілдіктері), 
237 қоғамдық қор, (19 қор филиалдары мен өкілдіктері), 29 заңды тұлғалар бірлестігі.
2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 701,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 162 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2017 жылы 924,6 млн. теңге қаралып, 130 әлеуметтік жоба жүзеге асыру көзделген. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 160 млн. 333 мың теңге қаржы бөлінді. 
Ал, қала, аудандар бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды ҮЕҰ арқылы жүзеге асыруға жергілікті бюджеттерден 2016 жылы 194 443,0 мың теңге (87 жоба) бөлінсе, бұл мақсатқа 2017 жылы    212,3 млн. теңге (70 жоба) қаралды.
ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары:
білім мен ғылым саласы, спорт және денешынықтыру – 27,5%;
жастар саясаты және балалар бастамалары - 10%;
халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау - 8,5%;
азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау - 8,5%;
қоғамдық келісім және ұлттық бірлікті насихаттау – 4,5%;
41 пайызы тарихи-мәдени құндылықтарды, мемлекеттік тілді дамыту, әлеуметтік және демографиялық мәселелерді шешуге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 215 ірі көлемді шарадан тұратын 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Күнтізбелік жоспарға 2017 жылдың айтулы даталары - «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, Алаш Орда қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» халықаралық ғылыми-теориялық конференция және мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайға арналған ескерткіштің ашылуы, «Экспо-2017» еріктілерінің слеті, ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл, Елорданың Алматыдан Астанаға ресми көшуіне - 20 жыл, 4 қазан - Дүние жүзіндегі ең тұңғыш жасанды Жер серігінің ұшырылуына 60 жыл толуы, «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері және басқа да ауқымды шаралар мен мемлекеттік, кәсіби мерекелер, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар енгізілген.

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының  2016 жылдың қорытындысы бойынша аналитикалық ақпараты

 

Мемлекеттік ақпараттық саясат

2016 жылы есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 30% қоғамдық-саяси, 25% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 45% өзге де тақырыптық бағыттарда жазатындығын көрсетті.

Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.

2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2016 жылы осы мақсатқа 621 700,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 4 жылда 2.7 есеге өсті.

Ерекше айта кететін жайт, облыстық медиа-холдинг «Сыр медиа» тарапынан құрамына аудандық басылымдардың сайттарын біріктірген кешенді интернет-портал ашылды (http://syr-media.kz/).

2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмысын жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 120 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 68 тікелей эфирдегі сұхбат, сонымен бірге, 51 баспасөз-туры ұйымдастырылды.

2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 102 532 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 74%-ға тең.

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Басқарма тарапынан барлық атқарылып жатқан шаралар еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталып, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты мониторинг нәтижелеріне сүйене отырып іске асырылады.

Мониторинг барысында анықталған қандай да бір әлеуметтік–саяси кернеулік алғышарттары «Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары Картасына» енгізіліп, олардың шешілу барысы бақылауда болады.

Қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі қалың бұқара арасындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттап, әрбір тұрғынның хабардардығын арттыру болып табылады.

Азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау

2006 жылы өңірімізде 387 ҮЕҰ тіркелген болса, 2016 жылы облысымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 889-ді құрап отыр. Оның ішінде 409-ы нақты жұмыс жасайтын ҮЕҰ-дар.

2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 576 млн. теңге қаржы бөлініп, 143 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2016 жылы 811,6 млн. теңге қаралып, 176 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 222 млн. 220 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 39 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Идеологиялық, экономикалық және аймақтағы ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында облыс көлемінде 96 ірі көлемді шаралардан тұратын 2016 жылға арналған қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, жүзеге асырылды.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес 2016 жылдың айтулы даталары - Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күрішші Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуы, Чернобыль апатының орын алғанына 30 жыл толуы және басқа да ауқымды шаралар мен мемлекеттік, кәсіби мерекелер, республикалық, облыстық деңгейдегі түрлі конференциялар, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды.  

Сондай-ақ, 2016 жылдың басты оқиғасы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу.

Қызылорда облысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту бойынша жұмыс тобы құрылып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес 1071 шараны жүзеге асыру қарастырылып, жоспарланған шаралар толықтай орындалды.

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» 25 жұлдызды күнге арналған 370 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары бекітілді.

25 жұлдызды күн аясында облыс көлемінде 1212  шара (қоғамдық-саяси - 214, ақпараттық-имидждік - 85, ғылыми-ағартушылық - 162, спорттық - 90, мәдени-557, әлеуметтік -экономикалық - 104) оның ішінде: «Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттық форум, «Тәуелсіздік және Әбіш Кекілбаев әлемі» республикалық ғылыми конференция; «Мәңгілік ел мұраты - Тәуелсіздік» ХІІ облыстық жастар форумы, Тәуелсіздік құрдастарының форумы; «Ұрпақтар сабақтастығы» атты жастар мен аға буын өкілдерінің кездесуі; «Тәуелсіздіктің 25 аса маңызды оқиғалары» кітабының шығарылуы; «25 маңызды оқиға» фильмінің көрсетілімі; «25 қайырымды іс» әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытында акциялар, ҚР Тұңғыш Президенті күні, «Тәуелсіздік тартуы» телемосты және орталық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен ҚР Тәуелсіздігі күніне орай салтанатты жиындар, кездесулер мен мерекелік концерттер өткізілді.

Ұйымдастырылған шаралар барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының қалыптасуы және Мемлекет Басшысының 5 институционалды реформасы «100 нақты қадам - Ұлт жоспарын» жүзеге асыруға ерекше маңыз берілді.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 20,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған.

Есепті мерзімде 382 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкері мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 96  мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.

Мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткен 156 мемлекеттік қызметші мен бюджеттік сала қызметкерлері «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуге қатысып, нәтижесімен тестілеуге қатысушылардың 91-і оң нәтиже көрсетіп, «Қазтест» сертификатын иеленді.

Сонымен қатар, «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы іске асырылды. Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда және облыстық басқармалар арасында екі күндік 27 семинар-тренинг өткізіліп, оған 675 қызметкер қамтылды.

Сондай-ақ, 2016 жылдың сәуір, қазан айларында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облысымыздағы 3821 мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді.          

Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша  А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,3% (203 адам), А2 (базалық) деңгейді – 39,9% (1526 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,2% (1307 адам), В2 (ортадан жоғары) – 19,4% (743 адам), С1 (жоғары) – 1% (42 адам) құрады.

Тілдік ахуалды зерделеу бойынша жинақталған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда  шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 97,6% құрайды.

Облыс тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындысымен мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 99,2%, ағылшын тілін меңгергендер – 13,1%, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) қатар меңгергендер – 12,4% құрады.

2016 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау мақсатында орталық атқарушы органдардың 3 (үш) облыстық бөлімшесіне тексеру жұмыстары жүргізілді. Қорытындысымен 1 мекемеде, яғни Қызылорда бөлімшелік көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында тіл туралы заңнама талабын бұзу фактісі анықталып, басқарма тарапынан орын алған заңбұзушылықты жою жөнінен ұсыным берілді.

Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында 1 фестиваль, 1 кеңейтілген семинар-кеңес, 2 диагностикалық және 1 сертификаттық тестілеу, 3 дөңгелек үстел, 3 акция, 3 тексеру, 10 облыстық байқау, 7 семинар, 27 семинар-тренинг ұйымдастырылды.       

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін облыс бойынша лайықты атап өту мақсатында бекітілген облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс бойынша   400-ден астам шаралар өткізіліп, оған 6000-ға жуық адам қатысты.

Облыстық байқаулардың жеңімпаздары бірқатар республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, орыс жастарының арасында өткен республикалық «Тіл-парасат» байқауында К. Денисов жүлделі 1-орынды, «Абай оқулары» байқауында  Р. Рызманов пен «Текті сөздің төресі – терме» атты жыршы-термешілер байқауында Ж. Төлебай жүлделі 2-орындарды, үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тілдарын» республикалық олимпиадада Ф. Қаражан жүлделі 3-орынды иеленсе, көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқауында Д. Мұзарап «Үздік шеберлігі үшін» номинациясының иегері атанды. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың  «Интеллект» тобы  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарының арасында өткен  «Тілдердің үштұғырлығы – заман талабы» атты өңіраралық байқауға қатысып, жүлделі 1-орынды иеленсе, «Мың бала» жобасының аясында өткізілген «Тіл мектебі» авторлық курсы» байқауында  Ә. Бахытованың ұсынған әдістемесі үздіктер қатарынан танылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғысхатымен марапатталды.       

Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар,  «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы», «Тіл – жарқын болашақтың бағдаршамы» және «Ағылшын тілі – әлемдік мәдениетті, өнерді, ғылымды білудің кілті» тақырыптарында әлеуметтік бейнероликтер әзірленіп, облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды.

Есепті мерзімде облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және  kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында тіл мәселесіне қатысты барлығы 349 мақала жарияланды. 

Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру  және үш тілде білім беруді  насихаттау бағытында  облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан  «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы»  бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 149 сюжет көрсетілді.  

Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатын пәрменді, жүйелі жүргізу мақсатында   1 қоғамдық ұйымға,  4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақша мен  отбасы үлгідегі 8 үйге, 32 мекемеге, барлығы 1853 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілді.

Діни қызмет бойынша

2016 жылғы ІV тоқсанда жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға қатысқан респонденттердің 93.3 пайызы облыстағы діни ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалайтынын көрсетіп отыр. Облыстағы мұсылмандардың пайыздық бөлігі - 96 %. Аймақта 159 мешіт және христиандық бағыттағы 11 діни бірлестік пен 2 филиал тіркеліп жұмыс жасауда.  Мешіттерге барып тұратын адамдардың орташа саны - 30 мыңға жуық, оның ішінде жұма намазына қатысушылар саны - 20 мыңдай. Тіркелмей заңсыз жұмыс жасап жатқан филиалдар мен діни бірлестіктер жоқ.

Аймақтағы деструктивті діни ағымдардың алдын алу және діни тұрақтылықты сақтау мақсатында 2016 жылды түрлі форматта 2 298 іс-шара ұйымдастырылып, оған 67 400 адам қатысты және жұмыс барысында 51 мың дана ақпараттық материалдар шығарылып, таратылды. Жергілікті БАҚ-та 1712 ақпараттық метариалдар жарияланды. Оның ішінде жергілікті телеарналар арқылы – 1232 материал, баспа БАҚ-та – 480 мақала жарық көрді.

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары және теологтардың кездесу кестесі бекітілген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, теологтар жазасын өтеушілермен 239 кездесу өткізіп, кездесулердің 149-ы діни экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталғандармен жүргізілді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылғы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 16 мәдени, 14 спорттық, 11 ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылып, 2662 адам қамтылды.

Облыс көлемінде 2016 жылы 33 оқу семинарлары ұйымдастырылып, 150-ден астам діни қызметкерлер қатысты.

2016 жылы «Нұр-мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқитын 15 студенттің (барлығы 60 студент оқиды) оқу ақысы мен жатақханасына бюджеттен тыс көздер арқылы 4,8 млн.теңге қаржы төленді.

Қазіргі күні «Нұр-мүбарак» университетін бітірген 12 дін маманы облыстағы мешіттерде қызмет атқарса, биылғы жылы магистратураны бітірген 2 студент аймағымыздағы діни ахуалы күрделі Қазалы (Әйтеке би кенті), Қармақшы аудандарындағы (Төретам кенті мен Байқоңыр қаласы) мешіттерге бас имам қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, 2016 жылы 1000-нан астам интернет сайттарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 161 сайт ҚР МСМ Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 105 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.


Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

2016 жылдың 9 айы бойынша  аналитикалық ақпараты

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Облыстың медиа кеңістігінде қазіргі таңда 82 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, жұмыс жасауда. Олардың 4-еуі электронды, 3-еуі ақпараттық агенттік, 75-баспа БАҚ (олардың 18-і журнал, 57-сі газет).

2016 жылы есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 27% қоғамдық-саяси, 25% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 48% өзге де тақырыптық бағыттарда жазатындығын көрсетті.

Интернет желісінде 7 баспа БАҚ-тың өз сайттары бар (облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары», «Ұстаз мәртебесі», тәуелсіз «Ақмешіт ақшамы», «Халық» газеттері және «Әлімсақ» журналы).

Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.

2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы осы мақсатқа 636 364,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 жылда 3 есеге дейін өсті. 2016 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 621 700,0 мың теңге бөлінді.

Соңғы жылдары Қызылорда облысында тіркелген интернет порталдың саны артты. Атап айтқанда, «Kyzylorda-news», «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «КИА AlashInform», «KazVesti» сайттары жұмыс жасайды. Ерекше айта кететін жайт, облыстық медиа-холдинг «Сыр медиа» құрамына аудандық басылымдардың сайттарын біріктірген кешенді интернет-портал ашты (http://syr-media.kz/).

2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмысын жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 83 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 40 сұхбат ұйымдастырылды.

2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95%, яғни, 138 275 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған. «Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыс бойынша 105 172 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 76%-ға тең.

2016 жылы есепті кезеңде аймақта жұмыс жасайтын БАҚ-тың тақырыптық бағыттарына жасалған талдау олардың 27% қоғамдық-саяси, 25% ақпараттық және ақпараттық-танымдық, 48% өзге де тақырыптық бағыттарда жазатындығын көрсетті.

 

Бұқаралық ақпарат құралдарына тілдік сараптаманың қорытындысы төмендегідей нәтижені көрсетті.

 

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған.

Есепті мерзімде 96 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкері мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 72 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.

2016 жылғы 25-30 сәуір аралығында облысымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді. Жалпы, тестілеу жұмыстарына Қызылорда облысының 2075 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қамтылды.

Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,6% (117 адам), А2 (базалық) деңгейді – 42% (870 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,6% (717 адам), В2 (ортадан жоғары) – 17,4% (362 адам), С1 (жоғары) – 0,4% (9 адам) құрады.

«С1 деңгейі» көрсеткішін арттыру мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы әзірленді (3051,0 мың тг.). Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда және облыстық басқармалар арасында екі күндік (16 сағаттық) 27 семинар-тренинг өткізіліп, онда 675 қызметкер қамтылатын болады.

Бүгінде Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал  аудандық әкімдіктері бойынша 14 семинар, Қызылорда қалалық әкімдігі бойынша    3 семинар-тренинг өткізіліп, оған 425 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерінің қатысуы қамтамасыз етілді. 

Тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы тоқсандық есептер жинақталып, сарапталуда. Қазіргі таңда  шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 96,5% құрады. Сонымен қатар, 2016 жылдың шілде айында облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тіл саясаты бағытында жүргізілген сауалнама қорытындысымен мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 99,4%, ағылшын тілін меңгергендер – 13,3%, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) қатар меңгергендер – 12,5% құрады.

Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында 1 фестиваль, 1 кеңейтілген семинар-кеңес, 1 диагностикалық тестілеу, 2 дөңгелек үстел, 2 акция, 7 облыстық байқау, 17 семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Республикалық форумға және конференцияға облыс делегацияларының қатысуы ұйымдастырылды. 

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың  «Интеллект» тобы  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарының арасында өткен  «Тілдердің үштұғырлығы – заман талабы» атты өңіраралық байқауға қатысып жүлделі 1-орынды жеңіп алса, тіл мерекесі қарсаңында Астана қаласында өткен этнос жастары арасындағы «Абай оқулары» республикалық байқауында облыстық байқаудың жеңімпазы, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің 3-курс студенті Р. Рызманов жүлделі 2-орынды иеленді.

Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар,  «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы», «Тіл – жарқын болашақтың бағдаршамы» тақырыптарында әлеуметтік бейнероликтер әзірленіп, облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды. 

Мемлекеттік тілді және үш тілде білім беруді насихаттау бағытында өткізіліп жатқан іс-шаралар және де қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білудің арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және танымал kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында 50-ден аса  мақала, тіл мәселесіне қатысты баспа БАҚ-тарда 207 мақала жарияланды. 

Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру  және үш тілде білім беруді  насихаттау бағытында  аймақтағы ауқымды шараларға орай арнайы шығарылымдар көрсетіліп, облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан  «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы»  бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 81 сюжет көрсетілді.  

Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 1 қоғамдық ұйымға, 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақша мен  отбасы үлгідегі 8 үйге, барлығы  1121 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілді.

Діни қызмет

2016 жылғы ІІ тоқсанда жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға қатысқан респонденттердің 89,9 % облыстағы діни ахуалды тұрақты әрі қолайлы деп бағалайтынын көрсетіп отыр.

Облыстағы мұсылмандардың пайыздық бөлігі - 96 %.

Аймақта 158 мешіт және христиандық бағыттағы 12 діни бірлестік пен 2 филиал тіркеліп жұмыс жасауда. 

Мешіттерге барып тұратын адамдардың орташа саны - 30 мыңға жуық, оның ішінде жұма намазына қатысушылар саны - 20 мыңдай.

Тіркелмей заңсыз жұмыс жасап жатқан филиалдар мен діни бірлестіктер жоқ.

Өңірдегі діни ахуалдың тұрақтылығын арттыру, тұрғындардың діни сауатын жетілдіру, дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен жұмыс жүргізу мақсатында, 2016 жылғы 9 айда облыс көлемінде дәстүрлі емес ұстанымдағылармен 318, жастар арасында 240, мемлекеттік қызметкерлермен 108, тұрғындармен 189, бюджеттік қызметкерлермен 127, құқық қорғау органдарымен 89, жазасын өтеушілермен 34, діндарлармен 38, денсаулық сақтау саласының мамандарымен 10, түрлі сала өкілдерімен 11, АТТ өкілдерімен 8, жеке сектор 15 кездесу өткізіліп, барлығы 1087 шараға 53 853 адам қатысты.

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспары және теологтардың кездесу кестесі бекітілген болатын. Бекітілген кестеге сәйкес, теологтар жазасын өтеушілермен 178 кездесу өткізіп, кездесулердің 99-ы діни экстремистік бағытта сотталғандармен жүргізілді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен 2016 жылғы өткізілетін мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 11 мәдени, 11 спорттық, 4 ағартушылық жұмыстар ұйымдастырылып, 2662 адам қамтылды.

Облыстағы діни ахуалды тұрақты сақтау және оны арттыру мақсатында 2016 жылдың екінші жарты жылдығында 70 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, 6 әлеуметтік жоба іске асырылуда.

Есепті кезеңде БАҚ-да діни тақырыпта жалпы 593 материалдар жарық көрді, оның ішінде:

- теледидар арқылы – 209;

- газет-журнал басылымдарында - 384 материал.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылы 600-ден астам интернет сайттарға талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күмән келтірген 122 сайт ҚР МСМ Дін істері комитетіне жолданды. Комитет тарапынан 87 сайтқа теріс қорытынды беріліп, сот сараптамасын тағайындау және процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға жолдаған.

Азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау

Қазіргі уақытта облыста 889 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 409-ы өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласуда.

2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 576 млн. теңге қаржы бөлініп, оған облыс бойынша 143 әлеуметтік жоба жүзеге асырылса, 2016 жылы 176 әлеуметтік жобаға 811,6  млн. теңге қаралып, жүзеге асырылуда.

Әлеуметтік жобалар аясында 1500-нан аса іс-шара ұйымдастырылса, әлеуметтік қызметпен 110 мыңнан аса адам қамтылды. Бұл өз кезегінде азаматтық қоғам мен мемлекеттік орган арасындағы  ықпалдастыққа негіз болып, бірлескен әлеуметтік бастамалар мемлекет іргесін берік ете түсері анық.

Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдардың жобаларына облыстық бюджеттен 222 млн. 220 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға 39 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік және ұлттық мерекелер, атаулы күндерді мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, республикалық және облыстық деңгейде ірі-көлемді іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ҚР Конституциясының 21 жылдығы, Семей ядролық сынақ алаңының жабылғанына 25 жыл толуына орай, Чернобыль апатының орын алғанына 30 жыл толуына орай түрлі форматтағы 14 мәдени-көпшілік шара, 36 дөңгелек үстел, 13 қоғамдық тыңдау және 5 конференция өткізілді.Сонымен қатар, қоғамның басқа да өзекті мәселелеріне байланысты 14 көпшілік акциялар, пресс-конференция, 18 семинар-тренинг, 8 оқыту курстары, 7 байқау, 13 акция, 5 сұхбат алаңы,4 форум, 1 брифинг өткізілді.

Оның ішінде, журналистер форумы, облыстық әйелдер форумы, «Мерейлі отбасы - 2016» облыстық конкурсы, облыстық «Балықшылар слеті, «Малшылар слеті» секілді іс-шаралар қоғамды топтастыруға, мемлекеттігімізді нығайтуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған тағылымды шаралар кең көлемде ұйымдастырылды.

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарына Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында - 201 347 азамат (2015 жылдың 1 қаңтары - 203 454 жас) тіркелген. Қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары - 118 186 (58,7 %) адам. 2015 жылы қала жастары - 84 032 (41,3%), ауыл жастары - 119 422 (58,7%) азамат.

Үстіміздегі жылғы ІІ тоқсанда жастар арасындығы жұмыссыздық деңгейі 5,0 % (2015 жыл ІІ тоқсан 4,4 %) құрады. Ал, 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET жастарының үлесі 14,1% (2015 жыл ІІ тоқсан 9,8%).

Үстіміздегі жылы жергілікті бюджеттен 300 млн. теңгеге жуық қаржы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға бөлінсе, өткен жылы қаржы көлемі 243 млн.теңге құраған болатын.

Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатын дамыту жол картасы аясында әр түрлі бағыттағы 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн. 892 мың теңге қаржы қарастырылған. 2015 жылы 62 млн. 631 мың теңге қаржы көлеміне 16 әлеуметтік жоба іске асырылды.

Сондай-ақ, екі жыл қатарынан тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан күндізгі бөлімде білім алатын 3 214 студентке қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге облыстық бюджеттен 93 млн.334 мың теңге қаржы бөлінді. 

Мемлекеттік жастар саясаты институттары дамып келеді. Әр түрлі меншіктегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда және компанияларда жастармен жұмыс күшейтілуде. Мәселен, 2015 жылы облыс бойынша жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс жасаса, қазіргі таңда олардың саны 35 құрады. 65 жастар ұйымы тіркеліп (2015 жылы - 61), оның 42-сі белсенді жұмыс атқарады. Сондай-ақ, жастар ресурстық орталығының бөлімдері Қызылорда, Байқоңыр қалалары және аудандарда белсенді қызмет көрсетуде.

Есепті кезеңде, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 810-ға жуық ісшара ұйымдастырылып (2015 жылы 677-ге жуық әр түрлі бағыттағы шаралар), оған 28 300 жас қамтылған.

Өңірдің қоғамдық-саяси ахуалы

Есепті мерзімде қоғамдық-саяси ахуал тұрақты күйде сақталды, саяси  жағдайдың тұрақсыздық белгілері байқалмады.

Облыстағы тұрақсыздық белгілерін дер уақытында анықтау мен алдын-алу қоғамдық-саяси ахуалға үздіксіз негізде мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Бұл бағытта облыс әкімі және облыс прокурорының бірлескен Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтарының Картасы жаңартылып бекітіледі.

Штатты қысқартуларды болдырмау және ақысыз еңбек демалысына шығару бағыттары, жалақы берешектерін өтеуді алдын-алу мақсатында облыс әкімі жанындағы Дағдарысқа қарсы штабы және әлеуметтік серіктестік бойынша облыстық үшжақты комиссия отырыстары өткізілуде.

Облыстық прокуратура жанынан үйлестіру қызметтері бойынша мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мекемеаралық жұмысшы топтары, сондай-ақ, азаматтардың еңбек құқығын қорғау кәсіподақ мекемелері құрылды. Апта сайын жұмысшы топтардың отырысы өткізілуде.

Облыс әкімшілігімен Бас прокуратураның жаңа ұсынымдарды басшылыққа алынып, жиналыстар, шерулер, пикеттер мен демонстрация өткізу бойынша қосымша тәртібі әзірленді. Облыс аудандары мен Қызылорда қаласы әкімдіктері тарапынан жиналыстар, шерулер, пикеттер мен демонстрация өткізу орындары мен маршруттары белгіленіп, тиісті мәслихаттарымен бекітіліп, Әділет органдарында тіркелді.

Есепті мерзім ішінде қандай-да бір бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар тіркелмеген.

Облыс аумағында 6 саяси партияның облыстық филиалдары тіркелген, бұл ұйымдармен контруктивті диалог орнатылды.

Ономастика және көрнекі ақпаратты бақылау бойынша

Облыс аумағындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкес қолданылуын анықтау мақсатында 504 мекемеге бақылау жұмыстары жүргізіліп, орын алған кемшіліктер  заң талаптарына сәйкестендірілді.

Қызылорда қаласы мен аудандарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабы бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер жинақталды. Қорытындысы бойынша 447 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 365 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды. 

Қызылорда қаласының 14 көшесіне атау беру жөнінде ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.

Ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында облыс аумағындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген, мән-мағынасыз қойылған әлеуметтік нысандар мен көше атауларының базасы жасалды. Нәтижесінде, облыс бойынша идеологиялық тұрғыдан ескірген 107, атауы жоқ 362 көше анықталды. Сондай-ақ, 2 ауылдық округ және  5 бөлімше, 6 ауыл, 3 мектеп қайта атауға жатады. 

Есепті мерзімде  облыстық ономастика комиссиясының 2 отырысы өткізіліп, қаралған 110 құжаттың 65-не оң қорытынды берілді.

«Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне 65 топонимикалық атаулар енгізілді.


Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

2016 жылдың І жартыжылдығы бойынша  аналитикалық ақпараты

 

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 83 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Олардың 4 электронды, 5 ақпараттық агенттік және 74 баспа БАҚ.

Аймақта  мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.

2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 000,0 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы осы мақсатқа 636 364,0 мың теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 жылда 3 есеге дейін өсті. 2016 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға 591 480,0 мың теңге бөлінді.

Соңғы жылдары Қызылорда облысында тіркелген интернет порталдың саны артты. Атап айтқанда, «Kyzylorda-news», «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «КИА AlashInform», «KazVesti» сайттары жұмыс жасайды.

2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмыс жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 50 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 18 сұхбат ұйымдастырылды.

2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95 %, яғни, 97166 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған.

Аталған жұмыстарды жеделдету мақсатында қала, аудан әкімдіктері жанынан жұмысшы тобы құрылды. «Казтелерадио» АҚ-ның 2016 жылғы 10 шілде күнгі ұсынған ақпаратына сәйкес, облыс бойынша 90 348 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 66 %-ға тең.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен  17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған.

Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы тоқсандық есептер жинақталып, сарапталды.

Нәтижесімен 2016 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысымен жергілікті атқарушы органдар бойынша шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 96,5% құрады.

Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік, ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда. Бүгінде 37 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсының бастауыш деңгейін тәмәмдап, сертификат алды.

2016 жылғы 25-30 сәуір аралығында облысымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді. Тестілеуге Қызылорда облысы әкімінің аппараты, Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты, облыстық, аумақтық басқармалар, департаменттер, инспекциялар, Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, қалалық әкімдікке қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтердегі мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қатыстырылды. Осындай диагностикалық тестілеу жұмыстары 25-30 сәуір аралағында облысымыздың Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында да өткізілді.

Жалпы, тестілеу жұмыстарына Қызылорда облысының 2075 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қамтылды.

Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша  А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,6% (117 адам), А2 (базалық) деңгейді – 42% (870 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,6% (717 адам), В2 (ортадан жоғары) – 17,4% (362 адам), С1 (жоғары) – 0,4% (9 адам) құрады.

«С1 деңгейі» көрсеткішін арттыру мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы әзірленді (3051,0 мың тг.). Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда, облыстық басқармалар арасында екі күндік 27 семинар-тренинг өткізіліп, онда 675 қызметкер қамтылатын болады.   

Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақшаға 991 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілсе, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 12 электронды оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электронды оқулықтардың 25 жинағы берілді.

Облысымызда тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында  спикерлер тізімі жасақталып, олардың үш тілді дамытудың өзекті мәселелері бойынша сұхбаттары республикалық телеарналардан берілуі жоспарлануда.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілді және тілдердің үштұғырлығын насихаттау бағытында өткізіліп жатқан іс-шаралар және де қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білудің арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және танымал kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында 30-дан аса мақала жарияланды.

Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру  және тілдердің үштұғырлығын насихаттау бағытында  аймақтағы ауқымды шараларға орай арнайы шығарылымдар көрсетіліп, облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан  «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы»  бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 73 сюжет көрсетілді.  

Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгертуге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен тілдердің үштұғырлығын, көптілділікті насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламалары ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан мемлекеттік тапсырыс арқылы «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы» тақырыбында әлеуметтік бейнеролик әзірленіп, облыстық телеарна арқылы көпшілік назарына ұсынылды.   

Діни қызмет

Қызылорда облысында 170 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12-сі жергілікті діни бірлестік, 158-і филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2016 жылғы І жартыжылдықта облыс көлемінде дәстүрлі емес ұстанымдағылармен 218, жастар арасында 188, мемлекеттік қызметкерлермен 100, тұрғындармен 60, бюджеттік қызметкерлермен 120, құқық қорғау органдарымен 33, жазасын өтеушілермен 20, діндарлармен 16, денсаулық сақтау саласының мамандарымен 5, түрлі сала өкілдерімен 6 кездесу өткізіліп, барлығы 766 шараға 23881 адам қатысты.

Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (темір жол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында бүкетемелер ісөшараларда халыққа таратылуда.

2016 жылы Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен бекітілген мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 мәдени, 4 спорттық шара ұйымдастырылып, 936 жазасын өтеуші қатысты.

Ағымдағы жылы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жолдауымен шетелдік діни оқу орындарында 3 студент және «Нұр Мүбәрәк» Египет ислам университетінде сырбойылық 48 студент білім алуда.

Өңірде діни тұрақтылықты сақтау және конфессияаралық қатынасты нығайту мен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын үйлестіруге облыстық бюджеттен 55 млн. теңгеде көлемінде қаржы бөлініп отыр.

Азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау

Жыл сайын үкіметтік емес ұйымдардың саны артып келеді. 2002 жылы әділет органында 380 ҮЕҰ тіркелсе, қазіргі уақытта 889 ҮЕҰ тіркеліп, олардың 409-ы жұмыс жасауда.

2016 жылы үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде 34 жобаға облыстық бюджеттен 216 млн.306 мың теңге қаралды. Жобалар аясында 9 конференция, 32 семинар-тренинг, 13 қоғамдық тыңдау,  35 тұрғындермен кездесу, 9  байқау, 2 облыстық форум, 9 сұхбат алаңы, тұрғындарға кеңес беру,  19 дөңгелек үстел, 3 көрме, 26 көпшілік шаралар, 2 пресс-конференция, 8 оқыту курстарын ұйымдастыру жоспарлануда.

Қызылорда облысында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында

201 347 азамат (2015 жылдың басына 203 454 жас) тіркелген. Оның ішінде қала жастары - 83 161 (41,3 %), ауыл жастары 118 186 (58,7 %) адам. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 26,7 % құрайды.

Облысымызда тіркелген жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны

61, оның ішінде 42-сі белсенді жұмыс жасайды. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 21, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 8 жастар ісі жөніндегі комитеті жұмыс атқаруда. 

Белсенді жастар ұйымдарымен ұйымдастырылған 90-ға жуық іс шараға 5000-нан аса жас тартылған.

Қызылорда облысының мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2016-2017 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында әр түрлі бағыттағы 18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 80 млн. астам теңге қаржы қарастырылған.

Есепті кезеңде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 663 іс шара ұйымдастырылып, оған  20 220 жас қамтылған. 

Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау - 154, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу - 30, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту - 31, мәдени-көпшілік шаралары - 51, жастардың шығармашылығын дамыту - 32; жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру - 39, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай - 75, Neet санатындағы жастармен шаралар - 30, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау - 15, кеңес беру шаралары – 75, әр түрлі сайыстар - 30, концерттік бағдарлама - 14, 35  - акция, 17 - байқау, көрме, экскурсия, 33 - қайырымдылық шара ұйымдастырылды.

Орталықпен 5 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде, 30-дан астам жас «Жас құрылысшылар» еңбек жасағында жұмыспен қамтылған. Үстіміздегі жылғы педагогикалық, еңбек, құрылыс жасақтарына 1500-нан астам жасты тарту жоспарлануда.

Орталық қызметкерлерімен 4546 жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (жұмыссыздық мәселесі - 2230, әлеуметтік психологиялық бағыттар - 4, мемлекеттік бағдарламалар - 442, діни ағымдар -43, кәсіпкерлікті дамытуға – 120, әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетуге – 250, тұрғын үй мәселесі – 420, әр түрлі мәселелер бойынша - 1037) көрсетілген.


Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының

2016 жылдың I тоқсаны  бойынша аналитикалық ақпараты

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Есепті мерзімде қоғамдық-саяси ахуал тұрақты күйде сақталды, саяси  жағдайдың тұрақсыздық белгілері байқалмады.

Облыстағы тұрақсыздық белгілерін дер уақытында анықтау мен алдын алу қоғамдық-саяси ахуалға үздіксіз негізде мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Бұл бағытта облыс әкімі және облыс прокурорының бірлескен Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтарының Картасы жаңартылып бекітіледі. Ықтимал наразы көңіл-күй детонаторы ретінде ұлттық валютаның девальвациясы салдары мен еңбек дауларын атауға болады. Картаға енген мәселелердің басым бөлігі штаттық қысқартулар, еңбекақы бойынша қарыздар, еңбек дауларына қатысты.

Штатты қысқартуларды болдырмау және ақысыз еңбек демалысына шығару бағыттары, жалақы берешектерін өтеуді алдын алу мақсатында облыс әкімі жанындағы Дағдарысқа қарсы штабы және әлеуметтік серіктестік бойынша облыстық үшжақты комиссия отырыстары өткізілуде.

Облыстық прокуратура жанынан үйлестіру қызметтері бойынша мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мекемеаралық жұмысшы топтары, сондай-ақ, азаматтардың еңбек құқығын қорғау кәсіподақ мекемелері құрылды. Апта сайын жұмысшы топтардың отырысы өткізілуде.

Сонымен қатар, жергілікті жерлерде кез-келген әлеуметтік шиеленістің туындауына әсер етуі мүмкін немесе қарсылық акцияларын ұйымдастыруы мүмкін наразы пікірдегі азаматтар бойынша мәліметтер базасы жасақталды.

Базада 71 адам бар, олар жергілікті атқарушы және құзыретті органдардың тұрақты бақылауында.

Облыс әкімшілігімен Бас прокуратураның жаңа ұсынымдарды басшылыққа алынып, жиналыстар, шерулер, пикеттер мен демонстрация өткізу бойынша қосымша тәртібі әзірленді. Облыс аудандары мен Қызылорда қаласы әкімдіктері тарапынан жиналыстар, шерулер, пикеттер мен демонстрация өткізу орындары мен маршруттары белгіленіп, тиісті мәслихаттарымен бекітіліп, Әділет органдарында тіркелді. Аталмыш құжат республика бойынша тек Қызылорда облысында дайындалып ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімін алды.

Есепті мерзім ішінде қандай-да бір бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар тіркелмеген.

Облыс аумағында 6 саяси партияның облыстық филиалдары тіркелген.    Аталған құрылымдар сайлау науқанына байланысты халық арасында өз саяси платформаларын насихаттау және дауыс беру процесіне бақылау жұмыстарын ұйымдастырды.

Сайлау күні сайлаушылардың келуі 81,75 % құрады, оның 82,41 % - «Нұр Отан» партиясына дауыс берсе, 6,14% - ҚХКП, 7,25% - «Ақ жол» партиясына, 2,57% - «Ауыл», 1,38% - ЖСДП-на, 0,25% - «Бірлік» партиясын қолдады. Сонымен қатар, сайлау процесіне бақылау жұмыстарын ұйымдастырған халықаралық ұйымдар тарапынан заңнамалардың бұзу фактілері анықталған жоқ.

ҚР Мәжіліс депутаттығына сайлау штаттық режимінде өткізілді, электоралды процеске нұқсан келтірген фактілер белгіленген жоқ.

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Аймақта  мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында облыс әкімімен «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспары» бекітілді.

Соңғы жылдары Қызылорда облысында тіркелген интернет порталдың саны артты. Атап айтқанда, «Kyzylorda-news», «Infotime.kz», «Сейхун-инфо.кз», «КИА AlashInform», «KazVesti» сайттары жұмыс жасайды.

2016 жылдың ақпан айынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметі заңды тұлға ретінде өз жұмыс жасап келеді. Есепті мерзімде қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 22 брифинг, облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасынан 8 сұхбат ұйымдастырылды.

2017 жылға қарай облыс тұрғындарының 95 %, яғни, 97166 абонентті ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметімен қамту жоспарланған.

Аталған жұмыстарды жеделдету мақсатында қала, аудан әкімдіктері жанынан жұмысшы тобы құрылды. «Казтелерадио» АҚ-ның 2016 жылғы 25 наурыз күнгі ұсынған ақпаратына сәйкес, облыс бойынша 84 170 абонент ұлттық цифрлық телехабар тарату қызметіне қосылған. Бұл 61,5 %-ға тең.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған.

Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тілдердің үштұғырлығын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы І тоқсанның есебі жинақталып, сарапталуда.

2016 жылғы 19 қаңтардағы Тілдердің үштұғырлығын насихаттау жұмыстарын жүргізудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, бірқатар ұйымдастыру шаралары жүргізілді.

«Үш тілді білу - заман талабы» тақырыбында әлеуметтік желіде (Facebook) парақша ашылып, тіркелді.  Аталған тақырыпқа сай өткізілген шаралар әлеуметтік желіге салынуда.

2016 жылғы 19 ақпанда Халықаралық ана тілі күніне орай  еліміздегі тіл саясатының мазмұнын түсіндіру, насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға баулу мақсатында «Қоғамдық келісім» орталығымен бірлесе отырып «Тілдерді үйренудің маңызды мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы  өткізілді.

Шара барысында Достық үйінің кітапханасына және этномәдени бірлестіктерге мемлекеттік және ана тілдерін үйренуге арналған кітаптар, халық ауыз ертегілері, журналдар, оқу-әдістемелік құралдары тарту етілді.

2016 жылдың 11 наурызында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында  «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 3 балабақшаға 577 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілсе, Наурыз мерекесі қарсаңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 12 электронды оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электронды оқулықтардың 25 жинағы берілді.

Есепті мерзімде  облысымызда тілдерді меңгерудің  арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы өңірлік бұқарат ақпарат құралдарында 24 мақала, мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған 62 мақала және интернет ресурстарда 15 материал жарияланды.

Діни қызмет

Қызылорда облысында 168 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12-сі жергілікті діни бірлестік, 156-сы филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2016 жылғы І тоқсанда облыс көлемінде барлығы 63 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 53 кездесу, 1 дәріс, 4 семинар, 5 дөңгелек үстел өткізіліп, оған 3010 адам қамтылды.

Сондай-ақ, тұрғындардың дәстүрлі емес діни ағымдар идеологиясына қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында адамдар көп шоғырланатын орындарда (теміржол вокзалы, такси тұрақтары, сауда үйлері) «Жалған діни ұйымдарға жол жоқ», «Жалған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары», «Жастарды жат ағымнан сақтайық», «Деструктивтік діни ұйымдардың шырмауынан абай болыңыз», «Ғаламтордағы экстремистік сайттардан сақ болыңыз!» тақырыптарында 7 акция өтіп, 560 адам қатысты.

Сонымен қатар, 2016 жылы Қызылорда облыстық қылмыстық атқару-жүйесі департаменті ЗК-169/5, ЗК-169/4, ЗК-169/1 мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен бекітілген мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 5 мәдени, 4 спорттық шара ұйымдастырылып, 936 жазасын өтеуші қатысты.

Ағымдағы жылы Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жолдауымен шетелдік діни оқу орындарында 3 студент және «Нұр Мүбәрәк» Египет ислам университетінде сырбойылық 48 студент білім алуда.

Өңірде діни тұрақтылықты сақтау және конфессияаралық қатынасты нығайту мен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын үйлестіруге облыстық бюджеттен 92 млн теңге қаржы бөлініп отыр.

Азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау

Жыл сайын үкіметтік емес ұйымдардың саны артып келеді. 2002 жылы әділет органында 380 ҮЕҰ тіркелсе, қазіргі уақытта 831 ҮЕҰ тіркеліп, олардың 409-ы жұмыс жасауда.

2016 жылы үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде 34 жобаға облыстық бюджеттен 216 млн.306 мың теңге қаралды. Жобалар аясында 9 конференция, 32 семинар-тренинг, 13 қоғамдық тыңдау,  35 тұрғындермен кездесу, 9  байқау, 2 облыстық форум, 9 сұхбат алаңы, 90 тұрғындарға кеңес беру,  19 дөңгелек үстел, 3 көрме, 26 көпшілік шаралар, 2 пресс-конференция, 8 оқыту курстарын ұйымдастыру жоспарлануда.

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

Облысымызда тіркелген жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны 61, оның ішінде 42-сі белсенді жұмыс жасайды. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 31, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 жастар ісі жөніндегі комитеті жұмыс атқаруда. Белсенді жастар ұйымдарымен ұйымдастырылған 50-ден астам іс-шараға 3000 жас тартылған.

Есепті кезеңде «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әр түрлі санаттағы жастарға бағытталған 250 іс-шара ұйымдастырылып, оған 9 мыңға жуық жас қамтылған.  Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау-16, жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризм құбылыстарының алдын алу-12, құқық бұзушылықтың алдын алу-6, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту-11, мәдени-көпшілік шаралары-17, жастардың шығармашылығын дамыту-8; жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру-14, консультациялық кеңес беру шаралары-23, қайырымдылық бағытта-19, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай - 32, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауын ақпараттық насихаттау-15, ұйымдастырылмаған жастармен шаралар-9, жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың профилактикасы, ЖҚТБ қарсы күрес пен нашақорлықтың алдын алу-14 шара ұйымдастырылды.

Орталық қызметкерлерімен 750-жасқа құқықтық, әлеуметтік, психологиялық консультациялық кеңес (жұмыссыздық мәселесі-530, әлеуметтік психологиялық бағыттар-4, мемлекеттік бағдарламалар-112, діни ағымдар-18, әр түрлі мәселелер бойынша - 86) көрсетілген. 

Өңірде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына жастарды тарту бойынша да тиісті жүмыстар жүргізілуде.

Үстіміздегі жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасына республикалық бюджеттен көтерме жәрдемақыға 307 маманға, 213 млн. теңге, жеңілдетілген несие, тұрғын үй алуға немесе салуға 420 маманға 1336 млн. теңге қаржы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жоспар бойынша 822 адамға 188 млн. 349 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орындарына 450 адамға 115 млн. 636 теңге қаржы қарастырылған.

Қызылорда облысының мемлекеттік жастар саясатын дамыту бойынша 2016-2017 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында әр түрлі бағыттағы 16 әлеуметтік жоба жүзеге асыру жоспарлануда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 68 млн.теңге(2015 жылы 62,6 млн. теңге) қаржы қарастырылған.

Мұнан өзге, жастар саясатын қалалық, аудандық деңгейде жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылы 22 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға 47 млн. теңге бөлініп жұмыстар атқарылуда.


Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 

2015 жылдың қорытындысы бойынша аналитикалық ақпараты

 

Өңірдің қоғамдық-саяси ахуалы

Ай сайын облыс әкімі мен облыс прокурорының бірлескен Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасы бекітіліп, өзектендіріліп отыр. Картаға аймақтағы өзекті саналған 88 мәселе енгізілген. Қазіргі уақытта 40 мәселе толық өз шешімін тапты.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілген мемлекеттік қызметке қанағаттану деңгейі 83 пайыз, соңғы 1-2 жыл көлемінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы 78,9 пайызға жақсарған.

Өңір тұрғындарының 84,4 пайызы қазіргі жағдайларына көңілдері толады.

Респонденттердің 70,4 пайызы алдағы уақытта материалдық жағдайлары жақсы жаққа өзгеретініне сенім білдірген. 73,2 пайызы өңірдің экономикалық жай-күйін «жақсы» деп бағалайды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын және Үкіметпен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен Стратегиялық құжаттарды түсіндіру мақсатында облыстық деңгейдегі 80 адамнан жасақталған 8 ақпараттық топ, қала және аудандар бойынша 281 адамнан жасақталған 58 ақпараттық топ жұмыс жасайды.

Жыл бойына ақпараттық топтардың қатысуымен облыс аумағында Жолдаудың негізгі басымдықтарын түсіндіруге арналған 1875 түрлі форматтағы өткізілген кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен лекцияларға және т.б. нысандағы іс-шараларға барлығы 105 640 адам қатысты.

Мемлекеттік ақпараттық саясат

Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 79 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Олардың 4 электронды, 3 ақпараттық агенттік және 72 баспа БАҚ.

Аймақта  мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспар аясында жүргізіледі.

Мемлекеттік бағдарламаларды және қоғамдық-саяси маңызды шараларды БАҚ арқылы ақпараттық сүйемелдеу мақсатында Бас медиа жоспардан туындайтын өз алдына 54 тақырыптық медиа-жоспар бекітіліп, жүзеге асырылды.

2012 жылы ақпарат құралдарымен жұмыс жасауға облыстық бюджеттен 227 млн. теңге бөлінсе, 2015 жылы осы мақсатқа 636 364 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып, мемлекеттік ақпараттық саясат қолдауға бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 жылда 3 есеге дейін өсті.

Келесі жылдың басынан бастап облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан дербес өңірлік коммуникациялар қызметін заңды тұлға ретінде өз жұмысын бастайтын болады.

Жастар және тіл саясаты, ономастика

Қызылорда облысында Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен 29 жас аралығында 203 454 азамат тіркелген, ауыл жастары - 119 422  (58,7%), қала жастары - 84 032 (41,3%). Жастар өңірдегі жалпы халықтың  28,2 % құрайды.

Облыс бойынша 60 жастар ұйымы тіркеліп, оның ішінде 42-сі белсенді жұмыс атқарады (жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 31, әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс жасайды).

2013 жылы республикада алғашқылардың бірі болып «2014-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының жастар саясатын дамыту «Жол картасы» бекітілді (2014 жылы «Жол картасы» аясында 23 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды).

Ағымдағы жылы «Жол картасы» аясында 16 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 65 млн. 631 мың теңге қаржы қарастырылды.

Жыл басынан «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында 2015 жылы 360 мекемелер мен кәсіпорындарға 607 маман жастар тәжірибесіне жолданды. Мерзімі аяқталған 559 бағдарлама қатысушысы тұрақты жұмыспен қамтылды (92,1%).

2015 жылы маусымдық жұмыстарға 1 292 жас тартылды («Жасыл ел» еңбек жасағының құрамына 1000 сарбаз, құрылыс, педагогикалық жасақтарға 292 жас).  

Есепті кезеңде 240 жасқа жас құрылысшылар еңбек жасағына жолдама беріліп, 23 құрылыс мекемесімен келісім шарт жасалды.

2005-2015 жылдар аралығында «Жасыл ел» бағдарламасы  бойынша 7920 жас жұмыспен қамтылып, оның 3422-і студенттер, ал 5498-і жұмыссыз жастар.

Облыстық ономастика комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, көшелерге атау беру  мен қайта атау бойынша 94 ұсыныс қолдау тапты. Қызылорда қаласынан көшеге атау беру туралы 11 ұсыныс Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылды.

Облыс әкімдігі бойынша шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,9% құрады.

Діни қызмет

Қазіргі таңда Қызылорда облысында 166 діни ұйым қызмет атқарады. Олардың 12 жергілікті діни бірлестік, 154 филиал ретінде есептік тіркеуден өткен.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2015 жылдың 11 айлық қорытындысы мен облыс көлемінде барлығы 1043 шара ұйымдастырылып, оған 62 353 тұрғын тартылды.

Биылғы жылы өңірде діни тұрақтылықты сақтау және конфессияаралық қатынасты нығайту мен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жандандыруға облыстық бюджеттін 71 млн 553 мың теңге қаржы бөлінді.

«Ислам діні - бейбітшілік бастауы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Конференцияға Ресей, Түркия, Египет Араб мемлекеттерінен Өзбекстан, Қырзғызстан Республикаларынан және Қазақстаннан танымал ғалымдар қатысып, хабарламалар жасады.

Азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау

Қазіргі уақытта облыста 831 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 409-ы өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласуда.

Үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік қызметтерді жүзеге асыру үшін 2014 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы республикалық бюджеттен қарастырылған трансферттерді қосқанда 142 әлеуметтік жобаға 566 млн. теңге қаржы қаралса, 2015 жылы үкіметтік емес ұйымдармен жүзеге асырылған 109 әлеуметтік жобаға облыс көлемінде 586 млн. теңге бөлінді.

Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 96,5 %-ға артып отыр.

Облыс көлемінде атқарылған әлеуметтік жобалар аясында 2000-ға жуық  іс-шара ұйымдастырылса, әлеуметтік қызмет көрсетумен 200 мыңнан аса адам қамтылды.

Сонымен қатар, басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен 86 млн теңге қаржы қаралып, үкіметтік емес ұйымдармен  18 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Көмекбай Қаракөзовтің 100 жылдығына орай танымдық конференция, Ұлы Отан соғысы ардагері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Бөрібай Құлмановтың 95 жасқа толу мерейтойына арналған салтанатты шара, қоғам қайраткері Ыдырыс Қалиевтың 90 жасқа толуына арналған ғибратты да салтанатты кеш, Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекованың 80 жасқа толуы секілді айтулы мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Алаш арысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың 125 жылдық мерейтойы Қызылорда облысында кең көлемде атап өтілді.

Социалистік Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Е.Әуелбековтің 85 жылдығына орай республикалық танымдық конференция ұйымдастырылды.

Жалпы республикалық акция аясында «Туған жерге тағзым» атты кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – Сыр өңірінен шыққан, танымал тұлғалардың жеткен жетістіктерін аймақ жастарына үлгі ету, оларды туған жеріне қолдау көрсетуге шақыру.

Қызылорда облысында республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары мен комитеттері тіркелген.


     Ақпараттық саясат бойынша:

     (2015 жылдың 1 қазанына)

Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 81 бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрі – БАҚ) жұмыс жасайды. Олардың төртеуі электронды, үшеуі ақпараттық агенттік, жетпіс төрті баспа БАҚ.

Жергілікті БАҚ-тың 57% қазақ тілінде, 5% орыс тілінде, 37,3% аралас тілде шығады.

Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламаларды және қоғамдық-саяси маңызды шараларды БАҚ арқылы ақпараттық сүйемелдеу мақсатында 54 медиа-жоспар бекітілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы және мемлекеттік бағдарламалардың аймақта жүзеге асырылуы бойынша жыл басынан бері 25 пресс-тур ұйымдастырылды.

Есепті кезеңде Жолдауды іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша өңірлік баспа БАҚ-та 4587 мақала жарық көріп, 5054 сюжет жарияланды.

Мемлекет басшысының «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бес институционалдық реформасын ақпараттандыру бойынша арнайы медиа-жоспар бекітіліп, ағымдағы уақыт аралығында 3787 мақала, 2650 сюжет жарық көрді.

2015 жылғы 12 қаңтарда жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспар бекітілді.

Медиа-жоспар шеңберінде өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалар кеңінен насихатталуда.

Ағымдағы жылдың 9 айында қала, аудан әкімдері және басқарма басшыларының БАҚ өкілдеріне арналған 90 брифингісі ұйымдастырылды.

Брифингте жергілікті атқарушы орган өкілдері мемлекеттік бағдарламалардың аймақта жүзеге асырылу барысы, атқарылып жатқан шаралар баяндалды.

Өңірде 2011 жылдан бері «Kyzylorda-news.kz» интернет басылымы жұмыс жасайды. Аталған интернет басылымды қолданушылар саны күн сайын артып келеді.

Облыстық ішкі саясат басқармасы «Ақпараттық саясат және БАҚ-қа мониторинг» бөлімімен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізіліп, «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Жарнама туралы» және өзге де заң талаптарының сақталуы ұдайы қадағаланады.

Үстіміздегі жылдың 9 айы бойынша БАҚ-тарда заң бұзушылықтар орын алған жоқ.                          


 Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының 

2015 жылдың ІІ тоқсаны бойынша аналитикалық ақпараты

(2015 жылдың 1 шілдесіне)

 

Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы

«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен есепті кезеңде 5 338 жасқа құқықтық, әлеуметтік-психологиялық кеңестер берілді.

Көрсетілген кеңес бағыттары: 2200-і жұмыссыздық мәселесі, 1340-ы әлеуметтік-психологиялық, 850-і мемлекеттік бағдарламалар, 55-і діни ағымдар, 893-і әртүрлі мәселелерді қамтыған.

«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен облыс көлеміндегі белсенді жастар ұйымдарымен бірлесіп әртүрлі бағыттағы 226 іс-шара ұйымдастырылған, оның 35-і қайырымдылық шара, 12-сі концерттік бағдарлама, 9-ы мүшәйра, 52-і қоғамдық қабылдау, 23-і байқау,72-сі акция болды. Қызылорда облысының жастар Парламенті депутаттарымен бірлесіп 35 шара өткізілген.

Облыста денсаулық сақтау саласында «Шапағат», «Мейірім», «Үміт» жастар денсаулық орталықтары жұмыс жасайды. «Шапағат» жастар орталығы - №3 қалалық емхана базасында, «Үміт» жастар денсаулық орталығы - №6 қалалық емхана базасында, «Мейірім» жастар денсаулық орталығы - облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында орналасқан.

Үстіміздегі жылдың II тоқсанында «Мейірім», «Шапағат», «Үміт» жастар денсаулық орталықтарымен 2 баспасөз-конференциясы, 39 дөңгелек үстел отырысы, 74 семинар, 78 тренинг, 9 акция, 49 дәріс, 17 кездесу, 2 конкурс, 6 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оларға 7835 жас қамтылды. Бұқаралық ақпараттық құралдарымен 4 радиобағдарламалар, 3 телебағдарламалар беріліп, 4 мақала жарияланған.

Қызылорда облысында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 31, әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар мен мекемелерде 6 жастар ісі жөніндегі комитеттер жұмыс жасайды.

Үстіміздегі жылғы 10 сәуірде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және белсенді жастар ұйымдарының ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі әртүрлі меншіктегі кәсіпорындарды, жеке кәсіпкерлер өкілдерін тарта отырып «Қарағанды облысына қайырымдылық керуені» ұйымдастырылды.

11 сәуірде жас құрылысшылар еңбек жасағына 2015 жылғы еңбек маусымына жолдама беру салтанатты рәсімі өткізілді.

26 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің қайта сайлануына орай жастардың домбыра думаны және ерікті жастардың автошеруі ұйымдастырылды.

29 сәуірде Астанада өткен Елбасымызды ұлықтау рәсіміне орай Сыр елінің жастары А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің алдында флэшмоб ұйымдастырды.

29 мамырда «Ұлағат ұландары жастар қоғамдық бірлестігінің» 15 жылдығына орай салтанатты кеш ұйымдастырылды. Аталған шара барысында жазғы тынығу лагерлеріне тәлімгерлік жасауға жолдама берілді.

1 мамырда «Халықаралық бірлік күніне орай» орталық алаңда жастар флешмобы өткізілді.

1 маусымда «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай қалалық мәдени және демалыс паркінде концерттік бағдарлама және «Қанат» мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыру орталығында қайырымдылық шара өткізілді.

4 маусымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне» орай жаяу жүргіншілер және вело-автошеру ұйымдастырылды.

Облыста тұрғындар арасында денсаулық сақтау саласының психологиялық қызметін нығайту мақсатында емдеу, алдын-алу мекемелерінде 41 психолог маман жұмыс жасайды (2014 жылы 31 психолог маман).

Сонымен қатар, облыстық салауаттық өмір салтын қалыптастыру орталығы 13 психолог, психологиялық-әлеуметтік бөлім - 6 психолог, «Шапағат», «Мейірім», «Үміт» жастар денсаулық орталықтары - 5 психолог мамандарымен қамтылған.

Облыс көлемінде өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болған балалармен жасөспірімдердің саны - 4, ал өзіне қол жұмсауға әрекеттенген балалар мен жасөспірімдер саны - 15.

Жалпы жасалған қылмыс санынан жастармен жасалған қылмыс үлесі 2014 жыл қорытындысымен 51,2%-ды құрап, 2013 жыл қорытындысымен салыстырғанда 2,7% -ға төмендеді (2013 жыл - 53,9 %).

Үстіміздегі жылдың 16-18 наурыз аралығында «Жасөспірім - Заң - Қауіпсіздік» акция өткізілді. Сәуір айының 1-10 аралығында «Жасөспірім», мамыр айының 22-24 аралығында «Балалар түнгі қалада» жедел - профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, шара аясында рейдтер өткізілді.

Қоғамдық –саяси ахуал туралы

2015 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты және болжамды деп сипаттауға болады, саяси жағдайдың тұрақсыздану белгілері байқалмады.

Облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу, облыс тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді уақытылы анықтау, оларды шешу үшін мемлекеттік органдардың жедел шараларын жүргізу және аймақтағы қоғамдық тұрақтылықты сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығы жұмыс жасауда.

Орталық арқылы аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалдың өзекті мәселелерін зерттеуде «Жүйелі әлеуметтік зерттеулер жүргізу арқылы өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг ұйымдастыру» жобасы аясында (17 992,0 мың теңге қаржы бөлінген) жыл көлемінде барлығы 14 тақырыпта 30 әлеуметтік зерттеу жүргізіледі.

Жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық-саяси ахуалға үнемі мониторинг жүргізілуде.

Зерттеуде облыстың қоғамдық-саяси ахуалы, өңірдегі этносаралық қатынастар, экологиялық жағдай, құқық қорғау органдарының қызметі, жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, жастардың әлеуметтік-психологиялық көңіл-күйлері мен олардың арасындағы өзекті мәселелер және т.б. маңызды тақырыптар қамтылды.

Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша сараптамалық ақпараттар әзірленіп, жергілікті атқарушы органдарға қажетті шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар жолданады.

Дін істері бөлімінің аналитикалық ақпараты

Қызылорда облысында қазіргі таңда 164 діни бірлестік ресми тіркелген. Оның 150-і мұсылман діни бірлестіктері болса, 12-сі протестанттық бағытта, 1-і православие шіркеуі, 1-і иегова куәгерлерінің шіркеуі. Облыс тұрғындарының 30 мыңнан астамы мешітке баратыны жайында мәлімет жасақталған. Облыс халқының 96,2 пайызын қазақ ұлтының өкілдері құрағандықтан, 3,8 пайызды құрайтын өзге этнос өкілдерінің де тең жартысынан көбі мұсылмандар болуына байланысты өңірдегі халық ислам дінін дәстүрлі түрде ұстаданады деуге болады. Ағымдағы жылғы ІІ тоқсанда жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға қатысушы респонденттердің 94 пайызы «құдайға сенемін» - деп жауап берген.

Осы орайда, сауалнамаға қатысушы респонденттердің 58 пайызы «діни рәсімдерге қатысамын» десе, 42 пайызы қатыспайтындығын білдірген. Діни рәсімдерге қатысушылардын 30,2 пайызы «діни мерекелерге», 22 пайызы «жұма намазына» қатысса, ал, 16,3 пайызы діни қағидаттарды толық орындайтындығын білдірген.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағыты бойынша аналитикалық ақпараты

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

Есепті мерзімде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Тоқсан сайын барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша құжат айналымы туралы мәлімет алынып, сараптама жасалып отырады.

ІІ тоқсанның қорытындысымен облыс әкімі аппараты мен барлық аудан әкімдіктерінің шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 пайызды, Қызылорда қаласының әкімдігінде- 99,1 пайызды, облыстық басқармаларда- 99,8 пайызды, ал аумақтық департаменттер мен инспекцияларда 98,4 пайызды құрады.

2015 жылдың сәуір айында басқарма тарапынан Қызылорда облысы бойынша экология департаментінде, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы және Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекцияларында, маусым айында Қазалы ауданының қала, кент әкімдіктері мен ауылдық округтерінде жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру жүргізілген 24 мемлекеттік мекеменің 3-еуінде  құжаттама тілінде тіл заңнамаларының дұрыс сақталмағаны анықталып, тиісті ұсыныстар берілді.

Бағалау критерийлері бойынша тексерілген мекемелер бес жылда бір рет тексерілетін объектілер қатарына жатқызылды.

Биылғы жылға мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту курсына жергілікті бюджеттен 10 073,0 мың теңге, ағылшын тілін оқытуға  2 758,0 мың теңге қаржы бөлінді. «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МКҚК арқылы 83 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері «Қазтест» бағдарламасы бойынша оқыту курстарынан, ал 17 мемлекеттік қызметші ағылшын тілінің оқыту курсынан өтті.

2015 жылғы маусым айында Жаңақорған, Жалағаш аудандарының 24 мемлекеттік қызметшісі ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша оқыту курсынан өтсе, Жалағаш ауданының 12 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтуде.

Есепті мерзімде Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2 отырысы өткізілді.

Комиссия қарауына келіп түскен 41 ұсыныстың 38-і комиссия мүшелері тарапынан қолдау тапты. Яғни, облыс аудандарының 38 көшесіне атау беруге келісім берілсе, Қызылорда қаласы орталығының 4 көшесіне атау беру жөнінде ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.

Тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың ықпалдылығын күшейту мақсатында «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанынан құрылған «Таза тіл» жастар қоғамдық тобымен бірлесе отырып, 329 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 121 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды.

2015 жылғы 26 маусымда Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық жұмыс тобының кеңейтілген селекторлық мәжілісі болып өтті.

Мәжілісте орыс тілінде оқытатын балабақша, мектеп, колледждерде қазақ тілін оқытудың сапасы, қазынашылық департаментінде тіл туралы заңнамалардың орындалуы, қаржылық құжаттарда мемлекеттік тілдің қолданылуы және Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторларының бірі ретінде қазақ тілін меңгерген ересек азаматтардың үлесін анықтаудың құралы - ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша облысымызда жүргізіліп жатқан жұмыстар, басқа да түйінді мәселелер кеңінен әңгіме болды.

Мәжіліске қатысушылар мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бағытындағы пікірлерін ортаға салды. Қорытындысымен хаттамалық шешім қабылданып, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.

Мемлекеттік тіл саясаты бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып келеді. Есепті мерзімде бұл тақырыпқа 160-қа жуық мақала жарияланып, 5 телебағдарлама көрсетілді.

 

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 09-01-2018 09:13

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика