Новость:: 

2019 жылдың 14 қарашасында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры  мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейі мен мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру және мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген этнос жастарын анықтау, оларды ынталандыру мақсатында қазақ тілі білгірлерінің «ТІЛ – ПАРАСАТ» облыстық байқауын өткізді.

Байқауға 16-22 жас аралығындағы облыстың Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан талапкерлер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің 2-курс студенті Трубчанинов Артем Бас жүлдені жеңіп алса, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың студенттері Лебедев Родион І орынды, Пак Елена ІІ орынды, Қазалы ауданындағы №16 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Шадымуратова Назира ІІІ орынды иеленді.

Ал, Жалағаш ауданындағы №31 орта мектептің 11-сынып оқушысы Ларин Арман мен Сырдария ауданындағы Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Ким Андрей ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Байқау жеңімпаздарына басқарманың дипломдары мен ескерткіш сыйлықтары тапсырылды.

 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 18-11-2019 16:50
Жаңартылған күні: 18-11-2019 16:50

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
5 + 1 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика