Новость:: 

2019 жылғы 11 желтоқсан күні Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры Тәуелсіздік мерекесіне орай «Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым!» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасын өткізді. Байқаудың мақсаты - жастардың шығармашылығын арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету және өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Мүшәйраға Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 16-22 жас аралығындағы 16 талапкер қатысты.

Байқау 2 кезеңнен тұрды:

 - бірінші кезең: қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары өлеңдерінен жатқа үзінді оқу;

- екінші кезең: Тәуелсіздікке арнап шығарған өзінің  өлеңін жатқа оқу.

Талапкерлердің өнерін «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның филиалы  Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметшілердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Орманова Мәрия Айтбайқызы басқарған қазылар алқасы бағалады. Байқаудың сарапшылары үміткерлердің өнерін бағалау кезінде талапкерлердің өлеңді таңдау талғамына, өлең-жырларындағы сөз қолданысына, ұйқасына, ой тереңдігіне, көркемдік ерекшелігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, жатқа оқу шеберлігіне, сондай-ақ, сахналық киім мәдениетіне  баса назар аударды. Байқау қорытындысы бойынша М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 2-курс студенті Санақұл Бексұлтан Бас жүлдені жеңіп алса, Жаңақорған ауданындағы С.Сапарбеков атындағы №124 орта мектептің 11-сынып оқушысы Айтжан Сержан 1-орынды, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 3-курс студенті Жалғасбекұлы Шернияз ІІ орынды, Жалағаш ауданындағы №114 орта мектептің 9-сынып оқушысы  Бауыржанқызы Мерей  ІІІ орынды иеленді. Ынталандыру сыйлығына Қазақ гуманитарлық заң және техникалық жоғары колледжінің 3-курс студенті Ахат Аружан, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың 2-курс студенті Жақыпова Сәния және Шиелі ауданындағы №150 қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Қалиев Ердәулет ие болды. Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдары және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Қазақ
Фото новости: 
Құрылған күні: 13-12-2019 15:29
Жаңартылған күні: 13-12-2019 16:12

Сұрақ қою

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
4 + 0 =
Solve this simple math problem and enter the result. E.g. for 1+3, enter 4.

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика