Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

                                                                                                                                                                         Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы

                                                               «04» қаңтардағы № 678 қаулысы

Қызылорда облысы әкімдігінің
2017 жылғы  «04» қаңтардағы № 678 қаулысына
2-қосымша
 
«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» 
мемлекеттік мекемесінің 
Ережесі
 
1. Жалпы ережелер   

1. «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысында ішкі саясат, дін және мемлекеттік тіл саясаты салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығының субъектісі болып «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі табылады.

3. «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1) «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2) «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4) «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

4. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

5. Басқарма мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

6. Басқарма азаматтық-құқықтық  қатынастарға өз атынан түседi.

7. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

9. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

10. Заңды тұлғаның тұрған жері: индекс 120003, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1.

11. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

12. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

13. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

14. Басқармаға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 
 
15. Басқарманың миссиясы:

қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру, аймақта ұлттар бірлігін сақтау, азаматтық қоғам институттарын, діни қызметті дамыту және қолдау, барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясатты жүргізу.

16. Негізгі мiндеттерi:

1) өңірде ішкі саяси тұрақтылықты, ел бірлігін қамтамасыз ету және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) өңірдегі жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси салалардағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің, Басқарманың құзырына қатысты мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;  

4) Қазақстан Республикасының даму стратегиясының, жоспарларының, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық құжаттардың негізгі басымдықтарын өңірде түсіндіру мен насихаттау;

5) өңірде ішкі саясат саласындағы маңызы бар бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

6) өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын тиімді іске асыру бойынша  ұсыныстар әзірлеу;

7) өңірдегі ішкі саяси процесстердің даму үрдістерін зерделеу және оларға талдау жүргізу;

8) азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

9) «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, облыс әкiмдігінің тiл саясаты мәселелерi жөнiндегi актiлерiнiң және тапсырмаларының орындалуына басшылық пен бақылауды жүзеге асыру;

10) мемлекеттік тiл саясатын жүзеге асыру мәселесi бойынша меншiк нысанына қарамастан мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;

11) мемлекеттiк тiл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізіп, оны жүзеге асырудың тиiмдiлiгiн арттыру, мемлекеттiк тiлдiң қоғамдағы қолдану аясын кеңейту және нығайту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

12) жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың интернет ресурстарына, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу және олардың нәтижесімен қажеттілігіне орай тиісті органдарға ұсыныстар жолдау;

13) өңірде мемлекеттік және салааралық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы ақпараттың республикалық және жергілікті сайттарда жариялануын қамтамасыз ету;

14) «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз өкілеттіктері шегінде діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру.

17.  Функциялары:

1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;

2) өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты iске асырады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және жүзеге асырылуын бақылайды;

4) қоғамдық бірлестіктермен ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

5) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін  қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

6) ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін сақтауға ықпал етеді;

7) цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшкенге дейін халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;

9) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңесті құру туралы актінің жобасын әзірлеп, Қызылорда облысы әкімдігіне бекітуге ұсынады;

10) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;

11) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;

12) облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді уәкілетті органға беру үшін жинайды, жинақтайды және Қызылорда облысы әкімдігіне ұсынады;

13) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде  шаралар қолданады;

14) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

15) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;

16) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;

17) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;

18) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді;

19) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

20) құқық қорғау органдарына Қазақстан Респуликасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізеді;

21) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

22) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

23) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй жайлардың орналастырылуын бекіту туралы облыс әкімдігінің қаулы жобасын әзірлейді, сондай-ақ, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

24) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер қабылдайды;

25) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;

26) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;

27) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушыларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;

28) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

29) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

30) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;

31) мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады;

32) облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз етедi;

33) «Мекенжай тiркелiмi» ақпараттық жүйесiн жүргізуді және  толықтыруды қамтамасыз етедi;

34) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

18. Құқықтары мен міндеттері:

1) Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекітілген тәртіппен:

мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

2) Басқарма:

жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

19. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

20. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

22. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы бiлдiредi;

3) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;

5) еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;

6) бұйрықтарға қол қояды;

7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8) шарттар жасасады;

9) сенімхаттар береді;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;

11) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

12) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;

13) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;

14) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;

15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

16) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

18) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

23. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін  қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

24. Басқарманың жұмыс режимі:

1) Басқарма дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;

2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;

3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

25. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарманың әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Басқарманың мүлкі

26. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
27. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
 
29. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 21-02-2017 12:14

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика