Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының 
2018 жылдың І тоқсанында орындалу барысы туралы ақпарат
 
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2018 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен   69 млн. теңге қаржы бөлінді.
Бұл бағытта жыл көлемінде іске асырылатын 6 жоба мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, қорытындысымен жеңімпаздар анықталды. 
Тіл саясатын іске асыруда басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ жеке тұлғаларға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстары ұйымдастырылуда.
Аталмыш мекемеге 2018 жылға қосымша 23 штаттық бірлік бөлініп, бүгінде облыс орталығынан бөлек 7 ауданда мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін оқыту курстары жүргізілуде.
2018 жылғы 24-25 қаңтар күндері аудан бөлімшелеріндегі мамандардың қатысуымен «Тілдерді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізіліп, жалпы аудандарға 4389 кітап берілді.
31 қаңтарда «Тіл әлемі» порталына орталық мамандарының әзірлеуімен барлығы 5 сабақ жарияланды. Оның ішінде 2 сабақ мемлекеттік тілді оқытуға, 3 сабақ ағылшын тілін оқытуға арналған. Сонымен қатар, 5 наурыз күні 2 әдістемелік құрал Республикалық комиссияға ұсынылды.
Есепті мерзімде тіл орталығы арқылы облыс бойынша барлығы, 53 мекемемен байланыс жасалып, 21 мекемеде оқыту курстары ұйымдастырылды. Нәтижесімен 123 адам мемлекеттік тілді, 115 адам орыс тілін, 136 адам ағылшын тілін оқыту курстарынан өтті.
Облыс әкімінің 2018 жылғы 5 ақпандағы №62-қх тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 5-20 наурызы аралығында облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінде, жалпы 31 мекемеде тіл туралы заңнамалардың орындалуына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесімен бірқатар басқармалар мен әкімдіктерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының  8-бабы талаптарының бұзылғандығы, сондай-ақ, деректемелер мен көрнекі ақпарттарда тілдік нормалардың және Елтаңба бейнеленген ұйымның құжат бланкілерінде құжат деректемелерін ресімдеу тәртібі сақталмағандығы анықталды. Зерделеу жұмыстарының нәтижесімен ұсыныстар әзірленіп, жолдануда. 
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы 2018 жылғы 19 ақпандағы № 637 Жарлықпен латын графикасына негізділген қазақ тілі әліпбиі жаңа редакцияда жазылды.
Осыған сәйкес филолог-ғалымдардың, тіл мамандарының брифингтері, сұхбаттары ұйымдастырылып, 13 түсіндіру, насихаттау шаралары жүргізілді.
Есепті мерзімде басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы ұйымдастырылды.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша І тоқсанның қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98,5% құрады.
Сондай-ақ, облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері қызметшілерінің қазақ тілін меңгеру деңгейіне талдау жұмыстары жүргізілді. 
Жалпы, 1943 мемлекеттік қызметшінің 65,4% «Қазтест» жүйесі арқылы диагностикалық тестілеуге қатысып, қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтаған.  
Оның ішінде 59% Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартындағы мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес меңгергендерді, 41% біліктілік талаптарына сәйкес меңгермегендерді құрады.

Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 

2011 – 2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасының 2017 жылы орындалу барысы туралы  
АҚПАРАТ
 
Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді. 
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің   2017 жылғы 7 наурыздағы №732 қаулысымен бекітілген 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2017 жылы облыс аумағында бірқатар  жүйелі жұмыстар атқарылды. 
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатына 2017 жылы  облыстық, қалалық, аудандық бюджеттен, барлығы 40,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 18,3 млн.теңге Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының шығындарына, 10,7 млн. теңге мемлекеттік тапсырыс аясындағы әлеуметтік жобаларға, 8,0 млн. теңге іс-шараларға, 3,3 млн. теңге телебағдарламаларға қаралған. 
Облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру», «Үштілділікті насихаттау», «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» және «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылды. 
Жобалар аясында облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау және қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, үш тілді жетік меңгерген жастарды қолдау және ынталандыру, ономастика және көрнекі ақпарат салаларындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру, тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді көтеру, облыс тұрғындары арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу, шаралар өткізу, т.б. жоспарланды.
Атап айтқанда, «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында 5 облыстық байқау, 1 облыстық олимпиада, 1 облыстық жастар форумы, 1 дөңгелек үстел отырысы және 1 облыстық мүшәйра, барлығы –  9 шара өткізілді. Жоба аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы, мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауы, балабақшаларда «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы, облыстағы белсенді жастар, этномәдени бірлестіктері жастарының қатысуымен «Тілі бірдің – тілегі бір» облыстық жастар форумы, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы, қазақ жастарының арасында орыс тілі білгірлерінің облыстық «Ой-сана» байқауы, мемлекеттік тілді меңгерген орыс этносы жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл - парасат» облыстық байқауы,  үш тілді жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» облыстық олимпиадасы, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  «Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым» атты жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. 
 «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасы, аясында  8 семинар-тренинг, 3 кездесу кеші, 1 облыстық сайыс, 1 облыстық байқау,  2 облыстық семинар, барлығы – 14 шара өткізілді. Оның ішінде үш тілде білім беруді насихаттау, үш тілді меңгерудің маңыздылығын түсіндіру мақсатында қала, аудан тұрғындары, қоғамдық ұйым өкілдері, қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері мен мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен қала, аудан орталықтарында «Тілдерді меңгеру – заман талабы» атты көшпелі облыстық семинарлар, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының командалары арасында «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс, қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық байқауы, жергілікті жерлерде ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын талқылау мақсатында «Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар, «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты жастардың Сыр өңірі ақын-жазушыларымен кездесу әдеби кештері болып өтті. 
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, барлығы 500 шара өткізіліп, оған барлығы 14693 адам қатысты. Барлық шаралар облыс, қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен интернет-ресурстарында жарияланды. 
«Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған, Қызылорда қаласы және облыс әкімдіктерінің мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлеріне 2 күндік 27 семинар-тренингтер ұйымдастырылып, оған 675 адам қатысты. 
«Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында 200 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілері сертификаттық тестілеуден өткізілді.
Облыстық байқаулардың жеңімпазы атанған бірқатар қатысушылар республикалық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, үш тілді жетік меңгерген жастар арасында өткізілген «Тілдарын» республикалық олимпиадасына Қызылорда облысынан қатысқан Әбубәкірова Айдана І орынды, «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауында  Марат Сүгірбай жүлделі ІІ орынды, Ж.Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауында Тұрарбек Бекмұрзаев ІІІ орынды, «Азаттық аңсап өткен Алаш арыстары» республикалық жазба ақындар мүшәйрасында журналист, тележүргізуші, ақын Толқын Қабылша ынталандыру сыйлығын иеленді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру мақсатында «Тіл әлемі» порталы өткізген «Үздік сабақ» байқауына облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Бақытова Әсел қатысып, ІІ орын иегері атанды.  
2017 жылғы қарашада елімізде мемлекеттік тілдің насихатталуына белсенді үлес қосып жүрген Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы, тіл бойынша байқаулардың жеңімпазы Елена Рыбина «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталды. 
Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес апталықтар, онкүндіктер ұйымдастырлып, облыс бойынша акциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, флэш-моб және басқа да түрлі форматта 500-ге жуық шара өткізілді. Қорытындысымен «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы және облыстағы белсенді жастар, этномәдени бірлестік жастарының қатысуымен «Тілі бірдің – тілегі бір» облыстық жастар форумы өткізілді.  
Тіл тақырыбы облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып келеді. 
Жыл көлемінде жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті»  телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тұрақты берілді. 
Мемлекеттік тілді насихаттау бойынша 2 бейнеролик әзірленіп, жергілікті телеарналар арқылы 70-тен аса сюжет облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды. 
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша жалпы білім беретін 14 мектептің білім сапасына және тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдерінен сабақ беретін 3 (үш) бірдей мұғалімнің аталған пәндер бойынша маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазулары мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкілерінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталды. Нәтижесімен, қорытынды ақпарат негізінде тиісті ұсыныстар берілді.  
2017 жылғы 26 қазанда «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысын» талқылау мақсатында «Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері» атты облыстық семинар өткізіліп, мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бағытында жергілікті әкімдіктерге бірқатар ұсыныстар берілді.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барлық салада кеңейту, насихаттау мақсатында Қызылорда қаласы мен аудандарда «Нұр Отан» партиясы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық, аудандық филиалдарымен, «Жас Отан» жастар қанаты» жастар ұйымдарымен бірлесіп бағытты жұмыстар жүргізілді. Нәтижесімен, 12 семинар, дөңгелек үстел, бірлескен рейдтер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталды. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандық филиалдарымен бірлесіп, мүшәйралар, байқаулар, жергілікті ақын-жазушылармен кездесу кештері мен түрлі акциялар өткізілді.
Көрнекі ақпараттарда орын алған заңбұзушылықтарды жою бағытында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 21-бабы бойынша есепті мерзімде облыс бойынша барлығы 997 жеке кәсіпкерлік нысан иелеріне тіл туралы заң талаптарын түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде   371 нысанда орын алған заңбұзушылықтар жойылды. 
Жыл көлемінде облыстың елді мекендерінде мемлекеттік тілді насихаттауға арналған 23 билборд орналастырылды. 
Ономастикалық атауларды жүйелеу мақсатында облыс аумағындағы идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын, мән-мағынасыз қойылған әлеуметтік нысандар мен көше атауларын тарихи жер-су атауларымен және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту,  объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге және олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша жандандыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 2017 жылы барлығы облыстық ономастика комиссиясының 2 отырысы өткізіліп, 114 ұсыныс қаралды. 97 көшеге,     1 объектіге, 3 шағын ауданға байланысты ұсыныс қолдау тапты.
Облыстағы ономастика саласының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында «Ономастика және көрнекі ақпарат мәселелері» атты облыстық-семинар отырысы өткізілді. 
2017 жылғы тамызда ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облыс бойынша 1520 мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкеріне «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу ұйымдастырылды.  Оның 316-сы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшісі, 231-і мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкері. Диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің В1 деңгейі бойынша 307 адам 97 %, 9 адам С1 деңгейі бойынша - 2,8 % көрсеткішті көрсетті. Мемлекеттік қызмет көрсеткен ұйым қызметкерлерінің В1 деңгейі бойынша 226 адам 97,8%, С1 деңгейі бойынша 5 адам өтіп –   2,1 % көрсеткішті көрсетті. 
2017 жылғы қарашада мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткен барлығы  200 адам - 160 мемлекеттік қызметші мен 40 мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкері сертификаттық тестілеуге қатысып, оның 134-і «Қазтест» сертификатын иеленді. Сертификаттық тестілеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің В1 деңгейі бойынша 87 адам 54,4 %,  9 адам С1 деңгейі бойынша – 5,7 % көрсеткішті, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің  В1 деңгейі бойынша 18 адам 45 %, 0 адам С1 деңгейі бойынша – 0% көрсеткішті көрсетті.
«Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  9 штаты облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 16 мамырдағы № 116 шешімімен қосымша 3 штатпен толықты. 
Сонымен қатар, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының бөлімдерін әр ауданда ашу мәселесі облыстық мәслихатта қаралып, 2017 жылғы 12 желтоқсандағы кезекті ХVІІ  сессиясының №157 шешіммен 23 штат бөлінді.   2018 жылғы қаңтардан бастап Қызылорда облысының 7 ауданына мемлекеттік, ағылшын, орыс тілдерін оқытатын 3 маманнан 21 маман және 2 әдіскер – барлығы 23 штат бөлініп, тіл орталығының аудандық бөлімдері өз жұмыстарын бастайды.  
Есепті мерзімде «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы 25 мемлекеттік, 15 ағылшын, 2 орыс тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылып, барлығы 534 адам оқыды. Оның ішінде мемлекеттік тіл үйрету бойынша мемлекеттік қызметші – 272, еріктілер – 25, өзге ұлт өкілдері – 14, кәсіпорын қызметкерлері – 14, біліктілігін арттыру – 10.  Ағылшын тілі бойынша мемлекеттік қызметші – 136, еріктілер – 8, кәсіпорын қызметкерлері – 31.  Орыс тілі бойынша мемлекеттік қызметші – 24.   
Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жастарды сөз өнерін білуге баулу, оларды көшбасшылыққа үйрету мақсатында облыстық тілдерді оқыту орталығы жанынан «Шешендік өнер және тіл мәдениеті» үйірмесі, А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Жас қауырсын» ақындар үйірмесі, «Құс қанаты – Қызылорда» жас әдебиетшілер үйірмесі жұмыс жасауда. 
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы  «Қазақ әліпбиін біртіндеп латын графикасына көшіру» тапсырмасын халық арасында түсіндіру мақсатында  Қызылорда қоғамдық телеарнасы мен «Қызылорда-Қазақстан» облыстық телеарнасының «Мезгіл мәселесі», «Жаңа күн» хабарларында, сонымен қатар баспасөз конференцияларында білім, тіл саласы мамандарының, филолог ғалымдардың сұхбаттары мен брифингтері ұйымдастырылды.  Облыстағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің басшылары, мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі мен көтерілген тақырыптардың салмақтылығын талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Латын әліпбиіне көшу бойынша 2017 жылдың 5 мамыр және 12 қазан күндері облыс әкімдігі жанынан Қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың 2 рет отырысы өткізіліп, нәтижесімен жоғарғы органдарға қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандарты жобасына тиісті ұсыныстар жолданды. Сонымен қатар, 12 қыркүйекте «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында қала және аудан әкімдерінің, зиялы қауының, білім және мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен идеологиялық актив жиыны болып өтті. 
Латын әліпбиіне көшуді қолдау бағытындағы іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес облыс бойынша 422 шара өткізілді (15 325 адам қамтылды). Өткізілген шаралар электронды және баспа БАҚ-тарда кеңінен ақпараттандырылды. 
Облыс орталығында 11 этно-мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Этно-мәдени бірлестіктер «Достық» үйінде орналасқан және этностардың өз ана тілдерін оқытуға барлық жағдай жасалған. 
Этнос өкілдерінің қатысуымен облыс бойынша 600-ге жуық түрлі форматта шара өтсе, оның 100-ге жуығы тілдерді насихаттауға бағытталған. «Алғыс айту күні», «1 Мамыр – Бірлік күні», «Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі», т.б. ірі шаралар этностардың қатысуымен өткізілді. 
Сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысында Қызылорда қаласы мен аудандарда, барлығы 287 түрлі форматта шаралар өткізілді. Облыстағы барлық шаралар мемлекеттік тілде өтеді.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша 2017 жылдың қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9 %, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 97,8 % құрады. 
Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жылына  2 рет әлеуметтік сауалнама жүргізіліп отырады. Қазан айында жүргізілген әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 99,4% - мемлекеттік тілді, 79,8% - орыс тілін, 14,1% - ағылшын тілін, 12,9% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.
Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 92 бұқаралық ақпарат құралы  жұмыс жасайды. Олардың 50% қазақ тілінде, 10% орыс тілінде, 40% аралас тілде шығады. 
Облыста барлығы 293 мектеп бар. Оның 262-сі қазақ (89,4%), 27-сы аралас (9,2%), 4-еуі (1,3%) орыс мектебі. Балалардың 94,2% қазақ мектебіне барады, олардың ішінде 310-ы этнос өкілі. 
Облыстағы 659 балабақшаның 622-ы қазақ (94,3%), 31-і аралас (4,7%), 6-уы орыс (0,9%) балабақшасы. Бүлдіршіндердің 94,7% қазақ балабақшасында тәрбиеленеді, оның ішінде 432-і этнос өкілі.
Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясаты мен үштілділікті  насихаттау мақсатында және ономастика мәселелері жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында 332 мақала жарық көрді. 
Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады. 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасының 
2017 жылдың 9 айында орындалу барысы туралы ақпарат
 
2017 жылғы 7 наурызда облыс әкімдігінің № 732 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітілді.
2017 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 31,7 млн. теңге қаржы бөлінді.
Басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және басқа да ұйым қызметкерлеріне, сонымен қатар жеке тұлғаларға мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін оқытуда.
Есепті мерзімде орталық арқылы 239 адам мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 90 адам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
11 қаңтарда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша 14 жалпы білім беретін мектептердің білім сапасы мен тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың оқу тіліне талдау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдері бойынша 3 (үш) бірдей мұғалімнің маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазуы мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкісінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталып, нәтижесімен тиісті ұсыныстар берілді.  
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ҚР Ұлттық Ұланы 5547 және 2019 әскери бөлімдерінде «Ана тілім - айбыным» тақырыбында ашық сабақтар және Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы  «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру» тапсырмасын халық арасында түсіндіру мақсатында  2017 жылғы 14 сәуір күні Қызылорда қоғамдық телеарнасының «Мезгіл мәселесі» хабарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары Ж. Сәдуақасұлы, А. Абасилов пен облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Н. Мусаеваның  сұхбаттары берілді.
28 сәуірде облыстағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің басшылары, мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі мен көтерілген тақырыптардың салмақтылығын талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, мақалада көтерілген латын әліпбиіне көшу бойынша 2017 жылдың 5 мамыры күні облыс әкімдігінде қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың отырысы өткізіліп, қорытындысымен, ҚР Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне    А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Әлімхан Жүнісбек әзірлеген латын әліпбиінің «Ұлттық жобасын» жаңа графика ретінде қабылдауға ұсыныстар жолданды.
12 қыркүйекте «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында идеологиялық актив жиыны өткізілді.
Латын әліпбиіне көшуді қолдау бағытында облыстық іс-шаралардың желілік кестесі әзірленіп, филолог-ғалымдардан, тіл мамандарынан ақпараттық-насихаттық топ құрылды. Кестеге сәйкес 11 қыркүйектен бастап қала, аудандарда, мекемелер мен кәсіпорындарда түсіндіру, насихаттау шаралары жүргізілуде. Бүгінде бұл бағытта, барлығы 166 шара өткізіліп, оған 7224 адам қамтылды. 
Сонымен қатар, облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» және «Үштілділікті насихаттау», «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылуда. 
 «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында а.ж. 11 сәуірінде қазақ тілді жастар арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана», 20 сәуірде Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері мен 11 мамырда Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы, сондай-ақ,  мемлекеттік қызметшілер арасында 6 маусымда «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Тіл шебері-2017» облыстық байқаулары, 22 қыркүйекте  «Тілі бірдің – тілегі бір» облыстық жастар форумы, 4 қазанда үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын-2017» олимпиадасы ұйымдастырылды.
«Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысында 27 наурыз - 5 сәуір аралығында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын, үштілділік саясатын түсіндіру, насихаттау мақсатында басқарманың және білім саласы қызметкерлері мен филолог ғалымдардан облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып,  Қызылорда қаласы мен аудандарда «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында семинарлар өткізілді.
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, наурыз-мамыр айларында барлығы 500 шара өткізілді. Өткізілген шараларға қала мен аудандардағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, барлығы 14693 адам қатысты. Барлық шаралар қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында ақпараттандырылды.
18 сәуір күні жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінен құралған командалар арасында «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс, 19 мамыр күні қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық байқаулары өткізілді. 
2017 жылдың 20 маусымынан бастап облыста «Қазтест» жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік маңызды жобасы іске асырылуда. Жоба аясында аудандық,  қалалық, және облыстық әкімдіктердің 675 мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік қызмет көрсетеін ұйым қызметкерлеріне екі күндік семинар-тренингтер өткізілуде. 
21-25 тамыз күндері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп 1520 түрлі сала қызметкерінің «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтуі ұйымдастырылды.
Жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті» телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тоқсан сайын тұрақты берілуде. 
Есепті мерзімде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үштілділікті насихаттау мақсатында жергілікті телеарналар арқылы 2 бейнеролик, 50-ден аса сюжет көрсетілсе, БАҚ-тарда 300-ге жуық мақала жарық көрді.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша 9 айдың қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 100%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98% құрады.
Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 99,5% - мемлекеттік тілді, 76,5% - орыс тілін, 13,7% - ағылшын тілін, 13,6% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.

 


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 

2017 жылдың І жартылдығында орындалу барысы туралы ақпарат
 
2017 жылғы 7 наурызда облыс әкімдігінің № 732 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітілді.
2017 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 31,7 млн. теңге қаржы бөлінді.
Басқармаға қарасты Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және басқа да ұйым қызметкерлеріне, сонымен қатар жеке тұлғаларға мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін оқытуда.
Есепті мерзімде орталық арқылы 186 адам мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 62 адам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
11 қаңтарда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша 14 жалпы білім беретін мектептердің білім сапасы мен тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың оқу тіліне талдау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдері бойынша 3 (үш) бірдей мұғалімнің маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазуы мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкісінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталып, нәтижесімен тиісті ұсыныстар берілді.  
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ҚР Ұлттық Ұланы 5547 және 2019 әскери бөлімдерінде «Ана тілім - айбыным» тақырыбында ашық сабақтар және Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
2017 жылдың 9 наурызында Орталық коммуникациялар орталығында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға бағытталған  2 әлеуметтік жобаның таныстырылымы өтті. 
27 наурыз - 5 сәуір аралығында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын, үштілділік саясатын түсіндіру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында басқарманың және білім саласы қызметкерлері мен филолог ғалымдардан облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып,  Қызылорда қаласы мен аудандарда «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында семинарлар өткізілді. 
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, наурыз-мамыр айларында барлығы 500 шара өткізілді. Өткізілген шараларға қала мен аудандардағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, барлығы 14693 адам қатысты. Барлық шаралар қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында ақпараттандырылды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы  «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру» тапсырмасын халық арасында түсіндіру мақсатында  2017 жылғы 14 сәуір күні Қызылорда қоғамдық телеарнасының «Мезгіл мәселесі» хабарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары Ж. Сәдуақасұлы, А. Абасилов пен облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры  Н. Мусаеваның  сұхбаттары берілді.
28 сәуірде облыстағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының филолог-ғалымдары, білім, мәдениет салалары мен тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері, Қызылорда қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің басшылары, мұғалімдері және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестіктері жетекшілерінің қатысуымен Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған мәселелердің өзектілігі мен көтерілген тақырыптардың салмақтылығын талқылау мақсатында «Жаңғырудың жаңа жолы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, мақалада көтерілген латын әліпбиіне көшу бойынша 2017 жылдың 5 мамыры күні облыс әкімдігінде қазақ әліпбиінің жаңа графикасын жасауға ұсыныс беру мақсатында құрылған жұмысшы топтың отырысы өтіп, қорытындысымен, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктеріне А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек әзірлеген латын әліпбиінің «Ұлттық жобасын» жаңа графика ретінде қабылдауға ұсыныстар жолданды.
Сонымен қатар, облыста Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» және «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобалары жүзеге асырылуда. 
Жобалар аясында облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тілді насихаттау және қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру, үш тілді жетік меңгерген жастарды қолдау және ынталандыру, ономастика және көрнекі ақпарат салаларындағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру, тіл туралы заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді көтеру, облыс тұрғындары арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу, шаралар өткізу, т.б. жоспарланды.
«Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы аясында а.ж. 11 сәуірі күні қазақ тілді жастар арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана», 20 сәуір күні Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері мен 11 мамыр күні Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы, сондай-ақ,  мемлекеттік қызметшілер арасында 6 маусым күні «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Тіл шебері-2017» облыстық байқаулары ұйымдастырылды.
 «Үштілділікті насихаттау» мемлекеттік әлеуметтік жобасын жүзеге асыру барысында 2017 жылдың 27 наурызында қала тұрғындары, қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері мен мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен «Тілдерді меңгеру – заман талабы» атты облыстық семинар, 18 сәуір күні жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерінен құралған командалар арасында «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық интеллектуалдық сайыс, 19 мамыр күні қазақ тілінде білім алатын жастардың орыс әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау мақсатында «Пушкин оқулары» облыстық байқаулары өтті. 
2017 жылдың 20 маусымынан бастап облыста «Қазтест» жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік маңызды жобасы іске асырылуда. Жоба аясында аудандық,  қалалық, және облыстық әкімдіктердің 675 мемлекеттік қызметшілері мен мемлекеттік қызмет көрсетеін ұйым қызметкерлеріне екі күндік семинар-тренингктер өткізілуде. 
Есепті мерзімде жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті» телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тұрақты берілуде. 
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша І жартыжылдықтың қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98% құрады.
Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында мамыр айында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 99,5% - мемлекеттік тілді, 76,5% - орыс тілін, 13,7% - ағылшын тілін, 13,6% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үштілділікті насихаттау мақсатында БАҚ-тарда 152 мақала жарық көрсе, эфирден 5 телебағдарлама,  1 бейнеролик, жергілікті телеарналардан 37 сюжет көрсетілді.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 
2017 жылдың I тоқсаны бойынша орындалу барысы туралы ақпарат
 
2017 жылғы 7 наурызда облыс әкімдігінің № 732 қаулысымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» бекітілді.
2017 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 27,9 млн. теңге қаржы бөлінді.
Есепті мерзімде Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы 62 адам мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 18 адам ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.
11 қаңтарда облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді. Комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласы мен Қармақшы, Жаңақорған аудандары бойынша 14 жалпы білім беретін мектептердің білім сапасы мен тіл туралы заңнамалардың орындалуына сараптау жұмыстары мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын мамандықтардың оқу тіліне талдау жұмыстары жүргізілді.
Сараптау жұмыстарының нәтижесімен Жаңақорған ауданының №53 орта мектебінде қазақ және орыс тілдері бойынша 3 (үш) бірдей мұғалімнің маман еместігі және бірқатар мектептердің маңдайша жазуы мен мөр, мөртабандарында және мекеменің бланкісінде тілдік нормалардың сақталмағаны анықталып, нәтижесімен тиісті ұсыныстар берілді.  
21 ақпан – Халықаралық ана тілі күніне орай ҚР Ұлттық Ұланы 5547 және 2019 әскери бөлімдерінде «Ана тілім - айбыным» тақырыбында ашық сабақтар және Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде «Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
2017 жылдың 9 наурызында Орталық коммуникациялар орталығында мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға бағытталған  2 әлеуметтік жобаның таныстырылымы өтті. 
27 наурыз - 5 сәуір аралығында Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын, үштілділік саясатын түсіндіру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында басқарманың және білім саласы қызметкерлері мен филолог ғалымдардан облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып, Қызылорда қаласы мен аудандарда «Тілдерді меңгеру – заман талабы» тақырыбында семинарлар өткізілді. 
Облыс бойынша үштілділікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың желілік кестесі бекітіліп, аталған кестеге сәйкес, наурыз айында барлығы 160 шара өткізілді. Өткізілген шараларға қала мен аудандардағы қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, барлығы 4741 адам қатысты. Барлық шаралар қала, аудан әкімдіктерінің фейсбук парақшалары мен білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында ақпараттандырылды.
Тілдік ахуалды зерделеу бойынша жинақталған мәліметтерге сәйкес, І тоқсанның қорытындысымен шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 100%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 98,2% құрады.
Сондай-ақ, қаңтар айында Жалағаш ауданындағы Т. Жүргенов атындағы № 123 мектеп-лицейі мен «Жандинұр» балабақшасына, Қызылорда қаласындағы № 4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты және Қазалы аудандық мәслихаты аппаратына оқу-әдістемелік құралдар берілді.
Есепті мерзімде басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 2016 жыл бойынша орындалу барысы туралы ақпарат

Бағдарламаның атауы: Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты: Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің  2014 жылғы 7 наурыздағы №513 қаулысымен бекітілген 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын төрт бағыт бойынша жүзеге асыру көзделген:

1) Мемлекеттік тілді меңгеру;

2) Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және оның  пайдаланылу аясын кеңейту;

3) Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін арттыру;

4) Лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

2016 жылға мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатына  облыстық, қалалық, аудандық бюджеттен, барлығы 31,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 11,6 млн.теңге мемлекеттік тілді оқытуға, 3,5 млн. теңге ағылшын және орыс тілдерін оқытуға, 12,5 млн. теңге іс-шараларға, 3,6 млн. теңге телебағдарламаларға қаралған.

Есепті мерзімде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолданыс аясын кеңейту, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында 1 облыстық фестиваль, 1 облыстық конференция, 1 онлайн-конференция, 2 кеңейтілген семинар-кеңес, 2 диагностикалық және 1 сертификаттық тестілеу,  3 дөңгелек үстел, 3 акция,  3 тексеру, 7 семинар, 10 облыстық байқау, 27 семинар-тренинг ұйымдастырылса, Қызылорда қаласы мен аудандарда, барлығы 190-ға жуық түрлі форматта шаралар өткізілді.   

Облыстық байқаулардың жеңімпаздары бірқатар республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, орыс этносының жастары арасында өткен республикалық «Тіл-парасат» байқауында К. Денисов жүлделі 1-орынды, «Абай оқулары» байқауында   Р. Рызманов пен «Текті сөздің төресі – терме» атты жыршы-термешілер байқауында Ж. Төлебай жүлделі 2-орындарды, үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тілдарын» республикалық олимпиадасында Ф. Қаражан жүлделі 3-орынды иеленсе, көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы байқауда Д. Мұзарап «Үздік шеберлігі үшін» номинациясының иегері атанды. Сондай-ақ, «Мың бала» жобасының аясында өткізілген «Тіл мектебі» авторлық курсы» байқауында Ә. Бахытованың ұсынған әдістемесі үздіктер қатарынан танылып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғысхатымен марапатталды.

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудың облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолдану аясын кеңейту мақсатында акциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, флэш-моб және басқа да түрлі форматта шаралар ұйымдастырылып, қорытындысымен этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өткізілді.

Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай облыс бойынша барлығы 400-ден аса түрлі бағытта шаралар ұйымдастырылып, оған 6 мыңнан аса адам қатысты.

Тіл тақырыбы облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып келеді.

Жыл ішінде, жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны және үш тілде білім беруді насихаттауға бағытталған «Тіл – барлық білімнің кілті»  телебағдарламасы облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан тұрақты берілді. Осылармен қоса, «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы», «Тіл – жарқын болашақтың бағдаршамы» және «Ағылшын тілі – әлемдік мәдениетті, өнерді, ғылымды білудің кілті» тақырыптарында әлеуметтік бейнероликтер әзірленіп, облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды. 

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «2016 жылдың  2-жартыжылдығына тіл туралы заңнаманың орындалуына жүргізілетін ішінара тексерулердің тізімін бекіту туралы»№478 қаулысына сәйкес орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелеріне тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен 2 мекемеге тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етудегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында ұсыныстар берілсе, 1 мекемеге тіл туралы заңнамада белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсыным берілді.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барлық салада кеңейту, насихаттау мақсатында облыстағы қоғамдық ұйымдармен, атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық, аудандық филиалдарымен, Жастар ұйымдарымен бірлесіп бағытты жұмыстар жүргізілді. Нәтижесімен, 14 шара өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталды.

«Жас Отан» жастар қанаты» жастар ұйымының жанындағы «Таза тіл» ерікті жастар тобымен бірлесіп кәсіпкерлік нысандарына тіл заңнамалары түсіндіріліп, арнайы Заңнан үзінді парақшалар таратылды.

Көрнекі ақпараттарда орын алған заңбұзушылықтарды жою бағытында есепті мерзімде облыс бойынша барлығы 447 объектіге түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізіліп,  нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталған 365 объектінің кемшіліктері жойылды.

Жыл ішінде облыстың елді мекендерінде мемлекеттік тілді насихаттауға арналған 26 билборд орналастырылды.

2016 жылы облыстық ономастика комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, 158 құжат қаралды. Қорытындысымен 84 көшеге, 2 алаңға, 2 ауылға, 1 скверге, 10 объектіге оң қорытынды берілді.

Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысымен  32 білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 842 қаулысы шықты.

Есепті мерзімде бөлінген қаржыға сәйкес 226 адам мемлекеттік тілді оқыту курсынан өтіп, сертификаттық тестілеуге қатысқан 202 адамның 110-ы «Казтест» сертификатын иеленді.

Ағылшын және орыс тілдеріне бөлінген қаржыға сәйкес 96 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін, 12 қызметші орыс тілін оқыту курсынан өтті.

Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы арқылы аумақтық мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен және еріктілер қатарынан жасақталған топтарда 106 адам мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту курсынан өтті. 

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, жастарды сөз өнерін білуге баулу, оларды көш басшылыққа үйрету мақсатында  тіл орталығы жанындағы «Шешендік өнер және тіл мәдениеті» үйірмесіне 23 адам қатысып, білімдерін жетілдірді.

2016 жылы сәуір және қазан айларында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп, облыс бойынша 3821 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлерінің «Қазтест» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтулері ұйымдастырылды.

Тілдік ахуалды зерделеу бойынша жинақталған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда  шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,9%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 97,6% құрайды.

Облыс халқының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жылына 2 рет әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі. Соңғы жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 99,2% мемлекеттік тілді, 60,6% - орыс тілін, 13,1% - ағылшын тілін, 12,4% - үш тілді қатар меңгергендерді құрады.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың 85,8% жүргізіліп жатқан ономастикалық жұмыстарға қанағаттанатындықтарын білдірсе, респонденттердің 75,2% облыстағы көрнекі ақпараттар мен жарнамалардағы жазулардың тіл заңдылықтарына сәйкес жазылғандығын атап көрсеткен.

Облыстық телеарна арқылы берілетін бағдарламалардың бір аптағы қазақ тілінің үлесі 75 пайызды, қалалық - 70 пайызды құрайды.

2016 жылғы 23 қарашадан бастап үш тілді насихаттауға бағытталған «Тіл мерейі» республикалық газеті жарық көруде.

Қазіргі таңда аймақтың медиа кеңістігінде 83 бұқаралық ақпарат құралы  жұмыс жасайды. Олардың 34,2% қазақ тілінде, 4,8% орыс тілінде, 61% аралас тілде шығады.

Облыста барлығы 293 мектеп бар. Оның 262-сі қазақ (89,4%), 27-сы аралас (9,2%), 4-еуі (1,3%) орыс мектебі. Балалардың 92,5% қазақ мектебіне барады, олардың ішінде 320-сы этнос өкілдері.

Облыстағы 463 балабақшаның 449-ы қазақ (96,9%), 13-і аралас (2,8%), 1-еуі орыс (0,2%) балабақшасы. Бүлдіршіндердің 85% қазақ балабақшасында тәрбиеленеді, оның ішінде 430-ы этнос өкілдері.

Есепті мерзімде облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында тіл мәселесіне қатысты барлығы 349 мақала жарияланды. 

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру  және үш тілде білім беруді  насихаттау бағытында  облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан  «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы»  бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 149 сюжет көрсетілді.  

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 9 ай бойынша орындалу барысы туралы ақпарат

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған.

Есепті мерзімде 96 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкері мемлекеттік тілді оқыту курсынан, 72 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсынан өтті.

2016 жылғы 25-30 сәуір аралығында облысымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді. Тестілеуге Қызылорда облысы әкімінің аппараты, Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты, облыстық, аумақтық басқармалар, департаменттер, инспекциялар, Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, қалалық әкімдікке қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтердегі мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қатыстырылды. Осындай диагностикалық тестілеу жұмыстары 25-30 сәуір аралағында облысымыздың Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында да ұйымдастырылды.

Жалпы, тестілеу жұмыстарына Қызылорда облысының 2075 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қамтылды.

Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,6% (117 адам), А2 (базалық) деңгейді – 42% (870 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,6% (717 адам), В2 (ортадан жоғары) – 17,4% (362 адам), С1 (жоғары) – 0,4% (9 адам) құрады.

«С1 деңгейі» көрсеткішін арттыру мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы әзірленді (3051,0 мың тг.). Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда және облыстық басқармалар арасында екі күндік (16 сағаттық) 27 семинар-тренинг өткізіліп, онда 675 қызметкер қамтылатын болады.

Бүгінде Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал  аудандық әкімдіктері бойынша 14 семинар, Қызылорда қалалық әкімдігі бойынша    3 семинар-тренинг өткізіліп, оған 425 мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерінің қатысуы қамтамасыз етілді. 

Тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы тоқсандық есептер жинақталып, сарапталуда. Қазіргі таңда  шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жергілікті атқарушы органдар бойынша 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 96,5% құрады. Сонымен қатар, 2016 жылдың шілде айында облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тіл саясаты бағытында жүргізілген сауалнама қорытындысымен мемлекеттік тілді меңгергендер үлесі 99,4%, ағылшын тілін меңгергендер – 13,3%, үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) қатар меңгергендер – 12,5% құрады.

Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында бірқатар шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Халықаралық ана тілі күніне орай «Тілдерді үйренудің маңызды мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы,   Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында  «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтап, қолдау мақсатында «Тіл шебері -2016» облыстық байқауы,  тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауы, қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой – сана», этнос жастары арасында «Абай оқулары»,  баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарының арасында «Мемлекеттік тіл және БАҚ», мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілеріне мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтердің арасында «Тіл мерейі» облыстық байқаулары өткізілді.

Мамыр айында Петропавл қаласында өткен «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық форумға мемлекеттік тілді еркін меңгерген түрлі салада еңбек етіп жүрген үш этнос өкілінің және де Өскемен қаласында өткен «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» республикалық жиынға Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың филолог-ғалымдарының қатысуы ұйымдастырылды.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың  «Интеллект» тобы  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарының арасында өткен  «Тілдердің үштұғырлығы – заман талабы» атты өңіраралық байқауға қатысып жүлделі 1-орынды жеңіп алса, тіл мерекесі қарсаңында Астана қаласында өткен этнос жастары арасындағы «Абай оқулары» республикалық байқауында облыстық байқаудың жеңімпазы, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің 3-курс студенті Р. Рызманов жүлделі 2-орынды иеленді.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында Қызылорда қаласындағы  балабақшалардың тиісті мамандарының қатысуымен «Алтын ұя» балабақшасында «Тіл болашағы – балабақшадан» тақырыбында акция өткізілді. Акция барысында  қаладағы №8 «Бүлдіршін», №31 «Алтын кілт», № 32 «Қызғалдақ», «Сыр самалы», «Баларман», «Алтын ұя»  балабақша ұжымдарына әдістемелік оқулықтар, ертегілер жинақтары, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аңыз кітапшалар, қазақ ертегілердің  аудиожинақтары, 12 оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электрондық оқулықтардың жинақтары,  барлығы 414 әдістемелік құрал тарту етілді. 

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, «оқиғалар қатары» қалыптастырылды.

Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылғы 6 қыркүйекте мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, балалардың  мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру мақсатында Қызылорда қаласындағы отбасы үлгідегі «Атамекен» балалар ауылында «Тілді сүю - талбесіктен» акциясы өткізілді.

Акция барысында  балалар ауылындағы 8 үйге «Даналық әліппесі» - электрондық оқулығының жинақтары, оқу-әдістемелік құралдары, сонымен бірге, бүлдіршіндердің танымын, ой-өрісін кеңейтуге арналған түрлі  қазақ ертегілерінің  кітап және аудио жинақтары мен үш тілдегі аңыз кітаптары, барлығы 92 әдістемелік оқу құралы тарту етілді.

16 қыркүйек күні үш тілде білім беруді насихаттау, өскелең ұрпақты көп тілді меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу, үш тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында облысымыздағы білім беру ұйым басшыларының, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің пән мұғалімдерінің, тіл жанашырларының, филолог-ғалымдар мен тілдерді оқыту орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Үш тілді білу – заман талабы» атты облыстық дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

22 қыркүйек күні облыста мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру және ұлттар достастығының үлгісін  паш ету мақсатында Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай  «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өткізілді.

Шараға аймақтағы зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, барлық мекеме және оқу орындарының басшылары, мұнай компаниялары мен этномәдени бірлестік өкілдері, студент жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және облыстық, аумақтық мекемелердің мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлері қатысты.

Шара барысында облыстағы бірқатар тіл жанашырлары Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің, облыстың Құрмет грамоталарымен және  Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, тіл мерекесіне орай этномәдени бірлестіктер арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» облыстық байқауының жеңімпаздарына облыс әкімдігінің дипломы мен бағалы сыйлықтары тапсырылды.

Сәуір айында үш тілде білім беруді насихаттау мақсатында  «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеарнасының тікелей эфирінен берілген «Өмірдің өзі» ток-шоуына облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық білім басқармасына қарасты «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары, студент жастар,  Назарбаев Зияткерлік және «Мұрагер» мектептерінің мұғалімдері қатысты.     

Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын игеруге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламасы ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар,  «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы», «Тіл – жарқын болашақтың бағдаршамы» тақырыптарында әлеуметтік бейнероликтер әзірленіп, облыстық телеарнадан көпшілік назарына ұсынылды. 

Мемлекеттік тілді және үш тілде білім беруді насихаттау бағытында өткізіліп жатқан іс-шаралар және де қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білудің арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және танымал kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында 50-ден аса  мақала, тіл мәселесіне қатысты 207 мақала жарияланды.  

Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру  және үш тілде білім беруді  насихаттау бағытында  аймақтағы ауқымды шараларға орай арнайы шығарылымдар көрсетіліп, облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан  «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы»  бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 81 сюжет көрсетілді.  

Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 1 қоғамдық ұйымға, 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақша мен  отбасы үлгідегі 8 үйге, барлығы  1121 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілді.


Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының

 2016 жылдың I жартыжылдығы бойынша орындалу барысы туралы ақпарат

 

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 7,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған.

Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы тоқсандық есептер жинақталып, сарапталды.

Нәтижесімен 2016 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысымен жергілікті атқарушы органдар бойынша шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 99,8%, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша 96,5% құрады.

Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік, ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылуда. Бүгінде 37 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқыту курсының бастауыш деңгейін тәмәмдап, сертификат алды.

 Үстіміздегі жылдың 19 ақпанында Халықаралық ана тілі күніне орай  еліміздегі тіл саясатының мазмұнын түсіндіру, насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға баулу мақсатында «Қоғамдық келісім» орталығымен бірлесе отырып «Тілдерді үйренудің маңызды мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы  өткізілді.

Шараға басқарманың, «Қоғамдық келісім» орталығының, тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері, ҚХА мүшелері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент жастары қатысты.

Шара барысында мемлекеттік тілді, тілдердің үштұғырлығын, этностардың тілдерін дамытудың маңызды мәселелері көтерілді. Жиын соңында Достық үйінің кітапханасына және этномәдени бірлестіктерге мемлекеттік және ана тілдерін үйренуге арналған кітаптар, халық ауыз ертегілері, журналдар, оқу-әдістемелік құралдары тарту етілді.

11 наурызда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тілдердің үштұғырлығын насихаттау, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында  «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер мен инспекциялар,  құқық  қорғау және сот органдарының және қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тілге жауапты мамандары, тіл жанашырлары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тілші-ғалымдары, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңесте облыста мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысы, Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты, көптілді меңгерудің маңыздылығы және қазақ тілін білу деңгейін «Қазтест» жүйесі арқылы бағалау мәселелері жайлы  хабарламалар жасалды.

Шара барысында семинар-кеңеске қатысушылар мемлекеттік тіл саясаты төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауаптар алысты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламадағы «Қазтест» бойынша нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу бағытында нақты жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне аса назар аударылды.

30 наурызда тілдердің үштұғырлығын насихаттау, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтап, қолдау мақсатында «Тіл шебері -2016» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 21-29 жас аралығындағы Қызылорда қалалық, Қазалы, Сырдария, Жаңақорған аудандық әкімдіктерінде және облыстық басқармалар мен департаменттерде қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Сәуір айында тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында  «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеарнасының тікелей эфирінен «Өмірдің өзі» ток-шоуына облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық білім басқармасына қарасты «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары, студент жастар,  Назарбаев Зияткерлік және «Мұрагер» мектептерінің мұғалімдері қатысты.

 8 сәуірде  мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған  аудандары мен Қызылорда қаласы, жоғары және арнаулы орта оқу орындары, халыққа қызмет көрсету орталығы   бойынша 16-22 жас аралығындағы 17 талапкер қатысты.

15 сәуірде қазақ тілінде оқитын жастардың арасында орыс тілін таныту, орыс тілін меңгерген дарынды жастарды анықтау және қолдау, риторикалық дағдыларды, сөйлеу мәдениеті деңгейін көтеру мақсатында «Ой – сана» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Қазалы, Жаңақорған аудандары, Байқоңыр қаласының  мектептері мен Қызылорда қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан  18-22 жас аралығындағы 19 талапкер қатысты

2016 жылғы 25-30 сәуір аралығында облысымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің арасында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу  өткізілді. Тестілеуге Қызылорда облысы әкімінің аппараты, Қызылорда облыстық мәслихатының аппараты, облыстық, аумақтық басқармалар, департаменттер, инспекциялар, Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, қалалық әкімдікке қарасты дербес бөлімдер, ауылдық округтердегі мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қатыстырылды. Осындай диагностикалық тестілеу жұмыстары 25-30 сәуір аралағында облысымыздың Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында да өткізілді.

Жалпы, тестілеу жұмыстарына Қызылорда облысының 2075 мемлекеттік және мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қамтылды.

Жүргізілген диагностикалық тестілеудің қорытындысы бойынша А1 (қарапайым) деңгейді меңгергендер – 5,6% (117 адам), А2 (базалық) деңгейді – 42% (870 адам), В1 (орта) деңгейді - 34,6% (717 адам), В2 (ортадан жоғары) – 17,4% (362 адам), С1 (жоғары) – 0,4% (9 адам) құрады.

«С1 деңгейі» көрсеткішін арттыру мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» әлеуметтік жобасы әзірленді (3051,0 мың тг.). Жоба аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарда, облыстық басқармалар арасында екі күндік 27 семинар-тренинг өткізіліп, онда 675 қызметкер қамтылатын болады.   

13 мамырда қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында «Абай оқулары» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары  мен  Қызылорда қаласының арнаулы орта оқу орындарынан  16-22 жас аралығындағы 10 талапкер қатысты.               

Мамыр айында Петропавл қаласында өткен «Тіл – татулық тірегі» республикалық форумына облыстан мемлекеттік тілді жетік меңгерген үш этнос өкілінің және де Өскемен қаласында өткен «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» республикалық шарасына тілші-ғалымдардың қатысуы ұйымдастырылды.

2 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік тілді дамыту,  қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Алтын ұя» балабақшасында «Тіл болашағы - балабақшадан» тақырыбында акция өткізілді.

Акция барысында Қызылорда қаласының білім беру бөліміне қарасты  6 балабақша ұжымына балалардың ой-өрісін, танымын кеңейтіп, тілін ұстартуға қажетті оқу-әдістемелік құралдар, ертегілер мен олардың аудио жинақтары,12 оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электрондық оқулықтардың жинақтары тарту етілді.

3 маусымда мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілерінің арасында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы республикалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.

Іріктеу кезеңіне Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған  аудандары мен Қызылорда қаласынан 18-35 жас аралығындағы 14 мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкері қатысты. Мемлекеттік қызметпен қатар шығармашылық өнерді қоса дамытып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілер іріктеу кезеңіне жоғары дайындықпен келді.

24 маусымда  мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, мемлекеттік тілдің қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында өткізілген «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауына 16 қатысушыдан келіп түскен 28 материалға сараптама жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы шығарылды. Нәтижесімен «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» бойынша анықталған жеңімпаздар мен 7 ынталандыру сыйлықтарына үміткерлер марапатталды.

16 маусымда мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілеріне мемлекеттік тілді оқытып жүрген педагогтердің ішінен талантты, шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтау, қолдау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту, ынталандыру және озық тәжірбиелерін тарату мақсатында «Тіл мерейі» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 25-40 жас аралығындағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар, мамандар қатысты.           

Байқау жеңімпазы Қостанай облысында «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлеріне мемлекеттік тілді үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, онлайн әдісімен озық тәжірбиелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру мақсатында өткізілген семинар-тренингке қатысты.

Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 9 балабақшаға 991 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілсе, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 12 электронды оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электронды оқулықтардың 25 жинағы берілді.

Облысымызда тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында  спикерлер тізімі жасақталып, олардың үш тілді дамытудың өзекті мәселелері бойынша сұхбаттары республикалық телеарналардан берілуі жоспарлануда.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілді және тілдердің үштұғырлығын насихаттау бағытында өткізіліп жатқан іс-шаралар және де қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білудің арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда және танымал kyzylorda-news.kz, alashinform.kz, tagilim.kz, www.tilortalyk.kz сайттарында 30-дан аса мақала жарияланды.

 Мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыру  және тілдердің үштұғырлығын насихаттау бағытында  аймақтағы ауқымды шараларға орай арнайы шығарылымдар көрсетіліп, облыстық «Қазақстан-Қызылорда», тәуелсіз «Қоғам ТВ» телеарналарынан  «Жаңа күн», «Ақиқат алаңы», «Өмірдің өзі», «Рауан», «Мезгіл мәселесі», «Аптаның алты ауызы»  бағдарламаларында және «Жаңалықтар» топтамасында барлығы 73 сюжет көрсетілді.  

Жыл басынан бері басқарманың тапсырысымен облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан жастардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және тіл шұрайын меңгертуге бастайтын «Маржан сөз» интеллектуалдық телеойыны мен тілдердің үштұғырлығын, көптілділікті насихаттау арқылы жастардың тілдерді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, үш тілді білудің негізінде жетістікке жеткен жастарды насихаттау және олардың белсенділігін арттыру мақсатындағы «Тіл - барлық білімнің кілті» телебағдарламалары ұйымдастырылып келеді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан мемлекеттік тапсырыс арқылы «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы» тақырыбында әлеуметтік бейнеролик әзірленіп, облыстық телеарна арқылы көпшілік назарына ұсынылды.   


 Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  2016 жылдың I тоқсаны бойынша орындалу барысы туралы ақпарат

 

Мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың бағыт-бағдары Елбасының Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің  2014 жылғы 7 наурыздағы №513 қаулысымен бекітілген 2014-2016 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын төрт бағыт бойынша жүзеге асыру көзделген:

1. «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы»;

2. «Мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу»;

3. «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті»;

4. «Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту».

Облыс аумағында бұл бағытта бірқатар  жүйелі жұмыстар атқарылуда.

2016 жылы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 17,7 млн. теңге қаржы бөлінсе, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға 8,7 млн. теңге, ағылшын тілін оқытуға  2,7 млн. теңге қаржы қаралған.

Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, тілдердің үштұғырлығын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, тілдік ахуалды зерделеу бойынша барлық облыстық, аумақтық департаменттер мен басқармалар және Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бойынша  құжат айналымы туралы І тоқсанның есебі жинақталып, сарапталуда.

2016 жылғы 19 қаңтардағы Тілдердің үштұғырлығын насихаттау жұмыстарын жүргізудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, бірқатар ұйымдастыру шаралары жүргізілді.

«Үш тілді білу - заман талабы» тақырыбында әлеуметтік желіде парақша ашылып, (facebook) тіркелді.  Аталған тақырыпқа сай өткізілген шаралар әлеуметтік желіге салынуда.

2016 жылғы 19 ақпанда Халықаралық ана тілі күніне орай  еліміздегі тіл саясатының мазмұнын түсіндіру, насихаттау, жас ұрпақты патриотизмге және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға баулу мақсатында «Қоғамдық келісім» орталығымен бірлесе отырып «Тілдерді үйренудің маңызды мәселелері» атты дөңгелек үстел отырысы  өткізілді.

Шараға басқарманың, «Қоғамдық келісім» орталығының, тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері, ҚХА мүшелері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студент жастары қатысты.

Шара барысында мемлекеттік тілді, тілдердің үштұғырлығын, этностардың тілдерін дамытудың маңызды мәселелері көтеріліп, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті. Жиын соңында Достық үйінің кітапханасына және этномәдени бірлестіктерге мемлекеттік және ана тілдерін үйренуге арналған кітаптар, халық ауыз ертегілері, журналдар, оқу-әдістемелік құралдары тарту етілді.

2016 жылдың 11 наурызында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тілдердің үштұғырлығын насихаттау мақсатында  «Мемлекеттік тіл саясаты: басым бағыттар мен міндеттер» атты облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер мен инспекциялар,  құқық  қорғау және сот органдарының және қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тілге жауапты мамандары, тіл жанашырлары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тілші-ғалымдары, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының қызметкерлері қатысты.

Семинар-кеңесте облыста мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылу барысы, Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты, көптілді меңгерудің маңыздылығы және қазақ тілін білу деңгейін «Қазтест» жүйесі арқылы бағалау мәселелері жайлы  хабарламалар жасалды.

Шара барысында семинар-кеңеске қатысушылар мемлекеттік тіл саясаты төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауаптар алысты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламадағы «Қазтест» мәселесі бойынша нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу бағытында нақты жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне аса назар аударылды.

Мекемелерде мемлекеттік тіл саясатының жүргізілуін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында 3 мекемеге, 4 үкіметтік емес ұйымға, 3 балабақшаға 577 дана кітап, журнал, электронды оқулықтар мен әдістемелік құралдар берілсе, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Аталар сөзі», «Бабалар батасы», «Қобыз үні», «Домбыра күйі», «Бесік жыры», «Халық әні», «Халық аңызы», «Халық ертегісі», «Халық тағылымы», «Халық жыры», «Нақыл сөз», «Билер сөзі» деген 12 электронды оқулықтан тұратын интерактивті қаламы бар «Даналық әліппесі» атты электронды оқулықтардың 25 жинағы берілді.

Есепті мерзімде  облысымызда қазақ, ағылшын тілдерін жетік меңгеріп, оқушыларға тәлімді тәрбие беріп келе жатқан А.Тайжанова, Н. Есбосын секілді мұғалімдер жайлы «Тіл оқытудағы оқу орнының оңды істері», «Үнемі ізденіс үстінде» атты мақалалалар интернет ресурстарда жарық көрсе, тілдерді білудің  арқасында жетістіктерге жеткен ауыл өкілдері туралы өңірлік бұқарат ақпарат құралдарында 24 мақала, мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған 62 мақала жарияланды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде  жалғасатын болады.

 

 

Құрылған күні: 30-03-2015 19:43
Жаңартылған күні: 27-04-2018 11:47

Error message

  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 52 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Use of undefined constant php - assumed 'php' in eval() (line 63 of /var/www/modules/php/php.module(80) : eval()'d code).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$no_results in search_autocomplete_page_build() (line 74 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 75 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Undefined property: stdClass::$all_results in search_autocomplete_page_build() (line 78 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Notice: Trying to get property of non-object in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).
  • Warning: Creating default object from empty value in search_autocomplete_page_build() (line 79 of /var/www/sites/all/modules/search_autocomplete/search_autocomplete.module).

©  ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.

Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

Яндекс.Метрика